Саяси науқандардағы белсенділік шын көшбасшыларды таңдауға мүмкіндік берді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясында Конституцияға өзгерістер енгізу жөнінде референдум өткізуді ұсынған болатын.

Malim Админ

  • 26.10.2023

Мемлекет басшысы референдум маңызды дипломатиялық институт екенін атап өтті. Алайда Қазақстанда референдум соңғы рет 1995 жылы, қолданыстағы Конституция бекітілгенде өткен. Осы жиында  президент Конституцияның бүкілхалықтың дауыс беру арқылы өзгеруі халықтың еркін білдірудің айқын көрінісі деп атады.

Референдум деген не?

Референдум – маңызды мемлекеттік мәселені шешу үшін өткізілетін бүкілхалықтық дауыс беру. Ол республиканың бүкіл аумағында өткізіледі. Референдумда Республика Конституциясын, конституциялық заңдарын, заңдарды қабылдау, оларға өзгертулер мен толықтыруы енгізу, Республиканың мемлекеттік өмірінің өзге де неғұрлым маңызды мәселелерін шешу қойылуы мүмкін. Түркістан жұртшылығы бұл бастаманың маңызын терең түсінді. Саяси науқандарға белсене атсалысты.

Былтыр Тәуелсіз Қазақстан тарихында 27 жылда екінші рет Ата Заңға түзетулер мен толықтырулар енгізу мақсатында референдум өтті. 5 маусымды Қазақстандағы тарихи күн деп санауға болады. Мұны күткендер де көп болды. Себебі осыған дейін супер президенттік басқаруды алып тастау, президенттің жақын туыстары жоғары лауазымды қызметтерді атқара алмайды деген сөз ешкімнің түсіне кірмесе де керек. Тіпті мұның ішінде тұңғыш президенттің ерекшеленуі мен артықшылықтары туралы ережелерді алып тастау жөнінде ұсыныс болды және ең маңыздысы барлық табиғи ресурстар міндетті түрде Қазақстан халқына тиесілі болады. Қазір біз Қазақстанның барлық азаматтары тарихтың жаңа парағын жазып жатырмыз және мен елімізде жаңа бастамалар серпін алып жақсы өмір сүретінімізге сенемін. Бір сөзбен айтқанда, біз балаларымыздың болашағы үшін дауыс бердік. Халық өзінің биліктің бастауы екенін түсіну керек, яғни барлық игіліктің иесі халық, сондықтан референдум аясында уәде етілгендей біраз өзгерістер жүзеге асады деп ойлаймын, халық мұны белсенді түрде талап етіп, бақыласа.

Жоғарыда айтқанымдай, өңірімізде референдум жоғары деңгейде өтті. Оны дауыс беру нәтижесінде де аңғардық. Түркістандық сайлаушылардың басым бөлігі Конституциямызға өзгерістер енгізуді жақтап дауыс беріп жатты. Тұрғындардың 80 пайыздан астамы өз таңдауын жасап, еліміздегі ең жоғары көрсеткішті тіркеді. Осылайша Түркістан облысы референдум қорытындысы бойынша көш бастады. Сол кездегі мәлімет бойынша, ел Конституциясына өзгерістер енгізу мәселесі бойынша референдумда дауыс беруге барлығы 7 985 769 қазақстандық қатысқан екен. Түркістан өңіріндегі 2 миллионнан астам тұрғынның 1 млн. 163 мыңдайы референдумда таңдау жасаса, соның 940 мыңға жуығы референдум учаскелеріне келіп, маңызды шараға қатысқан. Айтулы шарада Дауыс беру жағынан Бәйдібек, Отырар, Созақ пен Төлеби аудандарының тұрғындары ерекше белсенділік танытты. Жалпы өңірде 6500-ге жуық байқаушы жұмыс істеді. Комиссия өкілдері дауыс беру барысында қандай да бір заңбұзушылықтар тіркелмегенін айтты. «Жалпы халықтың саяси шарада халықтың белсенді болуы референдумға дайындықтың жоғары деңгейде жүргізілгендігінің арқасы» деп баға берді сарапшылар. Қоғамдық штабтар құрылып, халықпен 2800-ден аса кездесу өткізілген. Нәтижесінде Жаңа, Әділетті Қазақстанды қолдайтындар қатары артты.

