Сайлаудағы мажоритарлық жүйе кандидаттардың белсенділігін арттырды
Референдум – ел болашағы үшін маңыздылығын көрсетті. Сөзге дәлел – референдум күні халықтың белсенді қатысуы. Ел болып таңдауын жасау арқылы, әрқайсысы өзінің азаматтық позициясын қорғады.
Нәтижесінде 98 баптан тұратын Ата Заңымыздың үштен бір бөлігі жаңартылды. Жалпы, конституциялық реформа, ең алдымен, бүкіл мемлекеттік модельді кешенді трансформациялауға бағытталған. Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдау әрбір қазақстандыққа байланысты болды. Бұл да үлкен жауапкершілік. Түркістан өңірінің тұрғыны ретінде бұны терең сезінді. Атсалыстық. Біз бен сіз болып мемлекетіміздің дамуы мен өркендеуіне үлес қостық.
Конституцияға ұсынылған өзгерістер қолданыстағы 33 бапқа оң әсер етті. Олардың негізгілері – Қазақстанның суперпрезиденттік басқару нысанынан түпкілікті бас тарту, Парламент пен мәслихаттардың өкілеттіліктерін күшейтуге көшу, Президенттің туыстарына жоғары мемлекеттік лауазымдарға орналасуға тыйым салу, сайлау жүйесін жетілдіру, құқық қорғау институттарын күшейту, Қазақстан халқына жер мен оның жер қойнауын бекітіп беру, аралас сайлау жүйесі бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттық корпусын қалыптастыру, Парламент Сенатында президенттік квотаны қысқарту және басқалар. Жаңа мемлекеттік модельге көшу – Референдумның басты мақсаты болды. Алға қойған мақсат мүддеге бірге жете алдық.
Айта кету керек, 1995 жылдан бастап алғаш рет конституциялық реформа тікелей жалпыхалықтық дауыс беру арқылы жүзеге асырылды. Бұл да сол секілді маңызды сәт еді. Сондықтан оған еліміздің барлық азаматтарының қатысуы өте маңызды! «Алдағы реформалар әрбір азаматқа қатысты, елдің одан әрі дамуына үлес қоса отырып, 5 маусымда бәріміз дауыс беруге қатысып, азаматтық борышымызды орындайық», деді штаб мүшелері.
Жиналған ұжым еліміздегі саяси реформалардың керектігін, бұрын соңды болмаған, референдумның халық талқысына шығуын дұрыс ұсыныс деп қабылдап, суперпрезиденттік басқару жүйесінен кетіп, мықты парламенті бар президенттік моделге өтуді оң бағалады. Сонымен қатар жергілікті жерге байланысты сұрақтарын да қойып, жауаптарын алды. Конституцияға өзгеріс енгізетін референдумды қолдайтындарын жеткізді. Жан-жақты алдын ала маңыздылығы да түсіндірілді. Нәтижесінде туыстарымнан бөлек, әріптестердің де сайлауға барып, дауыс бергеніне куә болдым. Әділетті, Жаңа Қазақстанды құрудың алғы шарттары, дәл өзі референдум кезінде көрініс тапты деп қателеспей айта аламын.
Дамыған елдердің қоғамдық өмірін жаңғырту тәжірибесі жастардың жас ерекшеліктеріне және әлеуметтік жағдайдың маргиналдылығына байланысты ең серпінді, ең пластикалық, өзгермелі жағдайларға бейім әлеуметтік-демографиялық топ ретінде әрекет ететіндігін көрсетеді. Жастар жаңа әлеуметтік жағдайларға оңай бейімделеді, сондықтан олардың әлеуметтік жағдайы мен әл-ауқаты әлеуметтік өзгерістердің маңызды көрсеткіші болып табылады.
Ауылдан қалаға жастар көші-қоны проблемасы, жастарды жұмысқа орналастыруға және ауылдық аумақтарда жастар кәсіпкерлігін дамытуға жәрдемдесу, 14-18 жас аралығындағы ауыл жастары арасында кәсіптік бағдарлау жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ ауылда жастар бастамаларын дамыту, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін белсенді тарту арқылы шешіледі. Ауылдық аумақтардың орнықты дамуын қамтамасыз ету мақсатында ауылдық жерлерде жастарды жұмысқа орналастыруға, сондай-ақ олардың әлеуетін кәсіпкерлік арқылы, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестікті тарту тетігі арқылы іске асыруға бағытталған іс-шаралар кешені іске асырылуы тиіс.
Қазіргі әлемдегі цифрлық сауаттылық табысты әлеуметтенудің кепілі және жұмысқа орналасудың қажетті атрибуты болып табылады. Осыған байланысты, арнайы Тұжырымдамада цифрлық сауаттылықты арттыру бойынша оқудан өткен өңірлік жастардың үлесін ұлғайту көзделген. Бұл шара өңірлік жастар мен қала жастары арасындағы бәсекеге қабілеттілікті арттыруға мүмкіндік береді. Бұл көрсеткіштерге қол жеткізу үшін мықты заң, тұрақтылық қажет.
Былтыр Ата Заңымызға енгізілген толықтыру мен өзгерістерге сәйкес, биылдан бастап Мәжіліс депутаттарын сайлау пропорционалды-мажоритарлы жүйе бойынша өтілді. Мәжіліске сайлану ережелері туралы аз-кем ақпарат бере кетейін. Парламент Мәжілісінің депутаттығына соңғы 10 жыл бойы Қазақстан аумағында тұратын, 25 жасқа толған азамат кандидат бола алады. Заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адам және сыбайлас жемқорлық қылмыс пен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәсі заңда белгіленген тәртіппен сотта анықталған адамның Мәжіліс депутаттығына түсуі шектелген.
Мажоритарлық тәсілде ешқандай партияға кірмейтін, бірақ сайлауға қатысып, көп дауыс жинаған кандидат жеңеді. Осылайша, Парламенттің төменгі палатасына жаңаша көзқарастағы, жергілікті тұрғындар таңдаған және аймақтың барлық проблемаларына қанық депутат сайланады. Жалпы аралас сайлау үлгісі азаматтардың саяси белсенділігін арттырып, еліміздің жаңғыру үдерісін ілгерілетті. Оған биылғы Наурызда өткен сайлауда көз жеткіздік. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы мәлімдемесінде бұл реформа толық түсіндірілді.
«Мен Конституцияға сәйкес, Парламент палаталарының төрағаларымен, Премьер-Министрмен кеңесіп, Мәжілісті тарату және мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлықтарға қол қойдым. Депутаттарға белсенді әрі жемісті жұмысы үшін алғыс айтамын. Мәжіліс пен мәслихат депутаттары еліміздегі ауқымды реформаларды іске асыруға барынша атсалысты. Олар сайлаушылармен жиі кездесу өткізді. Шалғайдағы елді мекендерге барды. Сондай-ақ жұртты толғандырған өзекті мәселелерді көтеріп, қоғамдық пікірталасқа ұйытқы болды. Жаңадан сайланатын депутаттар да жұмысты осы қарқынмен жалғастырып, еліміздің жан-жақты жаңғыруына ерекше үлес қосады деп сенемін. Мәжілістің кезектен тыс сайлауы 2023 жылғы 19 наурызда өтеді. Барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауын Орталық сайлау комиссиясы белгілейді. Өздеріңізге мәлім, мен былтыр күздегі Жолдауымда Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы осы жылдың бірінші жартысында болатынын жарияладым. Яғни, бұл бастама айтылған сәттен сайлауға дейін жарты жылдан астам уақыт өтеді. Тәуелсіздік жылдарында сайлауға дайындалу үшін кандидаттар мен саяси партияларға осыншама көп уақыт берілген емес. Мәжілістің және мәслихаттардың кезектен тыс сайлауы – конституциялық реформаның жалғасы. Былтырғы референдумда халқымыз бұл реформаға қолдау білдірді. Соның нәтижесінде еліміз өкілді билікті жаңа, әділ әрі ашық бәсекеге жол ашатын қағида бойынша жасақтауға көшті. Енді Мәжіліс депутаттарының 70 пайызы партиялық тізім арқылы, ал қалған 30 пайызы бір мандатты округтерден сайланады. Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы мәслихат депутаттары да аралас жүйе бойынша сайланады. Депутаттардың 50 пайызы бір мандаттық жүйе арқылы, 50 пайызы партиялық тізім бойынша өтеді. Ал аудан және облыстық маңызы бар қалалардағы мәслихат сайлауында азаматтар бір мандатты округтерден шыққан кандидаттарға дауыс береді. Осылайша, Мәжіліс пен мәслихаттар жаңа үлгі бойынша жасақталады. Сонда сайлаушылардың мүддесі жалпыұлттық және аймақтық деңгейде толық қорғалады. Өкілді билікке түрлі көзқарастағы азаматтардың келуіне мүмкіндік туады. Азаматтық қоғамның одан әрі дамуына айтарлықтай жағдай жасалады», деген Президент өзге де өзгерістерге тоқталды.
Атап айтсақ, Конституциялық реформа аясында саяси партияларды тіркеу рәсімі жеңілдетілді. Атап айтқанда, партия мүшелерінің санына қатысты талап өзгерді. Оның төменгі шегі төрт есе төмендеп, 20 мыңнан 5 мыңға дейін азайды. Партиялардың әр аймақтағы өкілдерінің саны кемінде 600 адам болуға тиіс еді, ал қазір 200 адамға дейін төмендеді. Осы және басқа да жүйелі шаралардың нәтижесінде елімізде көп уақыттан бері алғаш рет бірнеше жаңа саяси партия тіркелді. Сонымен бірге сайлау бюллетеніне «бәріне қарсымын» деген бағанның енгізілуі өте маңызды шешім болды. Партиялардың Мәжіліске өтуіне қажетті дауыстың төменгі шегі 7-ден 5 пайызға дейін азайды. Бұл да – елімізді демократияландыру жолындағы айрықша мәні бар қадам. Сайлау үдерісіне қоғамның түрлі өкілдерін барынша тарту үшін заңнамаға басқа да тың өзгерістер енгізілді. Мысалы, депутаттық мандаттың 30 пайызын әйелдерге, жастарға және ерекше қажеттілігі бар азаматтарға бөлу заң жүзінде бекітілді. Мұның бәрі саяси бәсекені күшейтеді, саяси жүйенің ашықтығын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ саясаткерлердің жаңа буынының қалыптасуына жол ашады.
«Сайлау науқанын ұйымдастыру және оны өткізу ісінде аумақтық сайлау комиссиялары маңызды рөл атқарады. Енді облыстық сайлау комиссиялары кәсіби түрде тұрақты жұмыс істейді. Бұл шешім сайлауға қатысты іс-шаралардың сапалы атқарылуын қамтамасыз етеді. Алдағы сайлаудың заңға сәйкес өтуіне, әділ әрі ашық болуына қатаң бақылау жасалады. Бұған Орталық сайлау комиссиясы және Бас прокуратура жауапты. Сайлау науқанын отандық және халықаралық байқаушылар жіті қадағалайды. Осы тұста азаматтарымыздың байқаушы ретінде белсенділік танытуы маңызды. Заңға сай барлық кандидат пен партияның бұқаралық ақпарат құралдарына шығуына бірдей мүмкіндік беріледі. Осы сайлау науқаны еліміздегі саяси мәдениеттің жоғары екенін айқын көрсетіп, қоғамымызды ұйыстыра түседі деп сенемін. Біз дамудың жаңа дәуіріне қадам бастық. Қазақстанда қарқынды және жан-жақты жаңару үдерісі жүріп жатыр. Бұл сайлау қоғамдағы өзгерістердің көрінісі ретінде саяси жүйеміздің одан әрі жаңғыруына зор ықпалын тигізеді. Қазір әлемде дәл осындай ауқымды өзгерістерді қолға алған мемлекеттер көп емес. Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы мемлекеттік билік институттарын жаңғырту жұмыстарының қорытынды кезеңі болмақ. Осылайша, «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидаты толық іске асады. Біз бір ел, бір халық болып, Әділетті Қазақстанды құрып жатырмыз. Осы жолда түрлі сын-қатерді еңсеріп, көптеген маңызды міндетті бірге атқаруымыз керек», деді Мемлекет басшысы.
Түркістан өңірінде де сайлау бұрынғыдан ерекше әрі ашық өткізілді. Өзін-өзі ұсынған кандидаттар ел сеніміне ие болуға тырысты. Партиялар да белсенді жұмыс істеді. Ендігі мәселе – олардың уәделерін орындағанын бақылау. Ел аманатына адал болу – міндет.
Абдрасилова Камшат
ақпараттық и библиография бөлімінің меңгерушісі,
Түркістан облысы
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасы орынбасарлығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға түсіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жүріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қызметкерінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жасап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Солайша, ұйымды Әділет министрлігіне тіркеттік.