Ішкі істер министрлігі Қазақстан азаматтарының жеке деректерінің сатылуына қатысты жағдайды назардан тыс қалдырған жоқ, деп хабарлайды Malim.kz.
Ішкі істер министрлігі бұл ақпаратты тексеріп, бүгінге дейін eGov порталына рұқсатсыз кіру дерегі тіркелмегенін мәлімдеді.
Дегенмен мұндай жарнаманың орналастырған адамды, ұсынылған деректердің көзін және оны заңсыз алуға және таратуға қатысқандардың барлығын анықтау үшін барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр.
Ішкі істер министрлігі өз құзыреті шегінде азаматтардың жеке деректерін қорғаудың конституциялық кепілдігін жүзеге асыруға толық міндетті екенін жеткізді.
“Конституцияның 21-бабында жеке деректерді заңсыз жинаудан, өңдеуден, сақтаудан және пайдаланудан, соның ішінде цифрлық технологияларды пайдалану арқылы қорғау нақты көзделген. Қатысқандардың барлығын анықтау үшін барлық қажетті шара қабылданады. Ешкім жауапкершіліктен құтылмайды”, – делінген хабарламада.