Түркістан: Халық өзі сайлаған әкіммен кездесіп, жоспарын тыңдады

Malim Админ

  • 14.11.2023

Жуырда Түркістан облысы, Шардара ауданында тұңғыш рет аудан әкімінің сайлауы өткен болатын. Саяси додада даңқты спорт бапкері Арман Қарсыбаев жеңіске жеткен еді.

Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаев 2023 жылғы IV-тоқсанда атқарылған жұмыстар бойынша есеп беру кездесуін бастады. Аудан әкімі кездесуді Достық, Ақшеңгелді, Сүткент, Қызылқұм және Көксу ауылдық округтерінде өткізді.

Кездесу барысында әр ауылдық округ бойынша тұрғындар тарапынан мәселелер айтылып, сауалдар қойылды.

Аудан әкімі әр ауылда көтерілген сұрақтар мен ұсыныстарды зерделеп, сол бойынша жоспарлар құрып жұмыс жүргізетінін жеткізді.

Атап айтқанда, Достық ауылындағы ауыз су; Ақшеңгелді ауылында жекеменшік канал мәселесі; Қызылқұм ауылынан мәдениет үйі мен жайылымдық жер мәселелері көтерілді; Сүткент ауылынан ПУИД бағдарламасымен каналдарды бетондау, ауылды абаттандыру, жаңадан әкімдік ғимаратынан салу, егістік жер; Көксу ауылынан мақта мәселесі, ауыз су босату кестесін реттеу, ағын су төлемақысы, 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие арқылы кәсіп жасау, салынған нысандардың сапасын бақылау, жеңілдетілген дизель отын, бірқатар ағын су қашыртқыларын тазалату, көгалдандыру және басқа да мәселелер көтерілді.

«Өздеріңізге мәлім жақында ғана аудан әкімінің сайлауы болып, енді жұмысты бастап жатырмын. Сондықтан өздеріңізбен жүзбе жүз жолығып, тұрғындармен еркін пікір алмасып, маңызды мәселелерді талқылаудамын. Себебі ауылдардағы проблемаларды жергілікті тұрғындар, яғни сіздер жақсы білесіздер. Алдағы уақытта ауылдық округтерді абаттандыру, жарықтандыру, жол салу, жаңа инфрақұрылым тарту, егістік алқапқа жағдай жасау  жұмыстары жүзеге асады. Біз үшін әр тұрғынның мәселесі маңызды. Сондықтан әрқайсысыңыздың мәселеңізді тыңдап, оны шешу бойынша тиісті жұмыстар жасаймыз»- деді Арман Романұлы.

Аудан әкімі әр елді мекендегі проблемалық мәселелерді саралап, шешу жолдары мен мерзімдері бойынша қосымша түсіндірді. Сонымен қатар жеке қабылдауға жазылған тұрғындарды да қабылдап, мәселесін тыңдады.

Байланысты жаналықтар

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025

Күйші Секен Тұрысбектің домбырасын ұрлаған кім?

18.01.2025

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

30.12.2024
MalimBlocks
Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

Күйші Секен Тұрысбектің домбырасын ұрлаған кім?

Қасымда жүргендер үсітменен арыз жазды.

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

Оқиғалар көз алдымнан кинолента сияқты өтіп жатады. Сондай кезде жұмыс өнімді жүреді. Ондай кезде жайлы жер талғамаймын, ұшақта отырып та жаза беремін.