Түркістан облысында аудан әкімдерінің сайлауына дайындық жұмыстары бойынша оқыту семинарлары өткізілуде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс- қимыл кезеңі» атты Жолдауында аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін (бұдан әрі- ауылдық округ әкімдері) жергілікті тұрғындардың өздері тікелей сайлау бастамасын көтеріп:
«Біз «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» құруды қолға алдық. Бұған дейін айтқанымдай, бұл – мемлекеттік органдар тек азаматтардың күнделікті мәселесіне байланысты жауап қатуы тиіс деген сөз емес. Бұл, ең алдымен, билік пен қоғам арасындағы тұрақты диалог. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі азаматтық диалогты дамыту ісіне тың серпін берді. Кеңес еліміздегі жалпыұлттық диалог үдерісін орнықтырып, өз миссиясын орындады. Соның нәтижесінде саяси реформалар топтамасы жүзеге асырылуда.
Атап айтқанда, «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» демократиялық тұрғыдан мүлде жаңа заң қабылданды. «Саяси партиялар туралы», «Сайлау туралы», «Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы» заңдарға өзгерістер енгізілді. Сондай-ақ, Қылмыстық кодекстің 130-шы бабын қылмыс санатынан алып тастау және 174-ші бабын ізгілендіру үшін өзгерістер қабылданды. Жұмысты сапалы әрі жедел атқарғаны үшін Парламентке ризашылығымды білдіремін.
Бұл – саяси саладағы реформаларымыздың бастамасы ғана. Оны жаңғырту ісі жалғаса береді. Мемлекеттік биліктің барлық дерлік институттарын реформалау керек. Жаңғыртудың негізгі мақсаты – тұтас мемлекеттің тиімділігін арттыру. Егер азаматтарымыздың әл-ауқатын шын мәнінде жақсартқымыз келсе, олардың өздерін осы іске белсенді түрде тартқан жөн. Алдағы саяси реформалардың барлығы халықты мемлекет басқару ісіне кеңінен қатыстыруға бағытталуы керек.
Мысалы, қоғамдық пікір сауалнамалары ауыл әкімдерінің сайлау арқылы қызметке келуіне қатысты сұраныстың артқанын көрсетіп отыр.Бұл маңызды қадамды жан-жақты ойластырып, дәйекті түрде жүзеге асырған жөн. Мұндай жүйенің қалай жұмыс істейтінін нақты білуіміз керек. Алайда, бұл мәселенің шешімін кейінге қалдыруға болмайды. Келесі жылы бірқатар ауылдық округ әкімдерінің өкілеттік мерзімі аяқталады. Ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткізуге болады деп ойлаймын», -- деген болатын.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс- қимыл кезеңі» атты Жолдауында аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін (бұдан әрі- ауылдық округ әкімдері) жергілікті тұрғындардың өздері тікелей сайлау бастамасын көтеріп:
«Біз «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» құруды қолға алдық. Бұған дейін айтқанымдай, бұл – мемлекеттік органдар тек азаматтардың күнделікті мәселесіне байланысты жауап қатуы тиіс деген сөз емес. Бұл, ең алдымен, билік пен қоғам арасындағы тұрақты диалог. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі азаматтық диалогты дамыту ісіне тың серпін берді. Кеңес еліміздегі жалпыұлттық диалог үдерісін орнықтырып, өз миссиясын орындады. Соның нәтижесінде саяси реформалар топтамасы жүзеге асырылуда.
Атап айтқанда, «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» демократиялық тұрғыдан мүлде жаңа заң қабылданды. «Саяси партиялар туралы», «Сайлау туралы», «Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы» заңдарға өзгерістер енгізілді. Сондай-ақ, Қылмыстық кодекстің 130-шы бабын қылмыс санатынан алып тастау және 174-ші бабын ізгілендіру үшін өзгерістер қабылданды. Жұмысты сапалы әрі жедел атқарғаны үшін Парламентке ризашылығымды білдіремін.
Бұл – саяси саладағы реформаларымыздың бастамасы ғана. Оны жаңғырту ісі жалғаса береді. Мемлекеттік биліктің барлық дерлік институттарын реформалау керек. Жаңғыртудың негізгі мақсаты – тұтас мемлекеттің тиімділігін арттыру. Егер азаматтарымыздың әл-ауқатын шын мәнінде жақсартқымыз келсе, олардың өздерін осы іске белсенді түрде тартқан жөн. Алдағы саяси реформалардың барлығы халықты мемлекет басқару ісіне кеңінен қатыстыруға бағытталуы керек.
Мысалы, қоғамдық пікір сауалнамалары ауыл әкімдерінің сайлау арқылы қызметке келуіне қатысты сұраныстың артқанын көрсетіп отыр.Бұл маңызды қадамды жан-жақты ойластырып, дәйекті түрде жүзеге асырған жөн. Мұндай жүйенің қалай жұмыс істейтінін нақты білуіміз керек. Алайда, бұл мәселенің шешімін кейінге қалдыруға болмайды. Келесі жылы бірқатар ауылдық округ әкімдерінің өкілеттік мерзімі аяқталады. Ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткізуге болады деп ойлаймын», -- деген болатын.
Президенттің Жолдауда жүктеген міндетін атқару мақсатында қазіргі таңда еліміздің барлық өңірінде аумақтық сайлау комиссиялары құрылып, семинар-кеңестер өткізуді қолға алуда. Соның бір дәлелері ретінде Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының ағымдағы жылдың 24 тамызында аудандық, қалалық аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары мен орынбасарларына, хатшыларына (барлығы 51 адам) өткізген оқыту семинарын айтуға болады.
Аталмыш жиында облыстағы өтетін сайлаулардың, оның ішінде пилоттық негізде өтетін аудан әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу және сайлау учаскелеріндегі инфрақұрылымның дайындықтары талқыланды. Бұл бағытта өңірімізде атқарылып жатқан жұмыстар жайлы облыстық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Джексембаева Р.М баяндама жасады. Сонымен қатар, жиында облыста өтетін сайлаулардың, оның ішінде пилоттық режимде өтетін аудан әкімдерінің сайлау процесі кезінде заңдылықтардың сақталуы бойынша да сөз қозғалды.
Облыста өтетін сайлау науқандарының қызметтерін ақпараттық сүйемелдеу, сайлау комиссияларының қызметін медиа жоспарлау, сайлау комиссияларының қоғамдық бірлестіктерімен және әлеуметтік желілердегі жұмыстары жайлы облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Әлішев Ә.М әңгімеледі. Сонымен қатар, облыс аумағында өтетін сайлау науқандарына дайындық барысында сайлау процессіне қатысушыларды электоралды оқытумен қамту мәселелері қаралды.
Ал, облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі Өмірәлиев Ә.К облыстағы сайлау комиссиялары тарапынан мүгедектігі бар сайлаушылардың құқықтарын қамтамасыз ету бойынша жүргізілетін жұмыстар жайлы айтса, облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі Махамбетова Г.Қ облыстағы барлық деңгейдегі сайлау процестерінің, оның ішінде пилоттық негізде өтетін аудан әкімдерінің сайлауын дайындау және өткізу барысына қаралудағы бюджеттік қаржылар жөнінде баяндады. Облыстағы сайлаушылар жүйесі тізімімен жұмыс және АИС Сайлау жүйесі жөнінде облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі Усканбаев Б.Т, сайлау заңнамасы бойынша аумақтық сайлау комиссиясы мүшелерін (51 адам) тестілеудің нәтижелері жөнінде облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Әлішев Ә.М, аумақтық сайлау комиссиялары мүшелері тарапынан ҚР қолданыстағы еңбек заңдылықтарын сақталуы жайлы облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Әлішев Ә.М айтты.
Оқыту семинарының бағдарламасында көрсетілген тақырыптар «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптары арқылы баяндалып, кеңінен түсіндірілді. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясынан семинар тақырыптары бойынша келіп түскен методикалық құжаттар да тыңдаушылардың назарларына жеткізілді. Аумақтық сайлау комиссияларынан қазіргі уақытта өтіп жатқан ауылдық округтер мен поселке әкімдерінің сайлауларына және де пилоттық режимде алдағы өтетін сайлауларға дайындық жүргізу, оның ішінде аудандар мен қалалардағы сайлау учаскелерінде түгендеу жұмыстарын жүргізу, учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін оқыту және де басқада талапқа сай қажетті жұмыстарды жүргізуге тапсырмалар берілді.
Барлық тақырыптар бойынша семинарға қатысушылар тарапынан сұрақтар беріліп, талқылаулар болды. Берілген барлық сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді. Семинар барысында аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары, орынбасарлары, хатшылары сайлау туралы заңнаманы білулері бойынша тестілеуден өткізіліп, қорытындылары оқу барысында жарияланды.
Сондай-ақ, семинарда аумақтық сайлау комиссиялары мүшелері тарапынан Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңдылықтарын қатаң сақтаулары бойынша да түсіндірмелер беріліп, оның сақталуы қатаң талап етілді.
Оқыту семинарын облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының міндетін атқарушы Әмірдин Мұхиденұлы Әлішев қорытындылады.
Айта кетейік, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімі лауазымына соттылығы бар, сыбайлас жемқорлық қылмыс және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа шатылғандар кандидат бола алмайды. Ауылдық округ әкімдігіне кандидаттар ұсыну сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге дейін он бес күн бұрын жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде аяқталады. Ауылдық округ әкімдігіне кандидаттар ұсынуды белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар өз мүшелері қатарынан, азаматтар – өзін-өзі ұсыну тәртібімен аудандық аумақтық сайлау комиссиясына ауылдық округ әкіміне кандидат болып дауысқа түсу ниеті туралы өтініш беру арқылы жүзеге асырады.
Әрбір саяси партия бір сайлау округінде бір ғана кандидат ұсынуға құқылы. Ешкім біреуден артық сайлау округінде кандидат болып ұсынылмайды. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ауылдық округ әкімдігіне кандидат ұсынған құжаттар негізінде үш күннің ішінде оның еліміздің мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес немесе сәйкес еместігін анықтайды. Әкімдікке кандидаттар үшін сайлау жарнасы қарастырылған. Саяси партия ұсынған кандидат үшін партия қаражатынан, ал басқа кандидат өз қаражаты есебінен аудан әкімі аппаратының шотына Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын төлейді.
Әкімдікке кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейін басталады және сайлау күніне дейін он күн бұрын жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде аяқталады. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы кандидаттарды тіркеу туралы хаттама жасайды және тіркеу туралы хабар жариялайды. Тіркелгенге дейін кандидат және оның зайыбы (жұбайы) тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органына белгіленген тәртіппен және нысанда ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсырады.
Ауылдық округ әкімін сайлау жөніндегі дауыс беру сайлау күні жергілікті уақытпен сағат жетіден жиырмаға дейін өткізіледі. Учаскелік сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижелері бойынша дауыс беру хаттамасын жасайды және оны дереу аудандық аумақтық сайлау комиссиясына сайлау материалдарымен бірге тапсырады. Басқа кандидаттармен салыстырғанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың ең көп дауысын жинаған кандидат ауылдық округ әкімі болып сайланды деп есептеледі.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасы орынбасарлығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға түсіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жүріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қызметкерінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жасап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Солайша, ұйымды Әділет министрлігіне тіркеттік.