Прокуратура ескертеді!  

Шымкент қаласының прокуратурасы экстремистік ұйым идеяларына қарсы үндеу жасады.  

  • 30.04.2021

Шымкент қаласының прокуратурасы экстремистік ұйым идеяларына қарсы үндеу жасады.  

«Әлеуметтік желілерде экстремистік ұйымның идеяларын қолдайтын жеке тұлғалар Шымкент қаласында заңсыз митингке қатысуға шақыруда.

Осыған байланысты, Шымкент қаласының прокуратурасы митингілерді ұйымдастыру және өткізу тәртібі 2020 жылғы 25 мамырда қабылданған «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» жаңа Заңмен (бұдан әрі - Заң) реттелетінін еске салады» дейді үндеуде.

Прокуратураның хабарлауынша,  жиналыстар, митингілер мен пикеттерді ұйымдастыру және өткізу үшін хабарлама жасау тәртібін сақтау керек.

«Демонстрациялар мен шерулер келісу тәртібімен өткізіледі.

Бұл үшін ұйымдастырушылар өткізілетін күнге дейін 10 жұмыс күні бұрын өтініш беруге міндетті, ол бойынша жергілікті атқарушы орган 7 жұмыс күні ішінде жауап беруге міндетті (Заңның 12, 13-баптары).

Ұйымдастырушы өтініште қатысушылардың жүру бағытын, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтауды, медициналық көмекті ұйымдастыруды, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жәрдемдесу шараларын көрсетеді (Заңның 12-бабы).

Өтінішті қарау қорытындылары бойынша жергілікті атқарушы орган ұйымдастырушыға демонстрация немесе шеру өткізуге келісілгені не оны өткізуден бастартқаны туралы хабарлайды (Заңның 13-бабы).

Заң бойынша бейбіт жиналыстар қатаң түрде мамандандырылған жерлерде және қалалық және аудандық мәслихаттар белгілеген маршрут бойынша ұйымдастырылуы және өткізілуі керек.

Алайда ұйымдастырушылар жергілікті атқарушы органдарға бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу туралы тиісті хабарламалар немесе өтініштер берген жоқ не олар бойынша келісуден бас тартты.

Сонымен қатар, қызметі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тоқтатыла тұрған немесе тыйым салынған ұйым бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы бола алмайды (Заңның 5-бабы 6-бөлігінің 4-тармағы).

Тиісінше, заңды бұза отырып жүргізілген бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және оған қатысу (3-баптың 3-тармағы) құқыққа қайшы болып табылады және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 488-бабы бойынша 25 тәулікке дейін қамауға алуға дейін әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.

Егер бұл әрекеттер азаматтардың, ұйымдардың, қоғамның немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтіру мен қатар жүретін болса, Қылмыстық кодекстің 400-бабы бойынша қылмыстық жауаптылық туындайды, ол айыппұл не 200 АЕК-кедейінгі мөлшерде түзеу жұмыстары немесе 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамау түріндегі жазаны көздейді» дейді үндеуде.

Сондай-ақ,  коронавирус пандемиясына  байланысты Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 19 сәуірдегі  қаулысы бойынша да адамдар көп жиналатын іс-шараларды өткізуге әлі де тыйым салынғанын еске алыпты.

 

 

Байланысты жаналықтар

Қызылша балаларға қауіп төндіріп тұр

01.12.2023

Хостелде шыққан өрт. Алматы әкімі Досаев пікір білдірді

30.11.2023

Түркістан облысында тағы бір ауыл әкімі сайланды

30.11.2023

Алматыда хостелден өрт шығып, 13 адамның денесі табылды

30.11.2023

«Бауырым» дейтіндер көп, бауырын беретіндер жоқ

29.11.2023

Түркістан облысында 140-тан астам әкімді халық таңдады 

29.11.2023
MalimBlocks
Қызылша балаларға қауіп төндіріп тұр

30 бала жансақтау бөлімінде жатыр

Хостелде шыққан өрт. Алматы әкімі Досаев пікір білдірді

Өрт орнынан 59 адам эвакуацияланды

Түркістан облысында тағы бір ауыл әкімі сайланды

Алматыда хостелден өрт шығып, 13 адамның денесі табылды

Аты-жөндері анықталып жатыр

«Бауырым» дейтіндер көп, бауырын беретіндер жоқ

7 жыл бойы донор іздегендер бар

Түркістан облысында 140-тан астам әкімді халық таңдады 

Соңғы жылдары елімізде ауқымды саяси реформалар жасалды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен сайлау жүйесіне түбегейлі өзгерістер енгізілді. Халықтың мемлекеттік басқару ісіне араласуына жағдай жасалып, диалог күшейтілді.