Маңызды саяси науқаннан кейін Президентіміз Үндеу жасады

«Конституциялық реформа бүкіл құқық саласын жаңғыртуға жол ашады. Парламент пен Үкімет Конституцияға енгізілген өзгерістерге сай Заңнамаға тиісті өзгертулер енгізуі қажет. Қазақстанда тиімді құқық қорғау және сот жүйесін құруға мүмкіндік беретін реформалар әзірленуге тиіс. Мұны әлемдік тәжірибені ескере отырып жүзеге асырған жөн. Біз қоғамның және бизнес өкілдерінің өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға сұранысы арта түскенін көріп отырмыз. Елімізге азаматтар мен кәсіпкерлерді барынша қорғайтын құқық жүйесі қажет. Заңнамада мемлекетіміздің тұрақты дамуын тежейтін ешбір кедергі қалмауға тиіс. Заман талабына сай келмейтін және күмән туғызатын нормалардың бәрі күшін жоюға тиіс. Еліміздің экономикалық ресурстарын шағын ғана топтың қолына шоғырландырып, оларға артықшылық берген заңнаманы қайта қарау қажет. Елден жылыстатылған қаржыны және заңсыз жекешелендірілген активтерді мемлекеттің иелігіне қайтару жөнінде Мекемеаралық комиссия құрылды. Бұл үшін мен арнайы Жарлыққа қол қойдым. Біз адам құқығы мен бостандығын қорғау жүйесін кешенді түрде күшейтуге негізделген бағдарымызды жалғастыра береміз», деді Президент.

Конституциядағы жаңа өзгерістерге байланысты мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлау екі жолмен жүзеге асты. Оның бірі – пропорционалды, яғни партия атынан ұсынылса, ал екіншісі – мажоритарлық жолмен сайланады. Мажоритарлық тәсіл арқылы жергілікті тұрғындар таңдаған және аймақтың барлық проблемаларына қанық азамат сайланады. Демек, ауылға аймақтың халқы өзін кандидат ретінде ұсына алды.

Алғаш рет 45 аудан, қала әкімдері сайланды. Алдағы уақытта барлық аудан әкімдері сайлауға түсетін болады. Бұл да елге қызмет ететін азаматтардың белсенділігін арттырып, әділдік орнауына жол беретін саясат. Президент биліктің барлық институттарының жаңарып, саяси үдерісті демократияландыруды көздейді.

Екі жарым жылда Түркістан облысы бойынша 140 ауылдық округ әкімдері сайланды. Сонымен қатар биыл 4 аудан әкімінің сайлауы өтті. Қабылданып жатқан реформалардың барлығы – мемлекеттік басқарудағы шешім қабылдау процессіне азаматтардың қатысу мүмкіндігін молайта түсті.

Референдум артта қалды, алда талай жұмыс тұр. Әрине, жаңа Қазақстан туралы айту оңай болғанымен, оны құру оңай емес. Әр қазақстандық осы саяси өзгерістерден кейін ел болашағын өзінше көреді. Мемлекет басшысының сөзінше, Жаңа Қазақстан бұл жаһандану кезеңінде бірлігімізді нығайтудың бір жолы. Ел тұрғындары елеулі өзгерістер күтіп отыр. Әрине уәденің сөзбен емес іспен орындалғаны қажет. Бұл жерде бір ғана президенттің емес, бүтін бір елдің бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып жұмыла жұмыс қылуы аса маңызды.

Т.Джумабекова,

Кентау қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапханашысы      

Байланысты жаналықтар

Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

19.03.2025

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

24.02.2025

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025
MalimBlocks
Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

Тоқаев президенттікке келген жылдары түркі мемлекеттерінің бірқатарымен ынтымақтастықтың жаңа деңгейі қалыптасты

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабековтің 2019 жылы "Қазақ әдебиетіне" берге сұхбатын қайыра жариялауды құп көрдік. Жазушы мұндай әдебиет пен қоғам туралы ойларын ортаға салған.

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін