Түркістан. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау құқықтары қамтамасыз етіледі

  • 25.09.2023

 

Бұдан былай әкімдерді таңдау ел азаматтарының қолында болады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында елімізде аудан және ауыл әкімдерін тұрғындардың өздері сайлайтынын мәлімдеді. Былтыр өткен референдумда саяси реформалар ары қарай жетілдіріліп, маңызды өзгерістер енгізілді. Бұл үрдіс Түркістан өңірінің дамуынан оң әсерін тигізуде.

– Егер азаматтарымыздың әл-ауқатын шын мәнінде жақсартқымыз келсе, олардың өздерін осы іске белсенді түрде тартқан жөн. Алдағы саяси реформалардың барлығы халықты мемлекет басқару ісіне кеңінен қатыстыруға бағытталуы керек. Мысалы, қоғамдық пікір сауалнамалары ауыл әкімдерінің сайлау арқылы қызметке келуіне қатысты сұраныстың артқанын көрсетіп отыр. Бұл маңызды қадамды жан-жақты ойластырып, дәйекті түрде жүзеге асырған жөн. Мұндай жүйенің қалай жұмыс істейтінін нақты білуіміз керек» деді.

Ал референдумнан кейін саяси реформалар жалғасатынын жеткізді.

– Референдум еліміздің тарихындағы маңызды белес болды. Ұлтымыздың шынайы өзгерістерге деген дайындығы мен ұйымшылдығын көрсетті. Дауыс беруге азаматтарымыздың белсенді қатысуы қоғамымыздың кемелдігі мен жауапкершілігін білдіреді. Сайлау учаскесіне келіп, елімізді жаңғырту бастамасын қолдағандардың бәріне алғыс айтамын. Сіздер нағыз патриотизмнің үлгісін көрсетіп, Қазақстанның дәйекті дамуына зор үлес қостыңыздар. Еліміз үшін осы бетбұрысты сәтте заңды құқықтарын пайдаланып,  өздерінің ұстанымдарын айтқан бүкіл азаматқа ризашылығымды білдіремін. Ата заңға өзгерістер енгізу реформаларымыздың соңғы сатысын емес, енді басталғанын білдіреді. Біз елімізді жан-жақты жаңғыртуды жалғастырамыз. Жаңартылған Конституция негізінде биліктің барлық институты қызметінің мейлінше тиімді моделін қалыптастырамыз. Олардың арасындағы үйлесім мен тепе-теңдік механизмін нығайтамыз. Дәйекті саяси жаңғыру ұлттық экономиканы дамытуға, ұлттық кәсіпкерлікті нығайтуға ықпал етеді, – деді Президент.

Бүгінде еліміздегі халықтың 40 пайыздан астамы ауылды жерлерде тұрады. Ал Түркістан облысында тұрғындардың 80 пайыздан астамы – ауылдарда. Сондықтан, бұл бастаманың маңызы зор. Биылдан бастап іске асырылатын саяси науқанға дайындық жұмыстары қыза түскен. Айталық, Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясы ағымдағы жылдың 5 қарашасында пилоттық режимде өтетін Шардара ауданы әкімінің сайлауына дайындық жұмыстарын бастап кетті. Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін құқықтық оқыту бойынша түзілген жоспарға сәйкес 22 қыркүйек күні Ұзыната ауылдық округінің мәдениет үйінде Ұзыната, Алатаубатыр және Көк-су ауылдық округі аумақтарында орналасқан № 863, 865, 867, 968, 869 908 және 875 учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерімен көшпелі семинар-кеңес өткізді. Оны аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орынбасары А.Искаков жүргізіп отырды. Елімізде алғаш рет өткізілгелі отырған аудан және ауыл әкімдері сайлауының маңызы мен учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерінің сайлау өтетін күнгі негізгі міндеттері айтылды. Сонымен қатар, ҚР Орталық сайлау комиссиясының бекіткен нұсқаулығының талаптарына сәйкес сайлау учаскілерінің инфрақұрылымы жағынан дайындығы, жарықтандыру мәселері сөз болды. Әсіресе, саяси науқанда мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқығының қорғалуы, олардың дауыс беруіне барлық жағдайдың жасалуы, дауыс беру үй-жайына кіре берісте тұтқалардың пандустың болуы, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған бұрыштар мен кабиналардың тиісті құрал жабдықтармен жасақталуы пысықталды.

Семинар-кеңестің барысында қатысушылардың тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, оларға толыққанды жауаптар берілді. Сайлау өтетін күні туындауы мүмкін деген ситуациялық сұрақтарды заң талабы бойынша шешуге арналған тренинг өткізілді.

Айта кетейік, бұл саяси науқанды еліміздің мемлекеттік басқару жүйесін демократияландыруға ұмтылыс деуге болады. Президенттің пікірінше, Конституциялық реформа еліміздің мемлекеттік құрылымының тұғырын нығайтады. Сондай-ақ азаматтық қоғамның дамуына жол ашады, жалпыұлттық диалогты орнықтырады. Түптеп келгенде, мұндай қадамдардың халықтың әл-ауқатын арттыруға және еліміздің болашағын баянды етуге ықпал ететіні сөзсіз. Жалпы мемлекетімізде өткен референдум Қазақстан қоғамы үшін маңызды оқиға болды. Өйткені, еліміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басты.

 

Байланысты жаналықтар

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025

Күйші Секен Тұрысбектің домбырасын ұрлаған кім?

18.01.2025

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

30.12.2024
MalimBlocks
Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

Күйші Секен Тұрысбектің домбырасын ұрлаған кім?

Қасымда жүргендер үсітменен арыз жазды.

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

Оқиғалар көз алдымнан кинолента сияқты өтіп жатады. Сондай кезде жұмыс өнімді жүреді. Ондай кезде жайлы жер талғамаймын, ұшақта отырып та жаза беремін.