Талдықорғандық дәрігерлер жаппай жұмыстан кетпекші

Берік Жанатханұлы

  • 24.07.2020

Коронавирус өршіп тұрғанда Талдықорғандағы көп салалы ауруханадағы медициналық қызметкерлер жаппай жұмыстан кетпешкі. Олар аурухананың бас дәрігері Сәуле ҚҰСМОЛДАНОВАНЫҢ жұмыстан кетуіне наразы.

Оқи отырыңыздар: Баталов ашып тастаған орталыққа Әбдірайымов тендер жариялады

МӘЛІМ КЗ сайтының тілшісі ауруханаға келгенде дәрігерлер адам мәжіліс залында өз наразылықтарын білдіріп жатыр екен. Журналистерді көрген облыс әкімінің орынбасары Батыржан БАЙЖҰМАНОВ «бұл аурухананың ішкі мәселесі» деп БАҚ өкілдерін кетуін сұрады. Алайда, медицина саласының мамандары оған қарсы шығып, өз ойларын айта бастады.

«Ұжым болып бір сағат бұрын бас дәрігеріміздің кетіп жатқанын естідік. Бәріміз бірден жиналдық. Облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов пен  мен қала әкімі Ғалымжан ӘБДІРАЙЫМОВ келді. Біз ол кісілерден Сәуле РЫСБЕКҚЫЗЫ не себепті орнына кетіп жатыр деп сұрадық. «Адам өлімі көбейіп кетті» деп тоқетерін айтпады. Қазір коронавирус жер жүзін жалмап жатыр. Сондықтан да пандемияға жүйелі түрде қарсы күрес керек.  Ұжымда 800 аса адам бар. Сол ұжыммен ақылдасу керек қой. Біз де адамбыз. Арамызда кәсіби, сыйлы дәрігерлер бар. Бәріміз бас дәрігеріміз қалсын деп жатырмыз. Бұл кісі келгенде дәрігерлер 20 пайыз еді. Қазір 90 пайызға медициналық мамандар жасақталды. Барлық мамандар бар. Құрал-жабдықтар алынды. Коронавируспен түскендер бізде де емделіп жатыр. Медициналық қызметкерлер күндіз-түні емдеп жатыр. 70 пайызымыз ауырып жазылып шықтық. Ол кісіні қалдырмаса, әріптестерміз жұмысқа шықпаймыз деп жатыр. Індет өршіп тұрғанда былай жасауға бола ма?», - деді хирург Дәрібек ҚЫДЫРКЕШ.

Мәжіліс залында көпсалалы аурухана қызмектерлерімен бір сағаттай сөйлескен әкім орынбасары журналистер келген соң өзін қолайсыз сезінді ме, бас дәрігердің кабинетіне кетіп қалды. Ұжым да сол жақты бетке алды.

«Бұл аурухана ашылғалы Сәуле  Рысбекқызы көптеген жұмыстарды атқарды. Өзінің кәсібилігімен барлығымызға үлгі болды. Жас мамандарға, жаңадан келген қызмектерлерге көмегін аямады. Біздің талабымыз бұл кісі орнында қалсын! Бас дәрігерімізді еңбек демалысына жібереміз деп айтып жатыр. Егер ол кісі еңбек демалысынан қайтып келмесе, біз жұмыстан шығамыз. Дәрігерлер, медбикелер, санитарлар жұмыстан кету туралы арызымызды жазып қойдық. Әлеуметтік желілерде  Шымкенттен жаңа бас дәрігер келе жатыр деген ақпарат жүр»,- дейді көз дәрігері Гүлдана ӘЛІШЕРОВА. 

Талдықорғандағы  көп салалы аурухана ашылғалы яғни 2016 жылдан бері Сәуле Құсмолданова басқарып келген. Дәрігер сондай-ақ «Nur Otan» саяси кеңесінің мүшесі.

Оқи отырыңыздар: Әбдірайымов Баталовқа қабылданбаған ғимаратты ашқызыпты

Айтпақшы, бұл ауруханада COVID-19 вирусын жұқтырған облыс әкімі Амандық БАТАЛОВ емделген еді. Өңір басшысы ауырып жатқанда Талдықорғанда адам өлімі көбейіп кеткен. Облыс әкімінің орынбасары Серікжан БЕСКЕМПІРОВ пен Алматы облысының бас санитары Қайрат БАЙМҰХАМБЕТОВ өкпе қабынуынан көз жұмған еді.

Жиын соңында медицина қызметкерлері мен шенеуніктер бір мәмілеге келе алмады. Облыс әкімінің орынбасары Батыржан ҚҰЛАЙМЕРГЕНҰЛЫ көп салалы аурухана ұжымының талабын облыс әкіміне жеткізетінін айтты.

Фотолар автордікі.

Байланысты жаналықтар

Белгілі сыншы отандық БАҚ-ты сынға алды

18.12.2024

Серікбай Қосан: Ғалымдардың көбі ерте қайтыс болып кетті...

03.12.2024

Қазақтар ғана бір-бірінің үстінен арыз жазды деу қате пікір

13.11.2024

Қанағат Жүкешев: Қазақ тілін шенеуніктер емес, ғылым дамытуы тиіс

11.11.2024

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

06.09.2024

Эколог Лаура Мәлікова: АЭС-ті экологиялық энергия көзі деп бағалауға болмайды

31.07.2024
MalimBlocks
Белгілі сыншы отандық БАҚ-ты сынға алды

Серікбай Қосан: Ғалымдардың көбі ерте қайтыс болып кетті...

Марқұм ұстазымыз Үшкілтай апай, Қабиболла ағай, менің достарым Тоқтар Әлібек, Қарашаш Алпысбаева, Бақыт Әбжет – бұлардың бәрі қолжазбаның зияны тиген адамдар.

Қазақтар ғана бір-бірінің үстінен арыз жазды деу қате пікір

1922 жылға дейін Әлихан тек қазақ және орыс тілін білген. Ол кезде оның жасы 50-ден асқан еді. Логикаға салсақ, осыдан кейін 9 тіл біліп кетуі де екіталай ғой.

Қанағат Жүкешев: Қазақ тілін шенеуніктер емес, ғылым дамытуы тиіс

Қазақша сөйлеуді алдымен мемлекеттік қызметкер меңгеруі тиіс деп түсіндіру – бұқаралық сананы теріс бағыттау

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

Қазақ тілінің корпус қорын арттыру, ішкі функцияларын жетілдіру ғылыми тұрғыдан да, тіл болашағы тұрғысынан да өте маңызды әрі өзекті.

Эколог Лаура Мәлікова: АЭС-ті экологиялық энергия көзі деп бағалауға болмайды

Атом электр стансасы салынар болса, Қазақстанда тағы бір «Қошқар ата» полигоны пайда болуы мүмкін.