Түркістан облысы: Өтер жылға өкпе жоқ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде ауыл әкімдерінің сайлауы өткен болатын. Бұл үрдіс демографиясы жоғары Түркістан өңіріне оң ықпалын тигізуде. Өйткені, өңірде ауылдар саны көп. Олардың бәріне әкімдерді ел өзі таңдап жатыр. Мемлекет басшысы өз сөзінде «Келесі жылы бірқатар ауылдық округ әкімдерінің өкілеттік мерзімі аяқталады. Ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткізуге болады деп ойлаймын», - деген болатын. Осыған орай, Үкімет биылдан бастап аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлауды қолға алған еді. Мәселен, Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының хабарлауынша, 2023 жылдың 14 мамырында Арыс қаласы мен Сарыағаш, Сауран, Созақ аудандарының 5 ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтіп, сайлау қорытындысы бойынша сайлауға қатысқан сайлаушылардың көпшілік дауысымен Арыс қаласы "Дермене" ауылдық округі әкімі лауазымына Алдияр Шамшидинұлы Құрманходжаев, Сарыағаш ауданы "Дербісек" ауылдық округі әкімі лауазымына Дәулет Сабырұлы Артықбай, Сарыағаш ауданы "Жарты төбе" ауылдық округі әкімі лауазымына Абай Зайдинұлы Әшіров, Сауран ауданы "Жүйнек" ауылдық округі әкімі лауазымына Төребай Асқарұлы Әбдікәрімов, Созақ ауданы "Қарақұр" ауылдық округі әкімі лауазымына Ғалым Абдрашұлы Бимендиев сайланды.
Түркістан облысы Арыс қалалық кітапханасының директоры А.Әділбекова президент бастамасына қатысты: «2022 жылғы 5 маусымда өткен референдумда Түркістан облысы сайлаушыларының 80,66 пайызы өз таңдауын жасап үлгерді. Референдумға Түркістан обылысының халқы өз қалауы бойынша қатысты, дауыс беруде белсенділік танытып, басқа облыстарға қарағанда көштің басында тұрды.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев телеарналарға сұхбаттар беріп, Үндеу де жасады. Халықпен кері байланыс орнатудың нақты қадамдарына барды. Барлық ұсыныстар мен пікірлерді електен өткізіп барып, Жолдауын жариялады. Бұл Жолдаудың бағыты – барлық салада қоғамның бүкіл санаттарының тепе-теңдігін сақтай отырып, саяси, құқықтық жүйеде әділетті реформа жасау. Мемлекет басшысының айтқысы келгені мемлекет пен қоғамның арасындағы байланысты жақсарту, қоғамның үнін билікке жеткізіп, елімізде заңның үстемдігін қамтамасыз ету арқылы сайлау жүйесіне өзгеріс ендіру. Қазақстанда адам құқықтарын қорғау мақсатында саяси жүйе де жаңғыратын болады деген тұжырымды елге жеткізгені. Осы уақытқа дейін 1995 жылғы Ата заңымыз бүкілхалықтық референдум арқылы дүниеге келсе, содан бері уақыт талабына сәйкес, Ата заңымыздың 64 бабына қатысты, 1998, 2007, 2011, 2017, 2019 жылдарда бес рет өзгерістер мен толықтырулар енгізіліпті. Қолданыстағы Конституциямыздың 33 бабына өзгеріс енгізілуі туралы мәселе өте ауқымды болғанын ескере отырып, Мемлекет Басшысы Республикалық Референдум туралы заңның 18 бабына сәйкес, референдум тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Республикалық референдум туралы заң IV-тараудан, 37 баптан тұрады. Конституциялық реформалар стратегиялық болғандықтан халықтың қолдауы аса қажет. Референдум дауыс берудің ең демократиялық түрі әрі тікелей халықтың еркін білдіреді, ел пікірімен санасудың ең жоғарғы сатысы. Түркістанда жұртшылыққа Ата Заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың негізгі бағыттары мен мән-маңызын түсіндірілді. Елдің бірлігі үшін,тыныш тірлігі үшін саяси жүйедегі өзгеістерді таразылап жеті рет өлшеп бір рет кескен демекші референдум арқылы қоғамның барлық санаттарымен санасу, пікір алмасу демократияны көрсетеді. Референдум ашықтықтың, демократияның, саяси теңдікке жетудің ең биік сатысы бола алды. Президенттің айтуынша, Парламент жан-жақты зерделеп қабылдаған әрбір заңнамалық бастаманың гуманистік және құқық қорғау бағыттары айқын.
Айта кетерлігі, референдуммен бірге еліміздегі сайлау жүйесі де оң бағаға ие болуда. Ел айқын өзгерістерді сезінуде. Мемлекет басшысы Парламенттің ықпалын арттыра отырып, оларға нақты міндеттер жүктеді. Қазақстан Республикасының VIII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясында саяси реформаларға, алдағы жұмыстарға тоқталды.
