457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Жаза өтеушілердің тағдырына немқұрайлы көзқарас болмау керек

Көрнекі сурет / Фото: qyzyljarnews.kz

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «№13 мекемесі» республикалық мемлекеттік мекемесінде жазасын өтеуші тұлғаларды оңалту, оларды бостандыққа шығару мәселесі бойынша арнайы есепке алу тобының инспекторымен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп отырады.

Осы шаралардың бірі – жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстыру. Сотталғандарды жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату мәселесі кезінде туындайтын кедергілердің бірі – сотталғандардың келтірген залалды толық өтемегендігі болып табылады. Аталған кедергіні жою мақсатында №13 мекемесіне келген сотталғандарды жұмыспен қамтып, келтірілген залалды өтеуіне көмек көрсетіледі. Қазақстан Республикасының 15 шілде 1996 жылғы N 28-1 әкімшілік қадағалау бойынша Заңын басшылыққа ала отырып, қоныс-колониясына жаңадан келген сотталғандарға жаза өтеу барысында құқықбұзушылықты болдырмау және оның тәртібі мен жағдайы туралы түсіндіріледі. «Әкімшіліктік құқықбұзушылық» Заңына сәйкес егер қылмыскер жазасын өтеп болғаннан кейін босатылу барысында әкімшіліктік құқықбұзушылығы болса, осыған байланысты оған әкімшіліктік қадағалау қойылатындығы ескертіледі.

Бас бостандығынан айыру органдарында жаза өтеушілердің тағдырына немқұрайлы көзқарас болмауы қажет. Есесіне, оларға қоғамымыздың толыққанды мүшесі ретінде қарап, жазасын өтеп шыққаннан кейін еліміздің әрбір саналы азаматы мен мемлекеттік органдар тарапынан да жаңа өмірге бейімделуге қолдау көрсету тоқтамауға тиіс.

                             Т.Абай,

Арнайы есепке алу тобының

аға инспекторы, әділет аға лейтенанты