Түркістан: Жергілікті биліктің дербестігі артты

Референдум еліміздің тарихындағы маңызды белес болды. Ұлтымыздың шынайы өзгерістерге деген дайындығы мен ұйымшылдығын көрсетті.
Ел тарихындағы үшінші референдумдағы енгізілген өзгерістер халықтың өз ойын жеткізуге және құқытарының қорғалуына, өзіндік қасиеттерін бағалай алуға мүмкіндіктер беруде. Түркістан облысы, Бәйдібек ауданында да саяси реформаларға көзқарас жақсы. Жалпы референдумға қатысты сауалнамаларға қатысып, елдің ертеңі үшін еліміздің дұрыс бағытта дамуы үшін референдумда айытылған барша бағыттарда өз деңгейімізде жұмыс істеп жатырмыз
Ата Заңға енгізілген өзгерістер Парламентті, мәслихаттарды, жергілікті билікті күшейтуге бағытталған. Нәтижесінде, олар қысылтаяң шақтарда өз бетінше жұмысын жалғастыруға қабілетті болады, бір кісіге қарап отырмайды. Осының арқасында Президент болып қандай тұлға сайланса да, оның биліктің барлық тармағына билік жүргізуіне жол берілмейді. Осы арқылы біз алдыңғы қатарлы елдерге бір табан жақындай түсеміз.
Бұдан өзге тағы бір өте маңызды түзету – елде заң қабылдау тәртібі өзгерді. Референдумға дейін қандай да бір заң жобасы алдымен Мәжілісте қаралып, талқыланып, Сенаттың қабылдауына жіберілсе, референдум арқылы бұл тәртіпті өзгертіліп отыр. Енді заңдарды Мәжіліс қабылдайды да, Сенат қабылданған заңдарды не мақұлдайды, не мақұлдамайды. Баса айта кетерлігі, түзетулер мақұлданса Конституциялық заңдарды қос палата бірге қабылдайды. Бұл дегеніміз ендігі таңда халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге үлкен сеп болары сөзсіз
Депутатарға қатысты өзгертулер арқылы ел арасындағы халықтың мұң мұқтажын тыңдап, елдің қамын жеген дарынды ойы ұшқыр азаматтардың жоғары билікте отыруына ықпал жасалып отыр. Мемлекетте тамыр-таныстық кадр іріктеу ісін бұрмалап, сыбайластықтың терең тамыр жаюына соқтырды. Ал тамыр-таныстық пен рушылдық елдің ілгері басқан қадамын кері тартып, мемлекетті құрдымға құлатады. Демек жаңа конституциялық реформа барлық азаматқа бірдей мүмкіндік туғызбақ.
Бұл өзертулер елдің ішіндегі тұлғалық қасиеттерін дамытуға азамттардың ойын ашық айтуына себепкер болып отыр. Осы ретте халық шын мықты ел басқарушы, еліне адал азаматтарды өздері сайлап жүр.
Қ.Тоқаев бастамашы болған саяси жаңғырулар аясында елімізде ауыл және аудан әкімдері сайланады. Тиісінше, ауыл, аудан жұртшылығы өзі сайлаған әкімін қызметінен өздері алып тастай алады.
Осылайша, тәуелсіздіктің отыз жылдық кезеңінде қолданылған «қолдан басқару» тәжірибесі жойылады, барлық іс Президентке барып тірелмейді, өңірлік мәселелерді жергілікті өзін-өзі басқару органдары тұрғындармен ақылдасып, сол жерде шешуге құқылы, құзырлы, қауқарлы болады.
Жергілікті биліктің дербестігі артады. Бұл – біз ұмтылған дамыған елдердің үлгісі.
Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і басшысы болып жұмыс атқарамын. «Жастар ресурстық орталығы» – жастар ісін жүргізудегі басты қозғаушы күш. Біздің басты жетістіктеріміздің қоғамға пайдалы тұлға мен маман қалыптастырып шығару. Аудан жастары бір емес бірнеше жарыстардан топ жарып жүр. Соның бірі Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай «NOMADS CUP» атты ұлттық ойындарында спорттың 5 түрінен таласқа түсіп жүлделі ІІ орынмен оралған болатын. Ауданның халқы саны жағынан аз болса да намысшыл, өр мінезді. Жастарымыздың биік шыңдардан көрініп, қуантатуы біздің идеяларымыздың одан әрі дамуына септігін тигізеді.
Көрікбаев Жамбыл,
Бәйдібек аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасы орынбасарлығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға түсіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жүріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қызметкерінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жасап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Солайша, ұйымды Әділет министрлігіне тіркеттік.