Түркістан облысында үш ауылда әкім сайлауы өтті 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» құруды қолға алғанымызды алға тартып, билік пен қоғам арасындағы тұрақты диалогты қалыптастыру керектігін айтты.

Malim Админ

  • 17.09.2023

Бұл, әрине, мемлекеттік органдар тек азаматтардың күнделікті мәселесіне байланысты жауап қатуы тиіс деген сөз емес. Бұл жоғарыда айтып өткеніміздей, бірінші кезекте билік пен қоғам арасындағы тұрақты диалог орнату.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі азаматтық диалогты дамыту ісіне тың серпін берді. Кеңес еліміздегі жалпыұлттық диалог үдерісін орнықтырып, өз миссиясын орындады. Соның нәтижесінде саяси реформалар топтамасы жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» демократиялық тұрғыдан мүлде жаңа заң қабылданды. «Саяси партиялар туралы», «Сайлау туралы», «Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы» заңдарға өзгерістер енгізілді. Сондай-ақ, Қылмыстық кодекстің 130-шы бабын қылмыс санатынан алып тастау және 174-ші бабын ізгілендіру үшін өзгерістер қабылданды. Жұмысты сапалы әрі жедел атқарғаны үшін Парламентке ризашылығымды білдіремін.

Бұл – саяси саладағы реформаларымыздың бастамасы ғана. Оны жаңғырту ісі жалғаса береді. Мемлекеттік биліктің барлық дерлік институттарын реформалау керек. Жаңғыртудың негізгі мақсаты – тұтас мемлекеттің тиімділігін арттыру. Егер азаматтарымыздың әл-ауқатын шын мәнінде жақсартқымыз келсе, олардың өздерін осы іске белсенді түрде тартқан жөн. Алдағы саяси реформалардың барлығы халықты мемлекет басқару ісіне кеңінен қатыстыруға бағытталуы керек. Мысалы, қоғамдық пікір сауалнамалары ауыл әкімдерінің сайлау арқылы қызметке келуіне қатысты сұраныстың артқанын көрсетіп отыр, -- дей келе Президент бұл маңызды қадамды жан-жақты ойластырып, дәйекті түрде жүзеге асырған жөн екенін атап өтті.     Биылдан бастап елімізде ауыл әкімдерін тұрғындардың өздері сайлай бастады. Біздің өңірімізде де ауыл тұрғындары өз әкімдерін өздері сайлай бастады. Айталық, ағымдағы жылдың 17 қыркүйегінде Түлкібас ауданына қарасты Түлкібас кенті мен Машат ауыл округі және Кентау қаласына қарасты Ащысай ауыл округінде әкім сайлауы өтті. «Қазақстан Республикасының Сайлау туралы» Конституциялық заңының талаптарына сәйкес ауыл округіндегі учаскелік сайлау комиссиялары таңғы сағат 07 00 де ашылып, сайлаушылардың дауыс берулері басталды.

Жалпы мемлекетімізде қолға алынып жатқан реформалардың табысты жүзеге асуы Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқандай біздің бірлігіміз бен отаншылдығымызға және азаматтық жауапкершілігімізге байланысты. Ұлтымыздың жаңа сапаға көшуі үшін біз күнделікті өмірлік ұстанымдарымыздың өзін өзгертуіміз керек.

Айта кетейік, әкім сайлауына саяси партиялар кандидат ұсына алады немесе кез келген азамат өзін-өзі ұсынады. Кандидат 25 жастан асқан, сотталмаған, Қазақстан Республикасының азаматы, жоғары білімді болуы керек. Өзін-өзі ұсынған азамат кемі бір жыл мемлекеттік қызметте немесе екі жыл жеке кәсіпорында жетекшілік жұмыс істеуі тиіс. Яғни, ешбір жерде ресми жұмыс істемеген, бірақ ауылының мәселесін жақсы білетін азаматтар сайлауға түсе алмайды. Айтылған талаптарға сай, өзін-өзі ұсынған азамат сайлауға дейін ауыл халқының кемі бір пайызының қолын жинауы керек. Ондай болмаған жағдайда сайлауға қатыса алмайды.

Байланысты жаналықтар

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025

Күйші Секен Тұрысбектің домбырасын ұрлаған кім?

18.01.2025

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

30.12.2024
MalimBlocks
Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

Күйші Секен Тұрысбектің домбырасын ұрлаған кім?

Қасымда жүргендер үсітменен арыз жазды.

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

Оқиғалар көз алдымнан кинолента сияқты өтіп жатады. Сондай кезде жұмыс өнімді жүреді. Ондай кезде жайлы жер талғамаймын, ұшақта отырып та жаза беремін.