Халық табысын арттыру – мемлекеттің басты міндеті 

Malim Админ

  • 29.04.2023

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үнемі  «Біз қарапайым еңбек адамына құрмет көрсетуіміз керек» деп,  еңбек адамдарын жан-жақты қамтамасыз етіп, заңды құқықтарының қорғалуы, әлеуметтік тұрғыда қолдау қажеттігін баса айтып келеді. Осы бағытта 2025 жылға дейін халық табысын арттыру бағдарламасы да жүзеге асырылып жатқаны мәлім. Еліміздің экономикалық орталығы саналатын Астанада да еңбек адамдарының үлкен шоғыры қалыптасып үлгерді. Солардың бірі - елордадағы балабақшалардың бірінде күзетші болып істейтін Сылқымбек Аңламасов. Ол күндіз бүлдіршіндердің қауіпсіздігін бақыласа, кешқұрым тігін тігіп, түрлі бұйым жасайды. Шебердің бұл кәсіппен айналысып жүргеніне 43 жыл уақыт болыпты.     

   Сылқымбек Аңламасовтың  айтуынша, аталмыш кәсіпке  қызуғышылық мектеп жасынан басталған. «Бәрі де тапшылықтан басталды. Өзіме   ағамның шалбарын қысқартып кию керек болды. Осылайша іс тігу өнері бастау алды. Жалпы,  тапсырыс қабылдау, киімді тапсырыспен тігуді 80-інші жылдан бастадым.    Өзімді–өзім сынап, 32 сағат тапжылмай іс мәшинесінде  отырған кездерім болды»,-дейді ол.            

Аңламасовтың  негізгі мамандығы есепші. Тігіншілікті оқымаған. Барлығы тәжірибемен келді. Ынта болса, үйреніп алуға болады екен дейді ол. Қазір балабақша әкімшілігі оған арнайы жұмыс бөлмесін жасақтап берген. Сылқымбек Бектұрұлы онда бос уақытында тігін тігіп, құрақ құрайды.   

Елімізде енді ғана қанат жайып келе жатқан саланың бірі – гидропоника.    Раушан Қалисаттарқызы осы кәсіпті дамытып келеді. Ол   ауыл шаруашылығы саласында  2013 жылдан бастап еңбек етіп жүр. Төрт түліктің қазанаты жылқыдан бастап ақбас сиыр, қойға дейін өсірген.

«Біздің жақта мал бағудың да өз қиындығы бар. Мәселен, еліміздің батыс, оңтүстік аймағында төрт түлік кең өрісте еркін жайылса, Астананың маңындағы ауылдарда жер көлемі де шағын. Сонымен қатар осы өлкедегі Арқаның алты ай қысында мал азығының қоры да таусылатыны даусыз. Осы орайда, тығырықтан шығудың жолын іздеп, көп ойландым. Бірде Талапкер ауылында өзінің шаруа қожалығы бар Аманжол атты кәсіпкердің үйіне жолым түсті. Аманжолдың қымызы мен қаймағы, сүтінің дәмі бал татиды екен. Мұның мәнісін сұрағанда, ол біз тілге тиек еткен гидропоника әдісі арқылы бидайдан шөп өсіріп, мал азығы ретінде пайдаланатынын айтты. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дегендей, Аманжол мырза аталмыш әдістің қыр-сырын үйретіп, бар білгенімен бөліскен еді. Сол сәттен бастап осы ойды жүзеге асыру үшін институтта бірге оқыған курстастарыммен ақылдасып, сонымен қатар екінші жоғары білімім экономика саласы болғандықтан бар шығынды есептеп, осы жұмысты бастауға тәуекел еттім. Осылайша ата кәсібіміздегі басты орын алатын жемшөптің заманауи технологиямен ерекше түрін өсіруге шешім қабылдадым» дейді Раушан Қожанова.    Оның бұл кәсіпке бел шешіп кірісуіне үлкен әсер еткен мына жағдай болатын. Өздеріңізге  белгілі, өткен жылы еліміздің батыс өңіріндегі Маңғыстауда қаншама мал қуаңшылықтан қырылғаны баршамызға аян. Осы жағдай Раушанның    жанына қатты батқан. «Расымен де, осындай мәселе туындағанда, төрт түлікті сақтап қалу үшін мал азығының қоры мол болуы қажет. Міне, аталмыш қиындықты шешуде гидропоникалық әдіспен өсірілген шөптің көмегі өте зор. Онсыз да ойымда жүрген бұл кәсіпті бастауыма, осы жағдай ерекше әсер етті. Сөйтіп өз ауылымда орынжай даярлап, қызу дайындық жұмыстарын жүргізіп, алғаш рет 2022 жылдың 7 қаңтарында бұл шаруаны қолға алдым. Тура бір аптадан кейін 1 кг бидайдан 6-7 кг шөп өсірдік. Бұл дегеніңіз – бес есе көп шөп өндіру деген сөз. Осылайша кәсібіміз бастау алды» деп түсіндіреді кәсіпкер. 

 Гидропоника – өсімдіктерді топырақсыз, жасанды ортада – қоректік заттардың судағы ерітіндісінде өсіру әдісі. Яғни, мұнда өсімдік тамыры арнайы дайындалған субстратта орналасады. Субстрат – топырақ орнына қолданылатын заттар. Мал азығы шөп десек, сол шөптің тапшылығы орын алғанда, мал шаруашылығымен айналысатын жандардың қиналатыны рас. Ал, осындай әдіспен шөп өндіру – бұл мәселеден құтылудың бірден-бір жолы. Негізі, гидропониканың пайдасы шаш етектен. Егер де таза бидайды малға берсеңіз, оны қорыту қиынға соғады, яғни көп күш қуаты кетеді. Ал аталмыш шөп асқазанға өте жеңіл. Екіншіден, гидропоникалық бидайдың құнарлылығы 95 пайыз, ал жай бидайдікі 35 пайызды құрайды. Міне, осыдан-ақ оның құнары мен сапасын  бағамдай беріңіз. Сонымен қатар, гидропоникалық шөптің құрамында Менделеевтің кестесіндегі 132 макро, микроэлементтер бар. Үшіншіден, мал тез ет жинайды, иммунитетті көтеретін де пайдасы бар.
 
Кәсіпкердің бұл жобаны қолға алғанына көп уақыт болмаса да, қазіргі таңда нәтижесін беріп келеді. «Дегенмен, жаңа әдіс болғандықтан, жарнама жағы жетіспей жатыр» дейді еңбек адамы.  Раушан Қалисаттарқызы   күніне 2 тоннадай гидропоникалық шөп өндіреді.  Алдағы уақытта  осы әдістің технологиясын басқа жандарға да үйретсек,  еліміздің  бар аймағына кеңінен тарату, насихаттасақ дейді.

Мемлекет тарапынан кәсіп жүргіземін деген азаматтарға мүмкіндік көп.  2025 жылға дейін іске асырылатын Халықтың табысын арттыру бағдарламасында 10 басымдыққа айрықша аназар салынады. Ел дамуының негізі – жұмысшы жастар; Халықтың әлеуметтік осал топтарының жекелеген санаттарын жұмысқа орналастырудың жаңа мүмкіндіктері; Бюджет жұмыскерлеріне лайықты жалақы; Еңбек кірісіндегі теңгерімсіздіктерді жою; Ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтуды арттыру; Туризмдегі жұмыспен қамтуды арттыру; Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру шеңберінде жаппай жұмыспен қамту; Өңдеу өнеркәсібінде тиімді жұмыспен қамтуды дамытуды ынталандыру;  Халықтың табысын арттыру факторы ретінде кәсіпкерлік кірістің өсуін ынталандыру;  Табыстың сатып алу қабілетін қорғау.

Бұл бастамалар  күнкөріс деңгейінен төмен табыс табатын азаматтардың үлесін азайту, жұмыссыздық деңгейін төмендету, 2025 жылға дейін 2 млн жаңа жұмыс орындарын құруды көздейді. 

Бүгінгі күні еңбек нарығында 300 мыңға жуық өзін-өзі жұмыспен қамтығандар азаматтық келісімшарттар негізінде жұмыс атқаруда.  Сондай-ақ, шетелдік жұмыс күшінің құрамында 60%-ға жуығы жұмысшы мамандықтары бойынша тартылады.

Осы мәселелерді ескере отырып Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау  министрлігі  фрилансерлердің қызметін цифрлық форматқа өткізу мақсатында «платформалық жұмыс» электрондық сервисін әзірлеуде. Бұл әртүрлі платформаларда өз бетінше жұмыс істейтін азаматтардың қызметін оңай тіркеуге, қажет мамандарды тез арада табуға, еңбек құқықтарын қорғауға және тапсырыс берушілермен қарым-қатынасты ресми түрде рәсімдеуге мүмкіндік бермек. Сонымен қатар,  3 және 4 санаттар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота 4,7 мың адамға қысқартылады.  Жаңа жұмыс орындарының құрылуы өңірлік жұмыспен қамту карталарын өзектендіру және ақпараттық жүйені тұрақты түрде жаңарту арқылы мониторингіленетін болады. 

Байланысты жаналықтар

Бізді үлкен өзгерістер күтіп тұрғанына сенімдімін

07.12.2023

Орталық Азияның креативті индустрия халықаралық форумында не айтылды?

06.12.2023

Қазақстанда жаңа әуе компания пайда болуы мүмкін 

06.12.2023

Назарбаев университетінің мәртебесі өзгертілмейді 

05.12.2023

Смайловтың шүйлігуі әкімдерді шошыта ала ма?

05.12.2023

Путинге жаппай смс-хабарлама жіберіліп жатыр

05.12.2023
MalimBlocks
Бізді үлкен өзгерістер күтіп тұрғанына сенімдімін

Соңғы екі жыл бедерінде елімізде ауқымды саяси реформалар жүзеге асты. Ал оның аймақтарға әсері қалай? Ел қалай қабылдады? Түркістан өңірінде қандай өзгерістер болды? Осы төңіректегі сауалдарды  Түркістан облыстық «Гарабах» әзірбайжан этномәдени бірлестігінің жетекшісі Рамилия Мустафаеваға қойған едік.

Орталық Азияның креативті индустрия халықаралық форумында не айтылды?

Алматыда «Сreative Central Asia 2023» халықаралық форум өтті. Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Оңтүстік Корея, ТМД елдерінен, АҚШ және Англиядан 100-ден астам сарапшы қатысқан бұл форумда кино, музыка, медиа және цифрлық мәдениеттер, білім беру, сән және заманауи өнер салаларындағы бірегей платформа ұсынылды.

Қазақстанда жаңа әуе компания пайда болуы мүмкін 

Қазақстан нарығында жаңа әуе компания пайда болуы мүмкін. Бұл жөнінде көлік вице-министрі Талғат Ластаев айтты. Ол бұл мәселе шетелдік әуе компания өкілдерімен талқыланып жатқанын жеткізді.

Назарбаев университетінің мәртебесі өзгертілмейді 

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Назарбаев Университетінің мәртебесі өзгермейтінін мәлімдеді. Ол “заңды алып тастап, өзгерте алмаймыз” деп отыр.

Смайловтың шүйлігуі әкімдерді шошыта ала ма?

Бүгін Үкімет отырысында көлікпен жүк тасымалдау саласы бойынша мәселесі қаралды. Осы жиында перемерь-министр Әлихан Смайлов жол бойындағы сервистерді әлі күнге дейін дамыта алмай отырғандарына ашынды.

Путинге жаппай смс-хабарлама жіберіліп жатыр

Мобилизациямен соғысқа жіберілгендердің әйелдері Владимир Путинмен 14 желтоқсанға жоспарланған тікелей байланыс нөмеріне жаппай хабарлама жіберіп, туыстары қашан соғыстан оралатынын сұраған.