457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ипотекалық бағдарламалар бойынша 11 мыңнан астам несие берілді

Қазақстанның құрылыс саласында ауқымды цифрлық трансформация іске қосылды. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің негізгі жобаларының бірі Бірыңғай цифрлық экожүйені — қолданыстағы ақпараттық жүйелерді алмастыратын «Тапсырыс берушінің бірыңғай терезесін» әзірлеу болды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді.  


Жаңа портал egov.kz платформасымен біріктіріледі және қала құрылысын жоспарлаудан бастап нысандарды пайдалануға беруге дейінгі құрылысты сүйемелдеудің толық циклін қамтамасыз етеді. 

Тұрғын үй саласында әлеуметтік осал топтағы азаматтар үшін 7% және қалған санаттар үшін 9% мөлшерлемелері бар «Наурыз» ипотекалық бағдарламасы іске қосылды. 2025 жылдың басынан бастап бағдарлама шеңберінде 202 млрд теңгеден астам сомаға 7 746 қарыз берілді.

Сондай-ақ, «Бақытты отбасы» бағдарламасын іске асыру жалғасып жатыр, ол бойынша 2019 жылдан 2024 жылға дейін 7 мыңнан астам көпбалалы отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді, ал 2025 жылы тағы 1 мыңнан астам отбасын қамту жоспарланған. 

2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» бағдарламасы ТКШ-ны дамытудың жүйелі тәсілін қамтамасыз етеді: жұмыс басталғаннан бері 2 мыңнан астам көппәтерлі үй күрделі жөндеуден өтті, тек 2024 жылы — 233 нысан. 2025 жылға тағы 421 үйді жөндеу жоспарланған. Моноқалалар мен ауылдық аумақтарды дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. «Отау», «Асыл мекен» және «Наурыз» бағдарламалары жеңілдетілген тұрғын үйді, оның ішінде екінші нарықтыда қарастырады, бұл әсіресе халқы аз өңірлер үшін маңызды.

Сондай-ақ, жайлы және тұрақты тұрғын үй ортасын жобалаудың бірыңғай ережелерін белгілейтін жаңа «Қалаларды кешенді стандарттау» әзірленді. Барлық шараларды кешенді жүзеге асыру тұрақты құрылыс экожүйесін қалыптастырады.

Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі