Қайтыс болған 15 мың адам баспана кезегінде тұр

Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.

Malim Админ

  • 08.08.2023

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Қабдол келтірген мәліметке сүйенсек: тұрғын үй кезегінде 646 819 адам тұр. Соңғы кезде халық тарапынан үй кезегіне баспанасы бар азаматтар тұрып жатқаны туралы көптеген шағым түскен. Соған байланысты осы салаға қатысы бар министрліктермен бірлесіп, аталған тізімнің заң талаптарының сәйкестігіне талдау жүргізілген. Нәтижесінде кезекте тұрған 96,1 мың азаматтың 5 жыл аралығында жеке баспанасы болғаны, 533 адамның Қазақстанның азаматтығы жоқ екені, 91,4 мыңдай адамның тұрғылықты жері кезекке тіркелген өңірмен сәйкес келмейтіні, сондай-ақ 29 мың адам еш жерде тіркелмегені және 15,6 мың адамның қайтыс болғаны анықталып отыр»,- деді маман.

Демек үй кезегінде тұрғандардың үштен бірі яғни  232 мыңға жуық азаматтың жеке деректері заң талаптарына сай емес. Енді олар тұрғын үй тізімнен шығарылады.

Байланысты жаналықтар

"Мазақ еткендері жетеді": Аналар Тоқаевқа үндеу жасады

05.05.2021
MalimBlocks
"Мазақ еткендері жетеді": Аналар Тоқаевқа үндеу жасады