Шымкентте «Халық қатысатын бюджет жобасы басталды

Malim Админ

  • 17.03.2021

Шымкет қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасынаясында тұрғындардың жергілікті мәселелерге ықпалын күшейтіп, қоғамдағы ашықтық пен жариялылықты жетілдіре түсетін тағы бір реформа – «Халық қатысатын бюджет» жобасы іске асырыла бастады.

Қалада аталған жоба туралы бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер мен жергілікті атқарушы органдардың ресми сайттары арқылы халыққа жан-жақты әрі толық мағлұмат берілген. Осының арқасында қала тұрғындары бұл жобаға белсенді түрде қатысып, көптеген ұсыныстарын жолдап жүр.

– Халық қатысатын бюджет азаматтардың жергілікті бюджет қаражатының бір бөлігін бөлу мен жұмсауға қатысуына мүмкіндік береді. Яғни, бір азамат ұсынып, тұрғындардың көпшілігі қолдау білдірген жобалар жергілікті бюджеттен қаржыландырылады. Осылайша азаматтар өздері тұратын аумақтарды дамыту мен абаттандыруға қатысады. Жобаны жүзеге асыру үшін Шымкент қаласында арнайы іс-шара жоспары бекітіліп, ол төрт ауданның әкімдіктері арқылы орындалуда. Осы мақсатта арнайы www.open-shymkent.kz интернет ресурсы әзірленді. Тұрғындар осы сайтқа өздерінің жобаларын ұсынып, идеялар конкурсы өткізілді. Келіп түскен ұсыныстар талданып, кейін ол бойынша «1 тұрғын – 1 дауыс» тәртібімен ашық дауыс беру жүргізілді. Сарапшылық қауымдастықтың талдау және дауыс берудің нәтижесі бойынша жобаларды қаржыландыру кезегі белгіленді. Аудан әкімдіктерінің сайтында шымкенттіктердің қай жобаға қанша дауыс бергенін көруге болады, - дейді Шымкент қаласы әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Есқараев.

Айта кету керек, бұл жоба Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 12 наурыздағы бұйрығымен бекітілген.

Жауапты мамандардың айтуынша, шымкенттіктер ұсынған көптеген жобалардың арасынан талапқа сәйкес келетін 63 жоба дауыс беруге жіберіліпті. Оның ішінде 41-і тұрғындардың қолдауына ие болып, көп дауыс жинаған. Бұл жобалардың жиынтық құны 1 миллиард 92,2 млн теңге болмақ.

Байланысты жаналықтар

1 сәуірден бастап бензин қымбаттайды

30.03.2023

«Депутаттар, шығыңдар!». Ашынған әйелдер Парламент үйіне барды  

29.03.2023

Астананы азық-түлікпен қамту қалай жүргізіліп жатыр?

28.03.2023

Қазақстанда аутизммен ауыратын балалар көбейді 

27.03.2023

Мүфтият «Алланың миссиясы бітті» деген әйелге қатысты мәлімдеме жасады

24.03.2023

Ермұрат Бапи: Маған сенім артқан халықтан басқа ешкімнің алдында жауап беруге міндетті емеспін!

23.03.2023
MalimBlocks
1 сәуірден бастап бензин қымбаттайды

Қазіргі бағадан 182-185 теңге жоғары

«Депутаттар, шығыңдар!». Ашынған әйелдер Парламент үйіне барды  

Олардың шағымын журналистер ғана тыңдады

Астананы азық-түлікпен қамту қалай жүргізіліп жатыр?

22 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

Қазақстанда аутизммен ауыратын балалар көбейді 

Психологиялық-педагогикалық көмек көрсету жеткіліксіз

Мүфтият «Алланың миссиясы бітті» деген әйелге қатысты мәлімдеме жасады

Мүфти Алланың атынан жалған сөйлеу, өте ауыр күнә екенін айтты

Ермұрат Бапи: Маған сенім артқан халықтан басқа ешкімнің алдында жауап беруге міндетті емеспін!

«Өзеннің арғы бетінде қалған» әріптестеріме не дейін?