Құқық қорғаушылар өлтіріп, фельдшер сотталды

Семейдің соты 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде  қайтыс болған Жандос Жотабаевтың ісіне қатысты фельдшерді кінәлі деп тапты,- деп хабарлайды «Власть».

  • 21.06.2023

Бүгін Семей қаласының №2 соты 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде қамауға алынғаннан кейін азаптаудан қайтыс болған Жандос Жотабаевтың өліміне «кәсіби міндеттерін орындамады» деп уақытша ұстау изоляторының фельдшері Гүлмира Төлеубекованы кінәлі деп тапты. Оған үш жыл мерзімге емдеу мекемелерінде фельдшер қызметін атқару құқығынан айыра отырып, бір жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Қылмыстық кодекстің 63-бабына сүйене отырып, жаза шартты болып саналсын», – деді судья Төлеген Сұлтанов.

Сондай-ақ Төлеубековадан зардап шеккендердің өтемақы қорына 30 630 теңге өндірілмек. Сот моральдық шығын өндіру туралы талап арызды ішінара қанағаттандырып, Жотабаевтың пайдасына 500 мың теңгені белгіледі. Сонымен қатар Төлеубекова адвокаттың шығыны үшін 500 мың теңге төлеуі тиіс.
Қорғаушы тараптың айтуынша, фельдшердің Жотабаевтың өліміне еш қатысы жоқ. Төлеубекованың екі адвокаты бұл жағдайда бірінші кезекте азаптау қолданып, жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіргені үшін фельдшерді емес, полиция қызметкерлері мен уақытша ұстау изоляторының бастығын жауапқа тарту керектігін алға тартады.

«Жандос Жотабаев – билік ресми түрде мойындаған қаңтар оқиғасы кезінде азаптауға ұшыраған алты адамның бірі. 6 қаңтарда митингке қатысқаны үшін ұсталып, орталық полиция бөлімінде екі күн қамауда отырып, кейін уақытша ұстау изоляторына ауыстырылған. 17 қаңтарда олар жедел жәрдем шақырып, Жотабаевтың қайтыс болғанын хабарлайды. Бауыры Ердос Жотабаевтың айтуынша, мәйітті тексерген кезде денесінде көгерген іздер болған. Оның 11 қабырғасы сынған, сонымен қатар плеврит болған деген қорытынды жасалған»,- деп хабарлайды басылым. 

Жотабаевтың өліміне байланысты бөлек процесте "Қатігез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас, азаптаулар" (146-бап) бабы бойынша екі полиция қызметкері Әлішер Қанақынов және Ерсұлтан Ағзановқа айып тағылған. Олардың соты енді ғана басталды.

 

Байланысты жаналықтар

Шымкентте Қаңтарда адамдарды атқандар жазаланған жоқ

01.08.2023

«Шал кет» деп айғайлағаны үшін 9 ай жаза

27.07.2023

Ұлттық қауыпсіздік комитетінің қызметкерлері сотталды

20.07.2023

Мәсімов терроризмді қаржыландырушы деп танылды

18.07.2023

Қаза болған 4 жасар Айкөркемнің сотына әкесін кіргізбеді 

13.07.2023

Қаңтар оқиғасында зардап шеккендерге өтемақыны кім береді?

11.07.2023
MalimBlocks
Шымкентте Қаңтарда адамдарды атқандар жазаланған жоқ

Шымкенттегі Қаңтар оқиғасы кезінде қаза болғандардың ата-аналары мен туыстары қала әкімдігі алдындағы алаңға барып, балаларын атқан және атуға бұйрық бергендерді тауып, жазалауды талап етті,- деп хабарлайды Азаттық сайты.

«Шал кет» деп айғайлағаны үшін 9 ай жаза

Алматының №2 Бостандық аудандық соты Қаңтар оқиғасы кезінде «жаппай тәртіпсіздікке шақырды және қатысты» (272-бап 2,3 бөліктері) деп айыпталған Әділет Мусинді кінәлі деп танып, 9 айға бас бостандығынан айырды.

Ұлттық қауыпсіздік комитетінің қызметкерлері сотталды

Қаңтар оқиғасынан кейін азаптан өлген Алмас Мұқашевтың ісі бойынша ҰҚК-нің екі қызметкері сотталды.

Мәсімов терроризмді қаржыландырушы деп танылды

ҰҚК-інің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов және оның бұрынғы орынбасарлары Әнуар Садықұлов пен Дәулет Ерғожинді терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға қатысы бар тұлғалар тізіміне қосты,- деп хабарлады Қаржы мониторингі агенттігінің сайтында.

Қаза болған 4 жасар Айкөркемнің сотына әкесін кіргізбеді 

Қаңтар оқиғасында қайтыс болған 4 жасар Айкөркемнің әкесі мен БАҚ өкілдерін сотқа кіргізбеді,- деп хабарлайды Азаттық радиосы. 

Қаңтар оқиғасында зардап шеккендерге өтемақыны кім береді?

Қаржы министрлігі Қаңтар оқиғасынан кейін қамалып, бірақ кінәсі дәлелденбей босатылған азаматтарға өтемақыны «залал келтірген орган төлеуге тиіс» деп санайды.