Такси бағасын кім бақылайды? 

Жеке компаниялар қалаған бағаны қоя береді

Malim Админ

  • 12.12.2022

Ranking.kz  статистикасына  сенсек, Қазақстандағы такси қызметі ТМД елдерінің арасында  ең қымбат.  Елімізде бұл қызмет құны бір жыл ішінде 9%-ға өскен. Ал Беларусь, Өзбекстан, Молдова және Украинада такси бағасы бізден арзанырақ.        

Такси шақыратындар күн райы күрт бұзылғанда тіпті   көбейіп тұр. Азаматтар   осы  кезде бағаны тым   аспандатып жіберетіндерге  наразы. Астаналық Расул Амангелдіұлы  қоғамдық көліктен гөрі, көбінесе такси қызметіне жүгінетінін айтады. «Жол-жөнекей көлік тоқтамайды. Тапсырысты  арнайы қосымша арқылы беремін. Мысалы,  Мәңгілік ел көшесінен әуежайға дейін такси шақырсам, 2000 теңгеден  басталады. Бұл күндізгі уақыт екенін ескеру қажет. Ал кешке баға екі есе  қымбаттайды»,-дейді ол.   

Заңгерлер бұл қызмет қатаң  қадағаланбағандықтан, жеке компаниялар қалаған бағаны қоя береді дейді. Сондай-ақ автотұрақтағы көліктер санының аздығы да бұған  әсер етеді. Көлік тізгіншілері күн  райы мен кептелісті есептеп те  такси құнын белгілейді.

Такси жүргізушілерінің де өз уәжі бар. Жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын Нұрсұлтан Нұржанұлы «ІnDriver» мобильді қосымшасымен жұмыс істейді. Оның айтуынша, ресейлік қосымшалардағы пайыздық үстеме тым жоғары. Себебі, жанар-жағармайдан бөлек, қолға түсетін табыс та   ештеңеге жетпейді. 

«Күніне 10-20  рейс жасаймын. Жолаушының баратын мекен-жайына байланысты әр түрлі баға қойылады. Мысалы, 15-20 минуттық жерге бару үшін, шамамен 800-1000 теңге болады. Содан түскен ақшаның 9  пайызын «inDriver” мобильді қосымшасы алады. Сонда, әр рейс сайын 100 теңге алып отырады. Бұл сома  бағаның қойылғаныфна да байланысты өзгеріп кетеді. Оның үстіне көлік саймандары шетелден әкелетіндіктен, бағада удай қымбат. Сол себепті біздің бағамыз да өсті. Егер Қазақстанда осындай арнайы  қосымшалар болса, бәлкім пайыздық мөлшерлемесі аз болар ма еді?», - деген пікірде ол.

Заңгер  Талант Рамазанов «Такси қызметі таза нарықтық экономиканың жұмысы.  Оған мемлекеттің  араласуы бір жағынан заңсыз, екінші жағынан ол дұрыс та емес. Бізде таксидің қызметтері мемлекет тарапынан қауіпсіздікке байланысты ғана реттеледі. Екіншіден, ол салық салу тарапынан реттелінеді. Яғни мобильді қосымша  арқылы шақырылатын  таксилер  таксопарк ретінде тіркелуі керек. Ал аталған қызметтің  бағасы   динамикалық түрде осы нарыққа байланысты. Бір таксопарктің өзінің саясатына байланысты бекітіледі»,- дейді.          

Такси қызметінің қымбаттығы бойынша  Жетісу облысы алдыңғы орында тұр.   Мұнда  бір жыл ішінде баға  - 37,7 пайызға өскен. Ал одан кейінгі кезекте Алматы облысы - 28,1 %-ға және Абай облысы – 21,2%-ға қымбаттаған. Енді онлайн платформалар арқылы жұмыс істейтін жүргізушілер үшін арнайы салық режимі енгізіледі. Министр Тамара Дүйсенова күні кеше  үкімет сағатында Әлеуметтік Кодекс жобасын таныстырды.   Оның айтуынша,   салық агенттіктері ретінде онлайн платформалар операторларын айқындау ұсынылады. Олар  жұмыскердің пайдасына салық төлемдері мен әлеуметтік жарналарды аударып отырады.    Бұл жағдайда тәуелсіз жұмыскерлер жалдамалы мамандар  сияқты республикалық бюджеттен, мемлекеттік әлеуметтік қорлардан және сақтандыру компанияларынан әлеуметтік төлемдер алуға құқылы. Тиісті аударымдар болмаған жағдайда оларға заңдарда белгіленген ең төменгі мемлекеттік кепілдіктер беріледі.

Жаңа жоба келесі жылдан бастап жүзеге асырылмақ. Яғни, салық төлеушілер саны  шамамен 500 мыңға көбейетін сияқты.  Ал автокөлік жүргізушілері салықтан босатылады.  Такси құны онсыз да құтырып тұрғанда мына заңнан кейін баға тағы қымбаттайтыны анық. 

Байланысты жаналықтар

1 сәуірден бастап бензин қымбаттайды

30.03.2023

Автонесие алуға өтініш беру тәртібі өзгереді  

24.01.2023

Баспана бағасы  биыл да арзандамайды  

20.01.2023

Антимонопольщики озадачены вопросом "Яндекс.Такси"

18.01.2023

Қант бағасынан дәретхана қағазына дейін. Қош келдің, қымбатшылық!

19.12.2022

Қарашөкеев кімді алдап жүр?

12.10.2022
MalimBlocks
1 сәуірден бастап бензин қымбаттайды

Қазіргі бағадан 182-185 теңге жоғары

Автонесие алуға өтініш беру тәртібі өзгереді  

Автокөліктің құны 15 миллион теңгеден аспауы қажет

Баспана бағасы  биыл да арзандамайды  

Наурыздан бастап бірінші  нарықтың бағасы міндетті түрде қымбаттайды

Антимонопольщики озадачены вопросом "Яндекс.Такси"

Антимонопольщики обещают довести до конца расследование по тарифообразованию агрегатора "Яндекс.Такси".

Қант бағасынан дәретхана қағазына дейін. Қош келдің, қымбатшылық!

Қымбатшылықтың құрсауынан шықпаған сала жоқ

Қарашөкеев кімді алдап жүр?

Қымбатшылықтың себебімен емес, салдарымен күресіп жатыр