Референдумнан кейінгі Түркістан келбеті

Бүгінде Қазақстанның болашағы жарқын болатынына Түркістан жұртының сенімі ұлғая түсті. Соңғы екі жылда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстанда өткізілген бүкілхалықтық референдумға облыс тұрғындарының бір кісідей қатысып, республикада көш бастағаны дәлел бола алады дейді. Расында референдум нәтижесінде Ата заңымыз жаңғырды, тұрғындарға қажетті әлеуметтік назар аударылды, тіпті саяси майданда әділеттікке қол жеткізуге мүмкіндік туды. Референдумды қысқаша айтқанда, мемлекеттің ең маңызды мәселелерін халықтық дауысқа салу деп түсіндіруге болады.30-дан астам заң баптарына енгізілген өзгертулер мен толықтырулар нәтижесінде, халықтың тікелей қатысуымен Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы, аудан және ауыл әкімдерінің сайлауы сияқты маңызды таңдаулар өтіп жатыр. Президент өз сөзінде «Конституциялық реформа аясында саяси партияларды тіркеу рәсімі жеңілдетілді. Атап айтқанда, партия мүшелерінің санына қатысты талап өзгерді. Оның төменгі шегі төрт есе төмендеп, 20 мыңнан 5 мыңға дейін азайды. Партиялардың әр аймақтағы өкілдерінің саны кемінде 600 адам болуға тиіс еді, ал қазір 200 адамға дейін төмендеді. Осы және басқа да жүйелі шаралардың нәтижесінде елімізде көп уақыттан бері алғаш рет бірнеше жаңа саяси партия тіркелді. Сонымен бірге сайлау бюллетеніне «бәріне қарсымын» деген бағанның енгізілуі өте маңызды шешім болды. Партиялардың Мәжіліске өтуіне қажетті дауыстың төменгі шегі 7-ден 5 пайызға дейін азайды. Бұл да – елімізді демократияландыру жолындағы айрықша мәні бар қадам. Сайлау үдерісіне қоғамның түрлі өкілдерін барынша тарту үшін заңнамаға басқа да тың өзгерістер енгізілді. Мысалы, депутаттық мандаттың 30 пайызын әйелдерге, жастарға және ерекше қажеттілігі бар азаматтарға бөлу заң жүзінде бекітілді» деген болатын. Осындай жаңа басқару жүйесіне сай Парламенттің ықпалы арта түсті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін (бұдан әрі- ауылдық округ әкімдері) жергілікті тұрғындардың өздері тікелей сайлау бастамасын көтерген болатын. Осыған байланысты республиканың Ұлттық экономика министрлігі орталық мемлекеттік органдармен келісе отырып, еліміздң кейбір заңнамалық актілеріне сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобаларын әзірлеп, оларды Парламент Мәжілісінің қарауына ұсынған еді. Екі ай бойы жан-жақты талқыланып, қоғамның оң бағасын алды. Ел Президенті Заңға қол қойды. Соның нәтижесінде еліміздің ауылдық округтерінде әкімдер сайлауы екі жылдан бері өтіп келеді. Заңда «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес енді бұдан былай аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтері әкімдерін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің сайлаушылары тікелей өздері сайлайтыны баяндалған. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға өзгерістер енгізу туралы заң жобасы жұмыс істеп тұр. Құжат 67 түзетуден тұрады. Заң жобасында аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент пен ауылдық округ әкімдерінің сайлауын өткізуге қатысты өзгерістер ұсынылған.
