Референдум – еліміздің жаңғыру мен жаңару жолы
2022 жылдың 5 маусымында өткен республикалық референдум –еліміздегі айтулы тарихи оқиғалардың бірі. Себебі мемлекет пен халық үшін ең маңызды шешімдер мен өзгерістер қабылданған бұл референдум ұлтымыздың бірлігі мен нақты өзгерістерге дайындығын көрсетті. Оның ішіндегі тақырыбы, күн тәртібіндегі мәселесі аса маңызды болды. Сол күні күн жексенбі болса да, Түркістан халқы ертемен референдум учаскелеріне қарай ағылып, Отанымыздың Елтаңбасы мен Мемлекеттік Туы қойылған арнайы бөлмеде өз таңдауларын білдіріп жатты. Біз де мемлекетіміз үшін мұндай тарихи шешімге өз дауысымызды беріп, сол күннің қорытындысын білуге асықтық. Кешкі уақыт 20:00-де учаскелерде дауыс беру аяқталып, уақыт 23:50-де көптен күткен мәлімет қолымызға тиді. Түркістан халқы ел үшін осы бір тағдыршешті сәтте заңды құқығын пайдаланып, нағыз патриоттық таныта отырып, Қазақстанның прогрессивті дамуына зор үлес қосты, өз ұстанымдарын білдірді.
Президентіміз Ата заңымызға енгізген өзгерістерді зиялы қауыммен, қоғам белсенділерімен кеңесе, ақылдаса отырып бүкіл халықтық талқылауға салды. Конституциямыздағы 99 бабтың 33-іне 56 өзгеріс енгізілді. Референдум нәтижесі саяси жаңарудың айқын символына айналды. Реформалар ұран мен әдемі сөз үшін емес, Жаңа, Әділ Қазақстанды құру үшін жасалды. «Екі рет өлшеп, бір кес» дегендей, дүние жүзіндегі ең маңызды шешімдерді қабылдадық. Ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев осы даңқты дәстүрді жалғастыра отырып, артынша Ұлттық Құрылтайдың құрылуын жариялады. Оның құрамына қоғамның түрлі саласының өкілдері, беделді де белсенді азаматтар кірді. Құрылтайдың алғашқы отырысы ұлтымыздың бесігі Ұлытау өңірінде өтті. Осылайша, азаматтардың мемлекет жұмысына тікелей қатысу мүмкіндігі арта түсті. Қасиетті Тәуелсіздігімізді, ел бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайту – басты міндетіміз екені айқындала түсті. Тиісінше, ел президенті: «Жаңа Қазақстанның ең басты байлығы – халқы, ал біздің басты мақсатымыз – адамдардың бақытты өмір сүруіне жағдай жасау. Әрбір азамат саяси өзгерістер мен экономикалық өсудің жемісін көруі керек. Бос уәделер мен әдемі сөздер еш жерге апармайды. Мен үшін нақты жұмыс пен нақты өзгерістер бәрінен де жоғары. Осы мақсатқа жету үшін бар күшімді саламын. Референдум нәтижелері мемлекеттілігіміз тарихындағы мүлде жаңа тарауды ашады»,-деп Тәуелсіз Қазақстанның тарихында жаңа дәуір ашылғанын, ұлт болып алға қойған мақсаттарға бірге жететінімізге толық сенімін білдірді.
Рефердумнан кейінгі заңдағы өзгерістер елдің дамуына жаңа серпін бере бастады. Референдумнан кейін "Әр азамат саяси өзгеріс дәмін сезінуге тиіс" деді ел президенті. Референдумдағы маңызды түзетудің бірі – жерді, оның қойнауын, суды, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін, басқа да табиғи ресурстарды халық меншігі деп жариялау болды. Сондай-ақ парламент және мәслихат депутатарын сайлауда да бірнеше өзгерістер енгізілді. Тиісінше, жаңа қабылданған заңдарда Қазақстанның аралас сайлау жүйесіне өтіп, бұдан кейін мәжіліс, облыстық, аудандық мәслихат депутаттарының барлығы бір мандатты окрук бойынша сайланатын болды. Осыған сәйкес еліміздегі осы мандатқа нағыз лайықты деген тұлғалар саясат мінберіне шықты. Олардың өз мүмкіндіктерін көрсетуіне жол ашылды. Оған қазіргі таңдағы осы жүйе бойынша сайланған депутаттардың іс-әрекетін дәлел ретінде айта аламыз. Жастар мен әйелдерге арнайы квоталар енгізу де Қазақстанда жасына, жынысына қарамастан азаматтар тең құқылы екенін көрсетіп берді. Заңдағы жастар мен әйелдерге квота бекітілуі, бұл – жақсы әлеуметтік лифт бола алады.
Ауыл әкімдерін елдің тікелей сайлауы – саяси жаңғырудың жаңа кезеңі. Қазақстан қоғамы 2024 жылға дейін жалғасатын әрі уақыты келгенде ұдайы ұйымдастырылып отыратын жергілікті әкімдерді сайлау кезеңіне өтті. Бұл – мен үшін қуантарлық жайт. Себебі бұл шараның ауыл тұрғындарының мүддесі үшін жасалып жатқанын білеміз. Ауыл экономикасын дамытып, халықтың әл-ауқатының түзелуінде ауыл әкімдерінің орны ерекше, сондықтанда ауыл әкімдерін елдің тікелей өздері сайлауы өте орынды мәселе деп ойлаймыз.
Елімізде өтіп жатқан осындай саяси науқандарда кітапханалар да бірқатар жұмыстар атқарып жатыр. Отырар ауылдық кітапханасы 2006 жылдан бері ауыл тұрғындарына, оқырмандарға және мектеп оқушыларына сапалы қызмет көрсетіп келеді. Кітапхананның кітап қоры жыл сайын артып, бүгінгі таңда 8000-нан астам кітапты құрайды, келіп-кетушілер саны 6500 – ден астам, кітап берілімі -14500.
Сондай-ақ кітапхана саяси маңызды референдум кезеңінде де қоғам үшін үнсіз қарап отыра алмады. Түрлі іс-шаралар өткізіліп, көрмелер ұйымдастырылып, кітапханаға келген әрбір оқырманмен қоғамдағы өзгерістер, референдум жайы әңгіме болды. Жыл сайынғы мемлекет басшысының үндеулеріне талқылау сағаттары өткізіліп, халықты саяси жаңалықтармен қамтып, мерзімді басылымдарды оқуға шақырып отырады.
Кітапхана дүниеде ештеңе теңестірілмейтін білім бұлағының көзі, ғасырдан-ғасырға адамзат тарихының құнды сырларын сүріндірмей әкеле жатқан шырағы биік, парасаттылық пен білімділіктің, біліктіліктің нағыз киелі ордасы. Кітапханаға оқырмандарды тарту мақсатында отбасылық оқу, мүмкіндігі шектеулі жандармен кездесу, түрлі оқырмандар конференциялары мен мерекелік іс-шаралар өткізіледі.
Қорыта келгенде айтарым – кітап барда, кітапхана барда және кітапханашы мамандығы барда – адамзат азбайды, талапкердің парасат-пайымы, ақыл-ойы бір мысқалға да кемімейді, таным-түсінігі кемшілік атаулысынан ада болып, білімі өңге білімпаздардан бір сатыға да төменшік тартпасына сенімім мол, үмітім зор!
Г.Мустафаева,
Отырар ауылдық кітапханасының меңгерушісі
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасы орынбасарлығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға түсіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жүріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қызметкерінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жасап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Солайша, ұйымды Әділет министрлігіне тіркеттік.