Қазақстанда ЛГБТ сайты бұғатталды

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ЛГБТ қазақстандық сайтын бұғаттағаны белгілі болды.
«Selftanu.kz - ЛГБТК+ жасөспірімдер мен өзін-өзі түсінгісі келетіндерге арналған жоба», - мұндай сипаттаманы ЛГБТ сайтының басты бетінен бұғатталғанға дейін оқуға болатын.
Бұл сайт пен оның мазмұны қазақстандықтардың арасында түрлі көзқарас тудырды. Көптеген адамдар өздерінің наразылықтарын білдірді. ЛГБТ+ жасөспірімдерге арналған алғашқы сайт ашылған күні қазақстандықтар дәстүрлі емес жыныстық бағдарды насихаттауға қарсы петиция бастады.
Мәдениет және ақпарат министрлігі бұғаттаудың себебі туралы түсініктеме берді.
"Интернет-ресурстағы мониторинг барысында "selftanu.kz"-тің балалардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпаратты орналастыруға байланысты заңнаманы бұзғаны анықталды.
Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілетті орган олардың психологиялық және жас ерекшеліктерін, ақпараттық ортаның, тарихи және өзге де дәстүрлердің, қазақстандық қоғам мен мемлекеттің мәдени құндылықтарының теріс ықпалынан осалдығын ескере отырып, сондай-ақ балаларды тиісті тәрбиелеу және толыққанды дамыту мақсатында ЛГБТ қозғалысының идеяларын қазақстандық халық арасында тарататын интернет-ресурстарға қолжетімділікті шектеуді қажет деп санады”.
"Балаларды денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау туралы" заңда балаларға тыйым салынған ақпаратқа арнайы жыныстық-эротикалық сипаттағы, сондай-ақ оларға таратуға Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында тыйым салынған.
Сондай-ақ, "Бала құқықтары туралы" заңда порнографияны тарататын, балаларға зиянды әсер ететін және құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану да заңмен қудаланады және оларды таратуға тыйым салынады делінген.
Осы себептер бойынша министрлік "selftanu.kz" интернет-ресурсына қол жеткізуді шектеу жөнінде шаралар қабылдады
Бұл ретте министрлік өкілі аталған сайт заңнаманы бұзу деректерін жойған жағдайда қалпына келтірілетінін атап өтті.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасы орынбасарлығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға түсіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жүріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қызметкерінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жасап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Солайша, ұйымды Әділет министрлігіне тіркеттік.