Спикер шахтаға түсті

Malim Админ

  • 21.12.2020

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин «Nur Otan» партиясының сайлау науқаны аясында Қарағанды ​​облысының кеншілерімен кездескені хабарланды.  Партия бағдарламасының басымдықтары туралы Костенко атындағы шахта алдындағы кездесуде айтылды. Кездесуде ең алдымен, еңбек жағдайлары, оның қауіпсіздігін арттыру және өндірістік жарақаттануды азайту туралы әңгіме болды. Нұрлан Нығматулин атап өткендей, бұл мәселелер әрқашанда «Nur Otan» партиясының бақылауында. «Елбасы, «Nur Otan» партиясының Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев шынайы еңбектің қадірін білетін кеншілер мен металлургтерге әрдайым назар аударып келеді. Біздің партиямыз жоғарыда аталған мәселелерді шешуге, сонымен бірге заңнамалық деңгейде реттеуді қолға алатын болады. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жұмыспен қамту саясатын іске асыру шеңберінде партия лайықты жалақы мен халықтың табысын арттыруды басым бағыт ретінде қарастырады», - деді Нұрлан Нығматулин. Қазіргі уақытта еңбеккерлердің қорғалуы мәселелері Еңбек кодексінің, өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы заң жобасының құқықтық нормаларымен, авариялық-құтқару қызметтерін аттестаттауды енгізумен бекітілген.
Әлеуметтік қолдау, тұрғын үй, өндірісті жаңғырту туралы әңгіме Костенко кенішінде жалғасты. Қазақстандықтардың тұрғын үй мәселелерін шешу бағытында «Nur Otan» партиясы 103 млн шаршы метр тұрғын үй салуды жоспарлап отыр. Тұрғын үйлер пайдалануға берілген кезде көпбалалы және әлеуметтік қорғалмаған азаматтарға басымдық қарастырылады. Сонымен қатар әлеуметтік төлемдерді жыл сайын индекстеуге 3 трлн.теңгеден астам қаражат бөлінеді. Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, осы бағыттарды іске асыру жалпы ел экономикасын дамыту үшін, оның ішінде Қарағанды облысының әлеуетін айтарлықтай нығайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, «Nur Otan» әр өңір үшін инвестиция тартудың, өңірдің салалық мамандануын ескере отырып, жобаларды іске асырудың индикаторларын белгілеуге ниетті. Бұдан басқа, Қазақстанда өз кірістерін сақтау және қайта инвестициялау үшін инвесторларды ынталандыру бойынша шаралар қабылданатын болады

 

Байланысты жаналықтар

Казахстанцам придется копить на высшее образование детей

02.10.2023

Деструктивті діни ағымның жақтаушылары қолға түсті

29.09.2023

Қобыз үні ұйқысыздық дертінен айықтырды

27.09.2023

Почему 300 тысяч в месяц – это не «классно», объяснила министр

26.09.2023

До полудня все вытрезвители Казахстана заполнены – МВД

26.09.2023

Ұшақ апатынан сүйектері үгітілген адамды аяққа тұрғызған

25.09.2023
MalimBlocks
Казахстанцам придется копить на высшее образование детей

С 2024 года в Казахстане введут накопительную систему "Келешек", инициированную правительством.

Деструктивті діни ағымның жақтаушылары қолға түсті

«Ұрлық» бабы бойынша ауыр қылмыс жасағаны үшін іздестірілген

Қобыз үні ұйқысыздық дертінен айықтырды

Науқас үш ай бойы мүлдем ұйықтай алмаған     

Почему 300 тысяч в месяц – это не «классно», объяснила министр

Несогласие с нашумевшими расчетами о минимальной зарплате в 300 тысяч тенге депутата мажилиса Рината Заитова выразила министр труда и социальной защиты населения Светлана Жакупова.

До полудня все вытрезвители Казахстана заполнены – МВД

МВД заявляет об острой нехватке вытрезвителей. Это мешает превенции, так как большинство бытовых преступлений казахстанцы совершают в состоянии опьянения.

Ұшақ апатынан сүйектері үгітілген адамды аяққа тұрғызған

Жалпы саны 24 операция жасалған