QazVac. Тоғжанов не дейді, Ғиният не дейді?

"Тоқаевтың тапсырмасымен жасалып жатқаны" баса айтылатын қазақстандық вакцина Тоғжанов айтқандай 43 елге тарай ма?

  • 28.07.2022
Коллаж: Malim.kz / Суреттер ашық дереккөздерден алынды

Коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина әлі мойындалған жоқ. Және жақын арада ДДҰ (дүниежүзілік денсаулықсақтау ұйымы) бұл процесті аяқтай қоймайтын сияқты. Вице-премьер Тоғжанов 2022 жылдың соңына ДДҰ біздің өнімді мойындайды деген. Бірақ, мемлекеттік бас санитар дәрігер, денсаулықсақтау министрінің орынбасары Айжан Есмағамбетованың сөзінен кейін, Тоғжанов бұл межеге уақытында жете қоймайтындай әсер қалдырды.

Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі ретінде ел алдына жиі шығатын Есмағамбетованың ОКҚ-да (орталық коммуникациялар қызметі) өткен баспасөз мәслихатында айтқан сөзіне қарағанда, бұл процесс әлі ұзақ жүреді, себебі, ДДҰ-ның талаптары көп.

«Бұл өте қиын әрі ұзақ процесс. Өйткені, ДДҰ-ның талаптары өте қатаң. ДДҰ сарапшылары көктемде келіп кетті, бірінші этап бойынша өз ұсыныстарын айтты. Одан кейін тағы келіп, көріп, қосымша талаптарын айтты. Күзде біздің өнімнің мойындалуға қаншалықты дайын екенін білу үшін ДДҰ сарапшылары тағы келмек. Бұл жұмыс тоқтаусыз жүріп жатыр», - деді вице-министр – бас санитар дәрігер.

Осыдан бір жыл бұрын президент Тоқаевтың өзі QazVac туралы мақтана сөйлеп, бұл вакцинаны өндіруді – Қазақстанның ғылыми әлеуетінің мықты екенін көрсетеді деген. Және QazVac-ты шетелге шығаруға дайын екенін де айтқан.

«Өткен аптада ғана мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директорымен кездесу өткіздім. Бұл ұйым төтенше жағдайларда пайдалану үшін ұсынылатын медикаменттердің тізіміне QazVac вакцинасын қосу мәселесін қарастырады. Біз вакцина өндірісін арттыруға және оның шетелге экспортын жолға қоюға дайын екендігімізді айтқым келеді», - деген президент.

Одан бұрын да премьері бастап, министрі қостап, QazVac-ты дайындаудың үлкен жетістік екенін, оны әлем мойындаудың алдында ғана тұрғанын айтып келген. Бірақ, бұл жолы Есмағамбетова тағы бір кептің шетін шығарыпты. Ол – ДДҰ-ның бір талабы. Былтыр Тоқаев қанша керек десеңдер, сонша өндіріп береміз деген кепте сөйлесе, биыл бір жыл, бір ай өткеннен кейін жауапты министрлік зауытымыз дайын болмады дегенді айтып отыр.

«Естеріңізде болса, біздің ғалымдар вакцина ойлап тапқан кезеңде бізде кең масштабта вакцина өндіретін және ДДҰ талаптарына сай келетін өндіріс алаңы болған жоқ. Сәйкесінше, бұл процесс жыл бойы жүргізілді: зауыт салынды, құрал-жабдық алынды, олар тексеруден өтті, құжаттар қаралды», - деді.

Қыркүйекте 500 мың QazVac шығарамыз деп отырған Қазақстан бұл вакцинаны не істері белгісіз. Себебі, бұл вакцина ДДҰ тарапынан мойындалмаса, Pfizer-ді таныстары арқылы алам деп ала шапқын болған ел бұл вакцинаны Қазақстанның өз ішіндегі «тапсырдым» деген есеп үшін ғана пайдаланам демесе, отандық өнімнің басқа игілігін көруге асыға қоймайтын сияқты.

Бірінші партиясы 50 мыңмен былтырғы сәуірде шыққан QazVac-тың Жамбыл облысындағы зауыты салынып бітіп, монтаждау жұмыстары жүріп жатқанын вице-премьер Ералы Тоғжанов айтып, бұл істің «мемлекет басшысының тапсырмасымен» басталғанына баса мән беріп, ары қарай 2021-дің мамырында тағы бір 50 мың дозалық партия шығарылып, содан кейін қарыштай дамып, күзде 500-600 мыңдық межемен жалғасады деген. Бірақ, содан кейін бұл вакцинаны 2021 жылдың қыркүйегінде 172 708 адам алғаны хабарланғаны болмаса, Тоғжанов айтқандай 500-600 мыңдық партияны көре алмадық. Тек, сол жылдың шілдесінде Жамбылдағы зауыт 600 мың доза шығарғанын, оның 100 мыңы жер-жерге таратылып, қалғанының қауіпсіздігі тексеріліп жатқаны айтылған. 

Биыл да Есмағамбетова зауыт келесі партияның осы күзде 500 мың доза шығаратындарын айтып жатыр. Ал, осы көктемде Тоғжанов зауыттың ай сайын (!) 500 мың доза вакцина шығарып жатқанын, 43 мемлекеттің қызығып отырғанын айтып мақтанған.

Ай сайын 500 мың доза шығарып жатсақ, онда келесі 500 мыңдық партия неге күзге қалып отыр? ДДҰ әр келген сайын ескертпелер айтып кетіп жатқаны нені білдіреді? 43 мемлекеттің де қандай ел екені де нақтыланған жоқ және олардың қандай жағдайда бұл вакцинаны қабылдайтыны да ашық айтылмады. Мақтаулы QazVac-тың жағдайы расында Тоғжанов айтқандай ма? Әлде, Есмағамбетова айтқандай ДДҰ-ның ескертпелері негізінде мойындалуы созыла бере ме? Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният та Qazvac-тың пайдасы (әсері) туралы айтқаны болмаса, ДДҰ-ның қашан мойындайтынын, шаруаның дәл қай деңгейде тұрғаны туралы мәселені айналып өтіп кетеді.

Айта кету керек, 2021 күзінде 10 млн адамды вакцинациядан өткіземіз деп, семіз сөйлеген үкімет әлі күнге бұл көрсеткішке жете алмай келеді. Қазіргі көрсеткіш - 9 326 873 адам толық вакцинациядан өтті дейді.

Байланысты жаналықтар

Тоқаев жаңа министрге бірқатар тапсырма берді

02.04.2025

Тоқаев жұмыс сапарымен Өзбекстанға барады

01.04.2025

Тоқаев пен Пирц-Мусар АХҚО-ны аралап көрді

01.04.2025

Тоқаев Ұлттық құрылтайда көтерген бастамаларға қатысты жоспарға қол қойды

01.04.2025

"Бірқатар ұтымды жоба ұсына аламыз". Тоқаев Словения президентімен не туралы сөйлесті?

31.03.2025

Тоқаев Алматы әкіміне қандай тапсырмалар берді?

30.03.2025
MalimBlocks
Тоқаев жаңа министрге бірқатар тапсырма берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовті қабылдады,

Тоқаев жұмыс сапарымен Өзбекстанға барады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен 3-4 сәуір күндері Өзбекстанға жұмыс сапарымен барады

Тоқаев пен Пирц-Мусар АХҚО-ны аралап көрді

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстанға ресми сапармен келген Словения Президенті Наташа Пирц-Мусар Астана халықаралық қаржы орталығын аралап көрді

Тоқаев Ұлттық құрылтайда көтерген бастамаларға қатысты жоспарға қол қойды

53 тармақтан тұратын бұл құжатты Президент Әкімшілігі Үкіметпен бірлесіп әзірлеген

"Бірқатар ұтымды жоба ұсына аламыз". Тоқаев Словения президентімен не туралы сөйлесті?

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Наташа Пирц-Мусар шағын құрамда келіссөз жүргізді

Тоқаев Алматы әкіміне қандай тапсырмалар берді?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жұмыс сапары кезінде қала әкімі Ерболат Досаевқа шаһарды жарықтандыру, пәтерлерге суды уақтылы және толық беру, көшелер мен аулаларды абаттандыру бойынша бірқатар тапсырма берді