Түркістан өңірінде референдум қалай өтті?
Референдум – маңызды мемлекеттік мәселені шешу үшін өткізілетін бүкілхалықтық дауыс беру. Ол Республиканың барлық аумағында өткізіледі. 2022 жылы 5-ші маусым күні еліміздің тарихында Қазақстан бойынша Конституцияға өзгертулер енгізуге байланысты жалпы халықтық референдум өз деңгейінде өтті.
Атап өткеніміздей бұл референдумға Қазақстанның барлық облыстары қатысып, Түркістан облысының халқы референдумды барынша қолдап, дауыс беруде белсенділік танытып, басқа облыстарға қарағанда көштің басында тұрды. Референдумға Түркістан халқы өз қалауы бойынша қатысты. Түркістан облысында саяси науқанда таңдау жасау құқығына ие азаматтар саны еліміздің басқа өңірлеріне қарағанда әлдеқайда көп болғаны баршамызға белгілі.
«Бүгін еліміз үшін, шын мәнінде, тарихи күн. Халқымыз бетбұрысты шешім қабылдамақ. Ешқандай мәжбүрлік жоқ. Референдум жоғары деңгейде ұйымдастырылған», - деп Қазақстан Президенті Қасым – Жомарт Тоқаевтың Ата Заңға өзгерістерді бүкіл халықтың талқысына шығаруы – ел болып қолдауға лайықты іс екенін түркістандықтар дәлелдеді. Оңтүстік жұртшылығы бұл саяси науқанды еліміздің болашағы үшін, өсіп келе жатқан болашақ ұрпағымыз үшін өте маңызды екенін сезініп, жақсы жағынан өзгерістер күтіп, үлкен үмітпен дауыс беруге біркісідей қатысып, ерекше белсенділік танытқаны баршамызға белгілі.
Бүкілхалықтық референдум еліміздің қоғамдық – саяси өмірінде маңызды оқиғалардың бірі болды. Өйткені референдумда халқымыздың басым бөлігі Конституциямызға өзгерістер енгізуді қолдап дауыс берді. Бұл дегеніміз еліміздің Конституциясына, конституциялық заңдарды, заңдарды қабылдау, оларға толықтырулар мен өзгертулер енгізудің халыққа маңызды екенін көрсетеді. Бұл референдум жақсы нәтижелерге жетті. Референдумнан кейін Конституцияның үштен біріне яғни 33 бабына 56 өзгеріс енгізілді. Осы өзгерістердің халықтың көңілінен шыцққан ең маңыздылары Президенттің жақын туыстарына мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік секторда жоғары лауазымдарды атқаруға тиым салынуы, жер мен жер астындағы байлық халыққа тиесілі болуы, Қазақстандықтар тікелей Конституциялық сотқа жүгіне алуы сияқты өзгерістер болды. Референдумды көпшіліктің қолдауы халқымыздың билік пен халық арасында тепе-теңдіктің орнауын қалайтынын, Жаңа Қазақстанның құрылып болашақ ұрпағымыз әділетті Қазақстанда өмір сүретініне сеніммен қарайтынын көруімізге болады. Референдумнан кейінгі тағы да бір атап өтетеін маңызды өзгерістердің бірі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауының нәтижелі болуы, сонымен қатар еліміздің басты байлығы – біздің халқымыз және оның жайлы тұрмысы екенін айтып, осыған байланысты Ата Заңымызға енгізілген жаңа ережелердің айрықша мәні бар екенін атап өткені қуантарлық жағдай. Сонымен қатар жаңа қабылданған заңдарда Қазақстанның аралас сайлау жүйесіне өткенін көруімізге болады. бұл дегеніміз бұдан кейін мәжіліс, облыстық, аудандық мәслихат депутаттарының барлығы бір мандатты окрук бойынша сайланады. Жастар мен әйелдерге арнайы квоталар енгізу Қазақстанда жасына, жынысына қарамастан азаматтар тең құқылы екенін көрсетеді.
Ауыл әкімдерін елдің тікелей сайлау мәселелері жөнінде Мемлекет басшысы кеңес өткізген болатын. Осы жиында Мемлекет басшысы Қазақстан халқының 40 пайызынан астамының ауылды жерлерде тұратынына тоқталып, бұл шараның ауыл тұрғындарының мүддесі үшін жасалып жатқанын жеткізген еді. Ауыл экономикасын дамытып, халықтың әл-ауқатының түзелуінде ауыл әкімдерінің орны ерекше, сондықтанда ауыл әкімдерін елдің тікелей өздері сайлауы өте орынды мәселе.
Елімізде өтіп жатқан осындай саяси науқандарда кітапханалар да бірқатар жұмыстар атқарып жатыр. «Сарыағаш аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ мекемесіне қарасты Таскескен ауылдық кітапханасы ауыл тұрғындарына, оқырмандарға және мектеп оқушыларына сапалы қызмет көрсетіп келеді. Кітапхананның кітап қоры жыл сайын артып, бүгінгі таңда 10429 дана кітапты құрайды, келушілер саны 3000 – нан астам, 6000 – нан астам кітап оқырмандарға беріледі. Елімізде өтетін маңызды саяси науқан кезінде халыққа дұрыс бағыт – бағдар беруде кітапхана қызметкерлері де алыс қалмайды. Жыл сайынғы жолдауларға талқылау сағаттары өткізіліп, халықты саяси жаңалықтармен қамтып, мерзімді басылымдарды оқуға шақырып отырады. Кітапханамызда ауыл тұрғындарының білім деңгейін жетілдіріп, дамытуға ықпал жасау мақсатында «Кітапхана – ауыл мерейінің мекені» атты авторлық жоба аясында түрлі іс –шаралар өткізіп тұрады. Туған жеріміздің талантты тарландарына , танымал тұлғаларына, ардагерлеріне арналған осындай шараларды өткізу ауыл жастарының туған өлкеміздің ақын-жазушыларының шығармаларын оқуға деген құштарлықтарын оятуда. Осылайша кітапхана оқырмандарын шабыттандырып, жастардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттырып, Қазақстанды кітап оқитын елге айналдыру, еліміздің мәдениетін өркендететін білімді ұрпақ тәрбиелеу кітапхананың басты мақсаттарының бірі. Кітапханашы оқырмандарды тек жаңа жаңалықтармен ғана емес, қызықты да құнды ақпараттармен қамту үшін, оқырмандар арасында рухани бай, білімді, мықты лидер оқырмандарды жинау мақсатында түрлі тақырыптарда кітап көрмелері ұйымдастырылады. Кітапханады шығарылып жатқан кітап көрмелері жастар арасында халқымыздың тарихын, салт-дәстүрін насихаттап, оқырмандардың шығармашылық және интлектуалды қабілеттерін дамытуда белсенді жұмыс жасап келеді! Өсіп келе жатқан жас оқырмандардың бос уақыттарын тиімді пайдаланулары үшін, ой-өрістерін дамытып, өнерлі балалардың шабытын ашып, өнер жолына бағыт –бағдар беру мақсатында «Жас қаламгер» оқу шеберлерінің клубын жүргізіп келеді. Клуб мүшелері жыл сайын түрлі байқауларға қатысып жүлделі орындарды иеленіп келуде. Сонымен қатар кітапханамызда оқитын ұлт жобасы аясында, негізгі бір ел бір кітап, әдеби өлкетану және нағыз оқитын кез жобалары аясында көпшілік шаралар ұйымдастырылып оқырмандарды кітап оқуға шақырып отырады. Оқырмандарға халқымыздың рухани байлығын сіңіретін, ұлтымыздың дәстүрлерінен үлгі көрсететін, ұлттық салт-дәстүр негізінде тәрбиелейтін шығармаларды насихаттау кітапханалардың басты мақсаттарының бірі.
М.Мұсатаева,
«Сарыағаш аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ қарасты Таскескен ауылдық кітапханасының меңгерушісі
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасы орынбасарлығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға түсіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жүріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қызметкерінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жасап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Солайша, ұйымды Әділет министрлігіне тіркеттік.