Төтенше жағдайдағы төлем төлене бастады

Malim Админ

  • 27.03.2020

 Жалақысыз демалысқа жіберілген тұрғындарға  Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлемдер тағайындау басталды.

 Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (МӘСҚ) Төтенше жағдай кезеңінде еңбекақысыз мәжбүрлі еңбек демалысына шығуынан табысынан айырылған азаматтарға әлеуметтік төлемдердің бере бастады.

Бір айлық есептік көрсеткішке тең  42,5 мың теңгелік әлеуметтік төлемді (ең төменгі жалақы)  Алматының екі тұрғыны алды.

Қазір ел арасында осы төлемді қалай алуға болады деген сұрақ көп. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры жаңа төлемді Қазақстан аумағында еңбек еткен ел азаматтарына келесі шарттармен беретінін хабарлайды:

– әлеуметтік төлем төтенше жағдайға байланысты жалақысы сақталмайтын демалысқа жіберілген (жұмыстан босатылмаған) қызметкерлерге беріледі;

– бұл жәрдемді алу үшін қызметкерлерге (жеке кәсіпкерлер мен шағын кәсіпкерліктегі жұмысшылар өзі үшін) төтенше жағдай енгізілгенге дейін соңғы 12 айда МӘСҚ-қа кем дегенде 3 ай бойы жарна аударғаны қажет;

–әлеуметтік төлем шағын, орта және микробизнес қызметкерлеріне; жеке кәсіпкерлерге (бұдан әрі – ЖК); жеке практикамен айналысатын адамдарға (нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор); БЖТ төлеушілеріне қолданылады.

Жаңа әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін жұмыс берушілер (ЖК, жеке практикамен айналысатын адамдар және БЖТ төлеушілер өз бетінше жүгінеді) «Электрондық үкімет» веб-порталында «Электрондық өтініш» сервисі арқылы жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға ТЖ кезеңінде қызметтің шектелуіне байланысты олардың қызметкерлерінің кірісінің жоғалуын растайтын құжаттарды, қызметкерлердің тізімін және қызметкерлердің жалақысы сақталмайтын демалыс беру туралы бұйрықтың  көшірмесін қосып, өтініш беруі қажет.

Жұмыс берушілердің (ЖК және басқа санаттағы) өтінімдері негізінде халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) штаб әлеуметтік қолдау көрсету туралы шешім қабылдайды, ал «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бөлімшелері МӘСҚ төлем жасайтын қызметкерлердің тізімін дербес қалыптастырады.

Әлеуметтік төлем қызметкерге жалақысы сақталмайтын еңбек демалысы кезінде, бірақ төтенше жағдайдың ұзақтығынан аспайтын мерзімде төленеді.

(Andy Bay фотосы Pixabay сайтынан алынды)

 

Байланысты жаналықтар

Төлемдер мен аударымдар жұмыс істемей ме? Ұлттық банк жауап берді

08.11.2024

«50 мың теңгеден төленеді»: Еңбек министрлігі ақпаратқа қатысты пікір білдірді

28.06.2024

Тасқыннан зардап шеккендерге қосымша 553 мың теңге беріледі – Бектенов

23.04.2024

«Ұлттық қор – балаларға»: Қаражатты қалай алуға болады? 

14.02.2023

Байқоңыр тұрғындарын Украина соғысына шақырып жатыр

14.02.2023
MalimBlocks
Төлемдер мен аударымдар жұмыс істемей ме? Ұлттық банк жауап берді

Хабарлама авторлары қазақстандықтарға 11 қарашаға дейін салық төлеуді ұсынды

«50 мың теңгеден төленеді»: Еңбек министрлігі ақпаратқа қатысты пікір білдірді

Ведомство мәліметінше, қаражатты аудару үшін белгісіз адамдар сілтемеге өтуді ұсынады.

Тасқыннан зардап шеккендерге қосымша 553 мың теңге беріледі – Бектенов

Оған адамдар тоңазытқыш, үстел, орындық, ыдыс-аяқ, киім-кешек сияқты жоғалған бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып ала алады.

«Ұлттық қор – балаларға»: Қаражатты қалай алуға болады? 

Жыл сайын жеткіншектердің шотына қаражат аударылады

Байқоңыр тұрғындарын Украина соғысына шақырып жатыр

Бұл туралы қалалық прокуратура мәлімдеді