Қазақстанда дәрі-дәрмек экспортына тыйым салынуы мүмкін

Бұйрық жобасы 6 сәуірге дейін ашық құқықтық актілер порталында талқылау үшін орналастырылған.

Айшолпан КЕРІМ

  • 28.03.2022

Денсаулық сақтау министрлігі елден дәрі-дәрмек шығаруға уақытша тыйым салуды ұсынып отыр.

«Дәрілік қауіпсіздікті, дәрілік препараттарға кең және кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ геосаяси жағдайдың тұрақсыздығынан елдің ішкі нарығында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар тапшылығының ықтимал тәуекелдерін болдырмау үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұйрық жобасын әзірледі, онда Қазақстан Республикасынан 6 ай мерзімге дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкетуге тыйым салуды енгізу көзделеді», - делінген министрлік хабарламасында.

Министрлік алты айға Қазақстан аумағынан кез келген нысандағы дәрілік заттарды, оның ішінде фармацевтикалық субстанцияларды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, сондай-ақ оларды өндіруге арналған материалдар мен компоненттерді әкетуге тыйым салуды жоспарлап отыр.

«Тек жеке тапсырысы бойынша жеке пайдалануға арналған медициналық бұйымдар, халықаралық гуманитарлық көмек көрсету үшін жіберілген тауарлар, бөлшек сауда аясында жеке тұтыну үшін әкелінетін және сатып алынған тауарлар, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті медициналық сақтандыру шеңберінде алынған дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар, зерттеу және сынау үшін алынған үлгілер, пайдалану орны бойынша денсаулық сақтау ұйымдарында тікелей өндірілген радиофармацевтикалық препараттарға тыйым салынбайды», – делінген хабарламада.

Байланысты жаналықтар

Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

19.03.2025

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

24.02.2025

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025
MalimBlocks
Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

Тоқаев президенттікке келген жылдары түркі мемлекеттерінің бірқатарымен ынтымақтастықтың жаңа деңгейі қалыптасты

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабековтің 2019 жылы "Қазақ әдебиетіне" берге сұхбатын қайыра жариялауды құп көрдік. Жазушы мұндай әдебиет пен қоғам туралы ойларын ортаға салған.

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін