«Жастарды тәрбиелегісі» келген қылмыстық топ ұсталды

Топтың 9 мүшесі ұсталып, қамауға алынды

Malim Админ

  • 11.04.2023

Жамбыл облысында қылмыстық топ жастарды тәрбиелеу желеуімен қоғамдық қор құрып, әлеуметтік желіде белсенді жұмыс жүргізген. Polisia.kz-тің мәлімдеуінше, топтың 9 мүшесі ұсталып, қамауға алынды 

Қылмыстық топ мүшелері Таразда ұсталды. Операцияға Ішкі істер министрлігі Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті, Жамбыл облысының Полиция департаменті және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері прокуратураның үйлестіруімен ұзақ дайындалып, жедел-тергеу іс-шараларының кешенін өткізген.

Ведомствоның жедел қызметкерлерінің назарына бопсалаудың бірнеше фактісіне, қылмыстық текетірестерге, қала мен облыс аумағындағы кәсіпкерлерден қарыздарды қайтаруға қатысқан бір топ адам түскен.

«Қылмыстық топтың жетекшісі соңғы кездері өзін қоғам белсендісі ретінде көрсетіп, жастарды тәрбиелеу жөніндегі патриоттық қозғалыстың атын жамылып, «қайырымдылық қоғамдық қорын» құрған.

Ол қылмыс әлемінің серкесі имиджінен алшақтап, «әділеттілікті жақтаушы» блогер ретінде әлеуметтік желілерде белсенді бола бастаған. Қалада күзет машиналарының ілесіп жүруімен ғана қозғалған», - делінген ІІМ хабарламасында.

Қылмыстық топ басшысы өзінің қорына жарнаны кәсіпкерлерден алып отырған. Ерікті түрдегі жарна делінгенімен, кәсіпкерлерден ақша бопсалау бойынша қылмыстық схема жасалған, орнына «қылмыс әлемінен қамқорлық» уәде еткен. Жарна төлеуге келіспеген бизнес өкілдеріне қорқыту, зорлық әрекеттері қолданылған.

«Полицияға топтың 9 мүшесі жеткізілді, 20-дан астам тінту жүргізіліп, «қаңтар» оқиғасы кезінде облыстық Полиция департаментінен ұрланған «Калашников» автоматы, екі «Макаров» тапаншасы, мылтық, травматикалық тапанша мен басқа да суық қару тәркіленді.

Сонымен қатар қылмыстық топтан екі келіден астам есірткі алынды. Қылмыстық топқа қатысушыларға қатысты бопсалау, қару мен есірткіні заңсыз сақтау бойынша 12 қылмыстық іс қозғалды.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда», – дейді ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті.

Байланысты жаналықтар

Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

19.03.2025

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

24.02.2025

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025
MalimBlocks
Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

Тоқаев президенттікке келген жылдары түркі мемлекеттерінің бірқатарымен ынтымақтастықтың жаңа деңгейі қалыптасты

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабековтің 2019 жылы "Қазақ әдебиетіне" берге сұхбатын қайыра жариялауды құп көрдік. Жазушы мұндай әдебиет пен қоғам туралы ойларын ортаға салған.

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін