freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Білмей жүр екенбіз: Қазақстанда қанша телефон бар?

Қоғам
Білмей жүр екенбіз: Қазақстанда қанша телефон бар?
https://www.istockphoto.com/

Қазақстанда қанша ұялы телефон бар? Нақты құрылғылардың саны бойынша ашық ресми статистика жоқ. Бірақ ұялы байланыс абоненттерінің саны туралы дерек бар, деп хабарлайды Malim.kz.
Ұлттық статистика бюросының соңғы мәліметіне сәйкес, 2026 жылғы маусымда Қазақстанда 27,33 млн ұялы байланыс абоненті болған.
Оның ішінде 18,52 млн абоненттің ұялы интернетке қолжетімділігі бар.
Салыстыру үшін: 2026 жылғы 1 маусымда Қазақстан халқы 20,58 млн адам болған. Демек, елдегі ұялы байланыс абоненттерінің саны халық санынан шамамен 6,75 млн-ға көп.
Бірақ «Қазақстанда 27,33 млн телефон бар» деу дұрыс емес. Себебі бір адам бірнеше SIM-карта немесе нөмір пайдалана алады. Сондықтан бұл көрсеткіш - телефон құрылғыларының емес, ұялы байланыс абоненттерінің саны.
Тағы бір қызық дерек: 2026 жылғы маусымда Қазақстанда 3,47 млн тіркелген интернет абоненті, ал тіркелген телефон желілерінің саны 2,04 млн болған.
Қысқасы: Қазақстанда нақты қанша телефон барын білмейміз. Бірақ елде 27,33 млн ұялы байланыс абоненті бар.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу