Студенттік театрлар және шығармашылық шыңдау

Студент кезінде белсенді болған, қоғамдық жұмыстар мен өзі оқитын оқу орындарындағы шараларға жиі қатысып жүрген түлектер оқу бітірген соң өз жолын оңай тауып жатады. Бұл дәлелдеуді қажет етпейтін нәрсе деуге де болады. Себебі, ол өзін көп сала бойынша шыңдап көреді және қоғаммен, өзгелермен араласуды меңгереді. Бұл жағынан өнердің орны ерекше. Мамандығына қарамастан, студенттерді біріктіретін бір сала да осы өнер саласы. Олар осы сала арқылы танысып, білісіп қана қоймай, өздерін сан түрлі қырынан танытуға мүмкіндік алады. Бұл мақсатта Жоғарғы оқу орындарында түрлі сайыстар мен фестивальдер жиі ұймдастырылып отырады. Мұндай фестивальдер студенттердің тұлғалық дамуын өамтамасыз етіп қана қоймайды, рухани, ұлттық тұрғыдағы бастамалард насихаттайды да.
Осындай фестивальдердің бірі Алматыда өтпек. 2023 жылы 21-22 сәуір күндері Алматы қаласындағы Абай Атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде университеттің 95 жылдығына орай «Студент және сахна» студенттік театрлардың республикалық фестивалі өтеді.
Фестивальдің мақсаты – студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту мен шабыттарын шыңдау, сондай-ақ, жастар арасындағы ұлттық, рухани құндылытарды насихаттау. Аталған іс шараға Алматы қаласынан бөлек, еліміздің бірқатар аймақтарынан Шымкент, Орал,Тараз,Астана, Өскеменнің жоғары оқу орындары қатысып, олардың ішінде 10-ға жуық студенттік театрлар өз өнерлерін көрсететін болады.
Жоғаыр оқу орындарында театр құрып, оны сайысқа алып келу де оңай шаруа емес. Бұл жерде тек ұстаздар ғана емес, студенттер де зор роль атқарады. Олардың ұйымдастырушылық, ұйымшылдық қасиеттері ашылады. Және айналада болып жатқан оқиғаларға жеке көзқарасын білдірудің де бір жолы осы екені анық. Әр адам қоғамдағы жағдайларға өзінің жеке бағасын беріп, одан шығудың жолын іздейді. Театрландырылған көрініс қоюдың бір мақсаты да сол.
Фестивальда қазіргі қоғамдағы әлеуметтік тақырыптарға арналған қойылымдар қойылады. Қазіргі заманғы өзекті мәселе болып тұрған – құмар ойыны, телефонға тәуелділік пен жасөспірімдер арасындағы әлімжеттік, қаржы пирамидасы,жемқорлық, аборт, өзіне қол жұмсау сынды тақырыптарға арналған қойылымдар сахналанатын болады. Фестивальдің қазылар алқасы құрамында М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры және Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актерлері, режиссерлері мен сценаристері төрешілік етіп, бағалайтын болады.
Жалпы, өзге мамандықта оқыса да, кейін танымал әртіске айналған, актерлік, шығармашылық жолды таңдаған таланттар аз емес. Осындай фестивальдерде өздерін шығармашылық бойынша шыңдауға мүмкіндік алған кейбір студенттерге танымал өнер ордалары мен танымал тұлғалардың көзі түсіп, бірге жұмыс істеуге ұсыныстар да айтылып жатады. Демек, бұл студенттер үшін жай ғана сайыс емес, өмірлік жолын таңдауға берілген бір мүмкіндік ретінде де қарастыру керек.
Аталған іс-шараға Алматы қаласы әкімдігі мәдениет басқармасының және БАҚ өкілдері, қоғам қайраткерлері, профессорлар мен оқытушылар және студенттер қатысады. Фестиваль 2023 жылы 21 сәуір күні, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 225 конференц залында өтеді.
Студент және сахна республикалық студенттік театрлар арасындағы фестиваль келесі жылы да жалғасын тауып, дәстүрлі түрде ұйымдастырылып тұратын болады. Бұл шығармашыл жастар үшін үлкен тәжірибе мен кәсіби шыңдалу үшін үлкен мүмкіндіктер сыйлайтыны белгілі.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасы орынбасарлығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға түсіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жүріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қызметкерінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жасап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Солайша, ұйымды Әділет министрлігіне тіркеттік.