«Баршаңызды жаңадан сайланған Парламенттің алғашқы сессиясының ашылуымен құттықтаймын! Сайлауда жеңіске жетіп, депутат атанған азаматтардың қызметіне табыс тілеймін! Сіздер мемлекетімізді дамыту және ел мүддесін қорғау ісіне үлес қосасыздар деп сенемін. Мен бір жыл бұрын, осы ғимаратта халыққа жолдауымды жарияладым. Еліміз үшін аса маңызды сәтте саяси жаңғыру бағдарламасын ұсындым. Бастамаларымыз жұрттың шынайы қолдауына ие болды. Оған былтырғы референдумда айқын көз жеткіздік. Біз тәуекелге бел буып, бірден іске кірістік. Бір жылдың ішінде ауқымды жұмыс атқарылды. Конституциялық реформа арқылы бүкіл жүйені өзгертетін қадамдар жасалды. Президент жеті жылға бір рет қана сайланатын болды. Сондай-ақ Парламенттің құзыреті мен қызметі қайта қаралды. Депутаттардың рөлі едәуір күшейді. Конституциялық Сот құрылды. Бүкіл сот жүйесіне түбегейлі реформа жасау басталды. Адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауға қатысты жұмыс жаңаша сипат алды. Азаматтардың саяси өмірге емін-еркін араласуына жол ашылды. Реформаларымыз «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидасына негізделді. Бұл қағида – мемлекетіміздің басты тірегі. Референдумнан кейін Конституцияның жаңа талаптарына сай билік тармақтарын түгел жаңғыртуға кірістік. Халықтың да көптен күткені осы еді. Конституциялық өзгерістерге сәйкес Президент сайлауы, Сенат, Мәжіліс және мәслихаттар сайлауы өтті. Референдумды қосқанда бір жылға жуық уақыттың ішінде өте маңызды 5 саяси науқан өткізілді. Оның бәрі аса күрделі кезеңге тұспа-тұс келді. Қаншалықты күрделі болса да, біз еліміз үшін өте қажет жолды қысқа мерзім ішінде жүріп өттік. Қазақстанның жаңарып, жаңғыра бастағанына жұрттың көзі жетті. Кешегі сайлауда партиялармен қатар көптеген азаматымыз бір мандатты округтен өзін-өзі ұсынды. Осылайша, халқымыз маңызды өзгеріске өз үлесін қосуға дайын екенін дәлелдеді. Елімізде жаңа азаматтық, саяси мәдениет қалыптасып жатыр. Мен сайлауға белсене қатысқан барша азаматқа алғыс айтамын. Бұл науқан, шын мәнінде, бұрынғыдан ерекше, өзгеше болды. Сайлау науқаны шынайы бәсеке жағдайында, ашық өтті. Үгіт-насихат кезеңін және дауыс беру барысын ақпарат құралдары жан-жақты көрсетті. Партияларға, үміткерлерге бірдей мүмкіндік берілді. Мұны отандық және шетелдік байқаушылар да айтып отыр. Қандай да бір саяси ұйымға артықшылық берілген жоқ. Президент ешбір партияның мүшесі емес. Облыс әкімдері партия бөлімшелеріне жетекшілік етпейді. Жоғары лауазымды қызметкерлер партия тізімінде болған жоқ. Яғни, барлық партиялар сайлауға бірдей жағдайда қатысты. Сайлаушылар да, үміткерлер де айрықша белсенді болды. Саяси партиялар әр аймақта ел назарын өзіне аудару үшін тартысқа түсті. Бірнеше рет тікелей эфирде партиялар арасында қызу және тиімді пікірталас болды. Бұл – демократиялық қоғам үшін қалыпты үрдіс. Мұның бәрі Қазақстанда ашық азаматтық қоғамның нығайып келе жатқанын көрсетті. Сайлау науқаны кезінде көптеген орынды сын, байыпты ұсыныс айтылды. Біз айтылған салмақты ұсыныстарды міндетті түрде зерделейміз. Бәсеке жоғары болғандықтан, сайлау нәтижесін алдын-ала болжау мүмкін емес болды. Оның қорытындысы еліміздің нағыз көппартиялы мемлекетке айналу жолында маңызды қадам жасағанын көрсетті. Мемлекет басшысы ретінде айтарым, Мәжіліске көзқарасы әртүрлі саяси ұстанымдағы күштер келді деп есептеймін. Алғаш рет ұзақ жыл бойы оппозицияда болған партия Парламентке өтті. Біз осының бәріне ауқымды саяси реформаның арқасында қол жеткіздік. Партияларды тіркеу мәселесін реттейтін заңнаманың өзгеруі де бұған септігін тигізді. Енді партиялар еліміздің болашағына зор ықпал ететін саяси үдерістің басы-қасында жүретін болады. Мәжіліске бір мандатты округтен де депутаттар сайланды. Яғни, Парламентке түрлі әлеуметтік топтан шыққан өкілдердің келуіне жол ашылды. Сондай-ақ ұзақ жылдан бері алғаш рет өзін-өзі ұсынған үміткерлер депутат атанды. Бірқатар азамат партия атынан шыққан үміткерлерді тартысты бәсекеде жеңіп шықты. Осылайша, елімізде демократия дәстүрі жаңа деңгейге көтеріліп, нығая түсті. Саяси күштердің бәріне бірдей мүмкіндік берілетініне азаматтардың сенімі артты. Еліміздің жастары әрдайым менің айрықша назарымда екені баршаға мәлім. Мен билікке ойы озық, білімді жастар келуі керек деп үнемі айтамын. Өскелең ұрпақты ел ісіне баулу – өте маңызды мәселе. Олар қоғамға жаңа құндылықтар әкелуге тиіс. Сайлау кезінде жас кандидаттар бірігіп, өз тобын құрғаны белгілі. Осы одақтың белсенді мүшелері Парламентке және мәслихаттарға өтті. Осылайша, өкілді билік тармағына саясаткерлердің жаңа буыны келіп жатыр. Жастар мұны елімізді дамытуға берілген бірегей мүмкіндік деп бағалауы қажет. Сондай-ақ әйелдердің және ерекше қажеттілігі бар жандардың Мәжіліске өтуіне жағдай жасалды. Саяси науқан қоғамдағы әрбір азамат Парламентке мүше бола алатынын және «әлеуметтік лифт» жұмыс істейтінін айқын аңғартты. Әділетті қоғамның қалыптасуы дегеніміз – осы!», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бүгінде ел Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың саяси реформалары мен Жолдауларына қолдау білдіріп келеді. Осы ретте өзім қызмет етіп жүрген салаға тоқтала кетейін. Кітапхана еліміздің ұлттық рухани азығы болғандықтан беделі жоғары, қоры бай кітапханалар қатары көбейіп келеді. Жастарымызды кітап оқуға тарту мақсатында түрлі инновациялық іс-шаралар ұйымдастырып, кітап қорымызды насихаттап, сақтап, келер ұрпаққа табыс ету кітапханашылардың қасиетті борышы деген қасиетті қағидамен жұмыс істеп, кітап оқу мәдениетін қалыптастырып келеміз. Бұл Жаңа Қазақстан құрудағы үлесіміз деп ойлаймын.
«Біз қоғамдық және жеке құндылықтар жүйесін түбірімен жаңғырта білуіміз керек. Сонда ғана барлық салада түбегейлі өзгеріс жасай аламыз. Жаңа Қазақстанның ең басты байлығы – халық. Ал ең негізгі мақсаты – азаматтардың бақытты өмір сүруін қамтамасыз ету. Біз қоғамның барлық өкілдерінің талап – тілектеріне жауап беретін озық мемлекет құруымыз керек. Басқару жүйесінің тиімділігі жұмыстың барысымен емес, түпкі нәтижемен өлшенетін болады. Мемлекеттік аппарат бизнеспен, үкіметтік емес ұйымдармен және азаматтармен тығыз жұмыс істеуге баса назар аударуы тиіс. Сол арқылы ел мүддесіне сай тиімді шешімдер қабылданып, халыққа көрсетілетін қызмет сапасы жақсара түседі», деді Президент.
Елдегі саяси реформалар толық жүзеге асса, елдің әлеуеті көтеріледі деген сенім мол. Ең бастысы, бірлік пен тұрақтылық керек»,-деп пікір білдірді.
Ал «Оңтүстікфильм» мекемесінің басшысы Райхан Нарикова референдум жаңа мүмкіндіктерге жол ашып отырғанын айтты.
-Түркістан облысы. Жаңа Қазақстанды құру үшін атқарылып жатқан жұмыстар, түрлі өзгерістер елді дамытуға, оның экономикасын көтеруге және жаңа мүмкіндіктерге үлкен жол ашып отыр. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев батыл саяси реформалар жасап жатыр. Бұл реформалар мемлекеттік саяси институттардың жұмысына тікелей әсер етуде. Тарихта қалатын үлкен өзгеріс екенін сарапшылар да тілге тиек етуде. Елімізде соңғы кездері жүзеге асқан маңызды саяси реформалар бүгінде жемісін беріп жатқаны жасырын емес. Азаматтық қоғамды дамыту бағытында атқарылған ауқымды жұмыстар дәлел бола алады. Ата Заңға өзгерістер енгізу туралы референдум, Парламент және мәслихат депутаттарын сайлау, ауыл, аудан әкімдерін сайлау науқаны саяси өмірге жаңа есімдерді әкелді. Жастарға, әйелдерге арнайы квоталар бөлініп, сайланбалы органдарда жұмыс істеулеріне мүмкіндіктер молайды. Соның бірі әйел қауымы да белсене атсалысып, праймериз сынды дүниелерге қатысты. Қоғамда орны бар екені дәлелденді. Жақында ғана ауыл әйелдеріне арнап Түркістанда форум өтті. Бұрынғыдай көзқарас жоқ. Біздің қыз-келіншектер саясатқа, қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысып жатыр. Қазіргі таңда, облыста 177 мыңнан аса көпбалалы ана бар. Оның ішінде 15 мыңнан аса «Алтын алқа» иегері, 43 мыңнан аса «Күміс алқа» иегері саналы ұрпақ өсіріп жатыр. Өңірімізде әйелдер қауымы барлық салаларда жемісті еңбек етуде. Облыс көлемінде шамамен 155 073 мың кәсіпкер болса, оның 48 000-ға жуығын шағын және орта бизнеске басшылық жасап жатқан әйел азаматтар құрайды. Статистикаға сәйкес, шағын және орта кәсіпкерліктің 32%-ында әйел адамдары басшылық жасауда. Яғни, Түркістан өңірінде жұмыс жасайтын әрбір үшінші кәсіпкер әйел кәсіпкерлері болып табылады. Бұл бағытты қолдау мақсатында еліміздегі алғашқы «Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы» өткен жылдың қараша айында Түркістан қаласында құрылды. Орталықтың мақсаты – кәсіпкер әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту, бизнесті жүргізу үшін оларға қолайлы жағдайлар жасау. Орталыққа кәсіпкер әйелдер, сондай-ақ кәсіпкерлік бастамасы бар әйелдер, бастаушы стартаперлер кеңес алу үшін қызмет көрсетуде. 2023 жылғы қазіргі таңдағы жағдай бойынша Түркістан облысындағы іс басындағы 5658 мемлекеттік қызметшінің 1564-і немесе 27,3 пайызын нәзік жандылар құрайды. Оның ішінде, 249-ы немесе 15 пайызы басшылық лауазымдарды атқарады. Тұрақты жұмыс орындарына 35 195 азаматтар жұмысқа жолданып, оның 15 664-і әйелдер немесе 44,5 пайызын құрады. Субсидиялау арқылы уақытша жұмыс орындарына 34 959 азаматтар жолданып, оның 18 923-ін әйелдер немесе 54,1 пайызын құрады. «Бизнес-Бастау» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздерге оқуға 21 708 адам жолданды (оның ішінде 12 660 әйелдер немесе 58,3 пайыз). Грант 1 687 адамға беріліп, оның ішінде 977 адам немесе 57,9 пайыз әйелдерді құрады. Қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 403 адам жолданды (оның ішінде 242 әйелдер-і немесе 60,0 пайыз). Осы деректерден Президентіміздің саяси реформалары өңірде белсенді жүзеге асып жатқанын байқаймыз. Тең құқық беріліп, азаматтық ұстанымының арқасында ел болашағына азамат ретінде, ана ретінде үлкен істер атқарарынан сенемін. Бұл тұрғыда отандық балалар фильмінің де орны зор. Бұл бағытта да біршама жұмыстар атқарылып келеді. Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда кино өндірісі, соның ішінде балалар фильмі жайлы жақсы бастама көтерілді. Бүгінде «САҚ» киностудиясымен бірлесіп, ұлттық идеологияны дамытатын бірнеше анмациялық фильмдер жасалды. Облыс басшылығының қолдауымен мұндай жобалар әрі қарай да жалғасын таба бермек,- дейді Райхан.
Шаруалар да бейжай отырмау, өз қолдауларын бірдіріп жатыр
«Ақ Орда» шаруа қожалығының төрағасы Тұрғанбек Қанаев: «Бүгінгі қалың елдің қалауы әделетті қоғам орнату екені анық. Ел бірлігін басты байлыққа балап, саяси тұрақтылықты экономикалық дамумен ұштастыра білген еліміз бұл «өткелдерден» де өтіп келеді. Саяси жаңғыру ісінде тұйықталып тұрып қалмай, аңдап басып, алға жылжымақ ләзім. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде пысықталып, Парламентте қабылданған оннан аса заң жобасы аясында саяси реформалар жүзеге асып келеді.
Берік тұғыры, қуатты қолдауы болмаса және жан-жақты ойластырылмаса, ұлы идеялар да жарға жығатыны анық. Сол үшін елдің болашағы үшін бірлік керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласын жүзеге асырудағы негізгі міндет те осыған саяды. Бұл туралы Президент VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде:
«Мен бір жыл бұрын, осы ғимаратта халыққа жолдауымды жарияладым. Еліміз үшін аса маңызды сәтте саяси жаңғыру бағдарламасын ұсындым. Бастамаларымыз жұрттың шынайы қолдауына ие болды. Оған былтырғы референдумда айқын көз жеткіздік. Біз тәуекелге бел буып, бірден іске кірістік. Бір жылдың ішінде ауқымды жұмыс атқарылды. Конституциялық реформа арқылы бүкіл жүйені өзгертетін қадамдар жасалды. Президент жеті жылға бір рет қана сайланатын болды. Сондай-ақ Парламенттің құзыреті мен қызметі қайта қаралды. Депутаттардың рөлі едәуір күшейді. Конституциялық Сот құрылды. Бүкіл сот жүйесіне түбегейлі реформа жасау басталды. Адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауға қатысты жұмыс жаңаша сипат алды. Азаматтардың саяси өмірге емін-еркін араласуына жол ашылды. Реформаларымыз «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидасына негізделді. Бұл қағида – мемлекетіміздің басты тірегі, -- деді.
Ел Үкіметі феферендумнан кейін Конституцияның жаңа талаптарына сай билік тармақтарын түгел жаңғыртуға кірісті. Халықтың да көптен күткені осы еді. Конституциялық өзгерістерге сәйкес Президент сайлауы, Сенат, Мәжіліс және мәслихаттар сайлауы өтті. Референдумды қосқанда бір жылға жуық уақыттың ішінде өте маңызды 5 саяси науқан ұйымдастырылды. Оның бәрі аса күрделі кезеңге тұспа-тұс келді. Дегенмен, Қасым Жомарт Кемелұлы: «Қаншалықты күрделі болса да, біз еліміз үшін өте қажет жолды қысқа мерзім ішінде жүріп өттік. Қазақстанның жаңарып, жаңғыра бастағанына жұрттың көзі жетті» деді.
Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Жаңа Жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезең» атты Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру, билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату, сол арқылы замана талабына бейімделген үйлесімді мемлекет қалыптастыру үшін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылды. Ол өткен жылы Ұлттық құрылтайға трансформацияланды. Мұның өзі бір жағынан халықтың пікіріне құлақ қоюға, екінші жағынан азаматтық қоғамға қолдау көрсетіп, оның әлеуетін нығайта түсуге ықпал ету болып саналады, -дейді.
Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Нұржан Жамалбеков заң үстемдігі орнықпаса және азаматтардың қауіпсіздігіне кепілдік берілмесе, әлеуметтік-экономикалық дамудың бірде-бір міндеті табысты жүзеге асырылмайды деп отыр.
-Халық үніне құлақ асатын мемлекет» – бұл, шын мәнісінде, «Әділетті мемлекет» құру тұжырымдамасы. Азаматтардың мәселелерін тыңдап, көріп қана қою жеткіліксіз. Ең бастысы – дұрыс және әділ шешім шығару қажет.
Азаматтар мүддесіне қызмет ететін мемлекеттің жаңа стандарттарын әзірлеу үшін көп жұмыс атқаруымыз керек. Осы тұрғыда құқық қорғау және сот жүйелеріне негізгі рөл жүктеледі. Бұл салаға реформа аса қажет.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес барынша жүйелі сипат алуда. Жемқорлықтың пайда болу себептеріне көбірек назар аударылып, алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Енді жемқорлыққа апаратын факторларды анықтау үшін мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың нормативтік актілері мен жұмыс үдерісіне жемқорлыққа қарсы күрес тұрғысынан арнайы талдау жүргізген жөн. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықпен күрес жауапқа тартылудан қорыққан шенеуніктерді дербестік, бастамашылдық және жедел әрекет ету қасиеттерінен айырмауға тиіс.
Біз мемлекеттік бақылауға балама ретіндегі қоғамдық бақылау институтын қолдай отырып, тиісті құқықтық негіз қалыптастыруымыз керек. Мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектордың қоғам алдындағы ашықтығын және есептілігін қамтамасыз етуге жол ашатын «Қоғамдық бақылау туралы» заңды әзірлеп, қабылдауды тапсырамын. Қоғамдық кеңестердің рөлін арттыра түсу керек. Оларды сатып алуды ұйымдастыратын комиссиялардың жұмысына тарту қажет. Сондай-ақ, квазимемлекеттік секторда қоғамдық кеңестер құру мүмкіндігін қарастыру керек. Парламент қарауындағы тиісті заң жобасын жыл аяғына дейін қабылдаған жөн.
Сонымен қатар, Қоғамдық кеңестердің құрамына түрлі әлеуметтік топ өкілдерін кеңінен тарту қажет. Мысалы, біз мүмкіндігі шектеулі адамдар осындай ұйымдардың жұмысына араласып, өз үндерін жеткізуі үшін қолайлы жағдай жасауымыз керек. Олар әрқашан мемлекеттің ерекше назарында болуға тиіс.
Квазимемлекеттік құрылымдардың қаржы-шаруашылық қызметін, бюджет қаражатын пайдалану жөніндегі мәліметтерді және басқа да құнды деректерді бүкіл қоғамға қолжетімді ету үшін бірыңғай ақпараттық ресурс құру аса маңызды болып отыр. Мемлекеттік органдардың шешімі жөніндегі ақпараттың ашықтығы азаматтық қоғаммен сындарлы диалог орнатуға септігін тигізеді.
Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі заң жобасын мүмкіндігінше осы сессияның аяғына дейін қабылдау керек. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа тәсілдерін енгізген жөн деп санаймын. 2021 жылдан бастап мемлекеттік қызметшілердің, депутаттардың, судьялардың шетел банктерінде есепшотқа ие болуы, қолма-қол ақша және бағалы заттар сақтауына қатысты жемқорлықпен күрес аясында жаңа шектеулер енгізу керек. Мемлекеттік қызметшінің немесе квазимемлекеттік мекеме басшысының қос азаматтығы анықталған жағдайда олар қызметінен босатылады.
Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, судьялардың, пара берушілердің және парақорлыққа делдал болғандардың сыбайлас жемқорлығы үшін жазаны қатайту тұрғысынан Қылмыстық кодекске өзгерістер енгізу керек. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасағандарға шартты түрде мерзімінен бұрын босату шарасы қолданылмайды. Жемқорлықпен ұсталғандардың мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда жұмыс істеуіне өмір бойы тыйым салатын қағида қатаң сақталуы керек. Біз сыбайлас жемқорлық деректері туралы хабарлаған адамдарды заң жүзінде қорғайтын жүйе қалыптастыруымыз қажет, -- деді Президент.
Расында да, еліміздің саяси жүйесін ішінара емес, кешенді жаңғырту бағдарламасы өте қажет болды. Ұзаққа созылған билік транзитінің аяқталып, саяси жаңғыруды батыл, серпінді жүргізуге «Қасіретті қаңтар» оқиғалары түрткі болғанын да жасыра алмаймыз. Зобалаң, зұлмат, дүрбелеңге толы болған, еліміздің 11 өңірін қамтыған сол оқиғалар ескі мен жаңаның тартысындай болғаны анық. Осынау сын сағатта мемлекетіміздің болашағы, еліміздің кемел келешегі билік басындағы көшбасшы тұлғаға тікелей байланысты болды. Жаза басса, қате шешім қабылдаса немесе болбырлық танытып бұғып қалса, онысы қыл үстінде тұрған қазақтың мемлекеттілігінің тағдырына нұқсан келтіретін еді. Міне сондай сын сағаттардан өткен ел сол күндерден сабақ алып, ондай қасіретті жағдайлардың қайталанбауына атсалысуы керек.
Соңғы жылдары елімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен маңызды саяси реформалар жүзеге асырылуда. Саяси өзгерістерді Түркістан облысы тұрғындары да сезінуде. Биылғы наурыздағы сайлау нәтижесінде аймақта бәсекеге қабілетті мәслихаттар қалыптасты. Біз халықпен кездесулерде сайлау жүйесін, өзгерістерді тұрақты түсіндіріп жүрміз. Осы ретте Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары да өз деңгейінде еңбек етуде. Бір ерекшелігі – сайлаушылармен байланыс күшейді. Әрбір депутат ел алдында тұрақты түрде есеп беруде. БАҚ-пен байланыс орнату, ашықтық талап етілді. Біз осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Осы ретте Түркістан облыстық мәслихатының депутаты ретінде атқарылған жұмыстар бойынша ақпаратпен бөліскелі отырмыз.
Депутат – ең әуелі ол халықтың қызметшісі. Оның міндеті алық арасында болып олардың арасындағы өзекті мәселелерді зерделеп нақты шешілу жолдарын қарастыру болып саналады. Мен 8 шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының депутаттығына бір мандаттық сайлау жүйесі бойынша Сайрам ауданынан түсіп, сайландым.
Жалпы Түркістан облыстық мәслихатының депутаты ретінде ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Сайрам ауданында 7 рет қоғамдық қабылдау өткізсем, оған қоса 4 рет шалғай елді-мекендерде қоғамдық қабылдау өткізіп, жалпы саны 47 азаматтың талап-тілектерін тыңдадым.
Қабылдау нәтижелері бойынша жалпы саны 14 депутаттық сауал жолдаған болсам, соның ішінде Қазақстан Республикасы индустрия және даму министірлігінің автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Т.Т.Абдуалинге -1, Түркістан облысы әкімінің орынбасарына-4 рет сауал, Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасына-3 рет, Сайрам ауданының әкіміне – 2 сауал және өзгеде басқармаларға-4 сауал жолданды.
Солардың ішіндегі ең өзектіліеріне тоқталып өтсем.
Ағымдағы жылы Түркістан облыстық мәслихатының депутаты ретінде Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Жібек жолы ауылдық округінде көшпелі қоғамдық қабылдау өткізген болатынмын.
Қабылдау барысында түрлі мәселелер көтеріліп, біршама ұсыныстар түсті. Соның ішінде ауыл тұрғындары Сайрам ауданы аумағы арқылы өттетін республикалық маңызы бар А-2 «Қорғас-Алматы-Тараз-Шымкент-Өзбекстан респ.шекарасы» автомобиль жолының бойындағы Жібек жолы елді мекенінің тұсына жер асты мал өткелін салып беру мәселесін көтеріп, көмек сұрауда.
Өздеріңізге белгілі Сайрам ауданы тоғыз жолдың торабы болған Жібек жолы даңғылының бойында орналасқан бір жағы республикалық маңызы бар жол, бір жағынан темір жол өткелі өтіп, қатынас тоқтаған емес. Ауданда 250 мыңға жуық халық тұрса, тұрғындардың басым бөлігі мал шаруашылығымен айналысады. Жер көлемі тар болуына байланысты республикалық маңызы бар А-2 «Қорғас-Алматы-Тараз-Шымкент-Өзбекстан респ.шекарасы» авто жолы арқылы өткізіп, жайылымдық жерге апарып, мал жаюда. Алайда аталмыш жолда мал өткелінің болмауына байланысты көптеген жол-көлік оқиғалары орын алып, қайғылы жағдайларға әкеп соғуда. Соған қарамастан экспорты бойынша республикамызда көш бастап тұрғын аудандардың бірі. Бүгінде, бұл уақыт күттірмейтін мәселеге айналып отыр.
Осыған орай, мәселенің өзектілігін ескере отырып, шаруаларға қолайлы жағдай жасау мақсатында республикалық маңызы бар А-2 «Қорғас-Алматы-Тараз-Шымкент-Өзбекстан респ.шекарасы» автожолы бойындағы Жібек жолы елді мекенінің тұсына мал өткелдерін салуға ықпал жасап, мәселені оңтайлы шешіп беру үшін, Қазақстан Республикасы индустрия және даму министірлігінің автомобиль жолдары комитетінің төрағасына жолданды. Оған қоса, жыл басында біршама басқармаларға Қарасу ауылындағы Ақбай каналының мәселесін айтып, күрделі жөндеу қажеттілігі туралы сауал жолдаған болатынмын. Сәйкесінше Қарасу-Ақбай каналына бюджеттен 131 млн. теңге қаралып, 6 км канал күрделі жөндеуден өткізілетін болды.
Жалпы маған қарасты Сайрам ауданында ауылдардағы күрделі мәселелердің жыл басында арнайы картасы жасалып барлық мәселелер бойынша депутаттық сауал жолдап, тұрақты бақылауда тұр.
Ал, Сайрам ауданыың әкіміне Жібек Жолы, Құрлық, Сиқым ауылдарына қатысты жолдаған сауалдарыма сәйкес;
Сайрам ауданы Жібек жолы ауылдық округі аумағынан өтетін республикалық маңызы бар «Батыс Қытай-Батыс Европа» автомобиль жолына сергек бейне бақылау камерасын орнатуды сұранып Түркістан облысы цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасына 15.03.2023ж №229-33/04-36/4321 санды хат жолданса,. Сонымен қатар, 2023 жылы ауыл аумағында тозығы жеткен электр бағаналары мен трансформаторларды ауыстыруға 16 млн теңге қаржы қаралған.
Жібек жолы елді мекендегі ауыз құбырларын ауыстыру үшін жоба сметалық құжаттары дайындалып құрылыс жұмыстарының құны 232,0 млн теңгегні құрады. Мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпазы «Универсал Строй Сервис» ЖШС-і, мекемесі анықталған. Құрылыс жұмыстарына «Ауыл ел бесігі» бағдарламасынан 100,0 млн тенге қаржы бөлініп, бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Сиқым елді мекеніндегі Ауыз су мұнарасының сиымдылығы 60 куб м. ауыл тұрғындарын ауыз сумен толық қамтамасыз етуге жеткілікті. Ал су ұңғысын қазуға Жібек жолы және Сиқым ауылдарында жер асты су көзіне іздеу барлау жұмыстарын жүргізу барысында ауыз су қоры анықталмағанын жеткізіп отыр. Жалпы жоғарыда жолдаған сауалдар арқасында көптеген түйіткілді мәселелердің түйіні шешіліп отыр.
Жалпы біз «АМАНАТ» партиясы атынан сайланғандықтан өзіміздің және партияның сайлауалды бағдарламасы негізінде жұмыстарды жүзеге асырамыз. Сондай-ақ партиялық жобалар негізінде іс-шаралар өткізудеміз.
Сондай жобалардың бірі «ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК» жобасы. Бұл – партияның ең ұтымды және халыққа етене жақын жобаларының бірі. Жоба аясында ағымдағы жылдың тамыз айында Сайрам аудандық сотының төрағасы мен Сайрам ауданы прокуратура өкілдері, заңгерлер және адвокаттармен бірлесе арнайы қоғамдық қабылдау өткізіп, азаматтарға заң аясында кеңес бердік. Және бұл үрдіс тұрақты түрде жалғасын тауып келеді.
«АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ
Биыл сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «2025 жылға дейін халықтың табысын арттыру бағдарламасы» бекітілді. Ауыл тұрғындарының жылдық мөлшерлемесі 2,5%-ды құрайтын жеңілдетілген несие алуына, кооператив құру және техниканы лизингке ресімдеу кезінде көмек алуына мүмкіндік пайда болады. Осы бағдарлама аясында партия Үкіметпен бірлесіп «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыруда.
Жобаның негізгі мақсаты халықты тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету, ауыл әлеуетін тиімді пайдалану арқылы ауыл экономикасын және халықтың өмір сүру деңгейін көтеруге үлкен мүмкіндіктер береді.
Жұмыссыздықты және ауылдық елді мекендердегі атаулы әлеуметтік көмек алушылар санын азайту, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды заңдастыру, ауылдық елді мекендерде жаңа жұмыс орындарын құру, мал мен құс санын ұлғайту, шағын кәсіпкерлікті ашу арқылы халықтың табысын арттыру және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
Несиелендіру 6 БАҒЫТТА жүзеге асырылатын болады:
Ø Өсімдік шаруашылығын дамыту;
Ø Мал шаруашылығын дамыту;
Ø Құс шаруашылығын дамыту;
Ø Балық шаруашылығын дамыту;
Ø Ауыл шаруашылығы кооперативтерді жабдықтау;
Ø Тұрғындардың өз кәсібін ашу.
Ауыл аманаты» пилоттық жобасы аясында төрт ауылдық округіне жылдық жоспар 266 жоба қойылған. (Облыс деңгейінде берілген жоспар 266 жоба) «Ырыс» МҚҰ-на өтініш білдіруі тиесілі болатын. Бүгінгі күнге 200 азамат жобасы (1 057 150 мың теңге) дайындалып ұсынылған.
Оның ішінде:155 жоба (884 375 мың теңге) мақұлданып, 113 жоба 643 225 мың теңге) қаржыландырылды.
6 бағыт бойынша тұрғындар тарапынан 5 жоба ұсынылып, оның ішінде 4 жоба мақұлданылған. 1 жоба қаржыландырылған.
Балық шаруашылығы ашу бойынша 4 жоба ұсынлып соның 1 жобасы құжаттары жинақталуда, 3 жобасы мақұлданған, 1 жоба қаржыландырылған.
Әлуметтік көмек алушылар бойынша (АСП) 5 жоба ұсынылып, 5 жобада мақұлданған, соның 4 жобасы қаржыландырылған.
Ауыл округтері кесінідісінде:
Ақбұлақ ауылдық округі бойынша 41 азамат құжат тапсыру тиесілі болса қазіргі таңда 45 жоба дайындалып ұсынылған. Оның ішіде 32 жоба мақұлданып, 24 азаматтың жобасы қаржыландырылған. 8 жоба «Ырыс» МҚҰ-да 2 данадан құжаттары жинақталуда.
Жібек Жолы ауылдық округі бойынша 41 азамат құжат тапсыру керек болса қазірігі таңда 41 жоба дайындалып мақұлданған. 32 азаматың жобасы қаржыландырылған. 9 азамат жобасы «Ырыс» МҚҰ-да 2 данадан құжаттары жинақалуда.
Қайнарбұлақ ауылдық округі бойынша 65 азамат өтініш білдіруі тиісті болса қазіргі таңда 43 жоба ұсынылған. Оның ішінде 26 жоба мақұлданып, 15 жоба қаржыландырылған. 11 жоба «Ырыс»МҚҰ-да 2 данадан жинақталуда.
Көлкент ауылдық округі бойынша 119 азамат өтініш білдіруі тиісті болса, қазіргі таңда 71 жоба ұсынылып, 56 жоба мақұлданған. 42 жоба қаржыландырылған. 14 жоба «Ырыс»МҚҰ-да. 2 данадан жинақталуда.
«ЖЕР АМАНАТЫ» ЖОБАЛАРЫ БОЙЫНША
Сайрам ауданында тиісті жұмыстар атқарылуда. Түркістан облысының Жер басқармасының жоспарлық тапсырмасына сәйкес Сайрам ауданына 5000 га жайылым жер қайтару жоспарланған.
Қәзіргі таңда 2074 га жайлым жер қайтарылды. Алдағы уақытта жылдың соңына дейін қайтарылады.
«АМАНАТ» партиясы Сайрам аудандық филлиалы Саяси кеңесі Бюросының 08.06.23 жылғы №007РQ қаулысымен «АМАНАТ» партиясының Түркістан облысы бойынша 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасы бекітілген. Жол картада жалпы 4 бағытта 55 іс шараны орындау айқындалған.
Сайрам ауданы бойынша 2023-2027 жылдарға ауданда жоспарланған 55 іс-шараның 2023 жылы орындалуы тиіс 54 іс-шараның ағымдағы жылдың 7 айынд 14-і (25,9%) орындалды, 40-ы (74%) орындалу үстінде, жыл қорытындысымен толығымен орындалады.
Бағыттар бойынша тоқталсақ.
«АЙМАҚ ЭКОНОМИКАСЫН ДАМЫТУ» бағытында 21 іс шара қамтылған. 2023 жылдың 7 айында 9 іс-шара орындалды, 12-сі орындалу үстінде.
Ауыл шаруашылығын дамыту іс шарасы бойынша ауыл шаруашылығы өнім көлемін 133 млрд.теңгеге жеткізу жоспарланып, есепті кезеңде 41,5 млрд.теңгеге жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 104,7% құрады. Жылдық жоспар 31%-ға орындалған.
Егін шаруашылығында 1,4 млрд.теңгенің өнімі өндірілген, НКИ 106,2%. Биылға 52 800 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды.
Жылыжай шаруашылығын дамыту бойынша ағымдағы жылы 16 гектар жерге жылыжай салу жоспарланып, нақты 10,26 гектар жылыжай іске қосылып, жоспар 62,8%-ға орындалды. Нәтижесінде барлық жылыжайлар көлемі 68,7 гектарды құрады.
Жыл басында тамшылатып суғару әдісі 24 агроқұрылымда 529 гектарға ендірілген болатын, биылғы жылы 100 гектарға ұлғайту жоспарланған. Ағымдағы жылдың 7 айында 55 агроқұрылымда қосымша 96,84 гектарға тамшылатып суғару әдісі ендіріліп, тапсырма 99%-ға орындалды. Нәтижесінде тамшылатып суғару әдісі енгізілген жер көлемі 625,8 гектарды құрады.
Ауыл шаруашылығы техникаларын жаңалау бағытында 125 дана техника алу жоспарланып 68 дана техника жаңаланып, жоспар 54,4%-ға орындалды.
10-15 басқа арналған шағын бордақылау алаңдарының саны 52 алаңға жетіп, жоспар 104 %-ға орындалды.
Бағдарлама аясында атаулы әлеуметтік көмек алушыларға қолдау көрсетіп, оларды кәсіпке бейімдеу жоспарлануда.
Агроөнеркәсіп кешені саласында жыл басынан 8 инвестициялық жобалар іске қосылып, 55 жұмыс орны ашылды. Атап айтқанда:
- «Gen Group Kazakhstan» ЖШС “Фермерлік жылыжай құрылысы». Жобаның құны 1056,1 млн.тңг. Ашылған жұмыс орны 30 адам;
- «БББ и К» ШҚ-ның «1000 басқа арналған мал бордақылау алаңы» жобасы. Жобаның құны 450,0 млн.тңг. Ашылған жұмыс орны 5 адам.
- Жалпы өндірістік қуаты 450 мал басына арналған («Умарали ата-2» ШҚ; «Шкрулла» ШҚ; «Бахтияр» ШҚ)3 тауарлы сүт фермасы іске қосылған. Жобалардың жалпы құны 680 млн.тңг. Ашылған жұмыс орны 12 адам.
-Жалпы құны 45,0 млн.теңгелік, өндірістік қуаты тәулігіне 9 тонна сүтті қайта өңдейтін 3 бірлік цех іске қосылған. Ашылған жұмыс орны 8 адам.
Іске асқан жобалар нәтижесінде, ауыл шаруашылығы негізгі капиталына 3,2 млрд.теңге инвестициялар тартылып, былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда көрсеткіш 26,4 %-ға артқан.
Жаңа жұмыс орындарын құру іс шарасына сәйкес Ұлттық жобалар бойынша бекітілген «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» аясында 2023 жылға 9712 жұмыс орындарын ашу жоспарланса, 7 айда 2519 жұмыс орны ашылды.
Сонымен қатар, «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» бастамасы аясында жаңа жұмыс орындарын ашу іс шарасына сәйкес 1166 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған, 7 айда 1870 жаңа жұмыс орны ашылып, жылдық жоспар артығымен орындалды.
«Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бойынша жұмыспен қамту бағытында биылғы жылы жобаға 7272 азаматты тарту жоспарланып, 7 айда 5986 азамат жобаға қатысты, жылдық жоспар 82%-ға орындалды. Жыл басынан 693 адам жастар практикасына, 1734 адам ақылы қоғамдық жұмысқа, 447 адам әлеуметтік жұмыс орындарына және 241 адам алғашқы жұмыс орындарына жолданған. Сонымен қатар, жаңа бизнес идеяларды іске асыруға 54 азаматқа 74,5 млн.теңге мемлекеттік грант берілсе, жастарға жеңілдетілген шағын несие 4 адамға берілді.
Кәсіпкерлерді қолдау іс шарасына сәйкес «ҚР 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» Ұлттық жобаның «Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін өңірлік қаржыландыру» бағыты аясында 72 кәсіпкер 419,0 млн.теңге көлемінде несие алған. Оның ішінде "Ырыс" МКҚҰ -нан 27 кәсіпкерге әртүрлі бағытта 290,0 млн теңге көлемінде несие берілген.
Кәсіпкерлікті қолдау картасын іске асыру аясында  
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасы орынбасарлығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға түсіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жүріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қызметкерінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жасап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Солайша, ұйымды Әділет министрлігіне тіркеттік.