Түркістан өңірінде аудан әкімдерін пилоттық режимдегі сайлауға қызу дайындық жүріп, Созақ, Бәйдібек, Шардара және Мақтаарал аудандарының әкімдері қайта сайланды. Еліміз бойынша жалпы 45 әкімді халық таңдады. Сайлау қорытындысы бойынша Бәйдібек ауданының әкімі болып «ERNUR» корпорациясы» ЖШС директоры болып қызмет атқарып келген Ерлан Заиыпұлы Нұрмаханов, Мақтаарал ауданының әкімі болып осыған дейін Мақтаарал ауданының әкімі болып қызмет атқарып келген Бақыт Асанов Нәсірханұлы, Созақ ауданының әкімі болып осыған дейін Созақ ауданының әкімі болған Мұхит Сексенбайұлы Тұрысбеков, Шардара аудандық мәслихатының төрағасы қызметін атқарып келген Арман Романұлы Қарсыбаев әкім болып сайланды. Референдум реформалардың басты қозғаушы күшіне айналып келе жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тікелей қолдауымен өңірде ауқымды жобалар қолға алынды. Қала көркейе түсті. Қазіргі уақытта шетелден және еліміздің әр аймағынан келетін туристер саны артуда. Түркістан өңірінің мәдениет саласы да жанданып келеді. Халықты рухани байытуға талпынып, зор жауапкершілік арқалап келе жатқан әріптестерімнің де еңбегі ерен. Тәуелсіз еліміздің жарқын жетістігінің бірі киелі қаланың қайта жаңғыруы еді. Биыл Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толып, жыл басынан бері кеңінен аталып өтуде. Облыс орталығы атанған қасиетті шаһар күн санап көркейіп, нағыз мәдениет пен руханияттың ордасына айналып келеді. Аз уақыт ішінде рухани астанамызда бірқатар мәдениет ошақтары ел игілігіне берілді. Бұл – мемлекетіміздің қазақ өнері мен руханиятына жасап отырған ерекше қамқорлығының арқасы. Бүгінде облыста 700-ге жуық мекеме түрлі шараларды өңір басшысының қолдауымен жоғары деңгейде өткізіліп келеді. Соның ішінде Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай және «Ауыл кітапханаларына 20 мың кітап» акциясы аясында «Бес жылдыққа – бес әдеби сапар» үш облыс пен екі қалада ұйымдастырылды. Астана қаласында Түркістанның мәдениет күндері өтті. Сонымен қатар, «Өнерлі өлке», «Музейлер шеруі», «Түркістан дауысы», «Voice of Turan», «Алтын сақа» және театр фестивалдері, Музей қызметкерлерінің І жазғы мектебі, тағы басқа іс-шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бұдан бөлек өңіріміздегі кәсіби театрлар Әзербайжанда өткен фестивальде бас жүлде алса, енді бірі Түркияда өнер көрсетіп қайтты. Жақында ғана «Түркістан таланттары» жобасы бастау алып, өңір қаламгерлерімен аудан, қалаларда кездесу кештері өтіп жатыр. Облыс басшысының тапсырмасымен «Конгресс холл» кешеніне жаңа штаттар беріліп, «JANA LEP!» халыққа рухани серпін беріп жатыр. Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония өзге облыстар мен өңіріміздің шалғай ауылдарында концерт қойып жатыр. Бұл бір бөлігі ғана. Ел мәдениетінің дамуына қалтқысыз еңбек етудің арқасында міне кеше ғана Астанада өткен «Рухани қазына – 2023» республикалық мәдениет және өнер қызметкерлері байқауында музей саласы бойынша «Үздік облыстық маңызы бар музей» номинациясын «Ұлы Дала Елі» орталығы, «Үздік облыстық маңызы бар кітапхана» номинациясын Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы, «Үздік облыстық мәдени-демалыс ұйымы» номинациясын Түркістан облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығы иемденіп, арнайы дипломмен және қаржылай 1 млн теңгемен марапатталды. Алдағы уақытта да осындай игі істер мемлекет қамқорлығының арқасында жалғасын таба береді деп сенемін.
Мұқағали Кенжетайұлы,
ақын, Түркістан облыстық мәдениет және туризм басқармасының бөлім басшысы
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасы орынбасарлығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға түсіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жүріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қызметкерінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жасап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Солайша, ұйымды Әділет министрлігіне тіркеттік.