Жұмысшылар құқығын мемлекет қорғайды

  • 09.11.2021

Еңбек кодексінің ең басты шарты адам еңбегінің қаналмауы, оның тиісінше бағалануы. Егер адам бір мекемеде жұмыс істесе және ол өзіне тиіс емес қызметтерді қоса атқарса оған міндетті түрде қосымша ақы төленуге тиіс. Ол енді қалай десеңіз де заңды нәрсе. Бірақ, өзіне тиесілі заңды бекітілген жалақысын ала алмай жүретіндер де аз емес. Әсіресе, бұрынырақта жұмысқа жалдап, артынша «лақтырып» кетіпті дейтін алааяқтықтар жайлы жиі еститінбіз. Мұнда тек жұмыс беруші алааяқтың ғана емес, жұмыс істеушінің де сауатты болуы маңызды. Дегенмен, кейде ешқандай келісім-шартсыз өзара ауыз екі келісіммен жұмыс істейтіндер аз емес. Бірақ, бұл олардың бәрін осылай тегін жұмысқа сала беруге болады дегенді білдірмейді. Егер, олардың жұмыс істегені дәлелденсе және оған лайық уәде етілген ақы төленбесе, оны мемлекеттік органдар өндіріп бере алады. Бұл енді шетін жағдай.

Ал, негізгі еңбек дауы кәсіпорындардың қызметкерлеріне жалақы төлей алмау жағдайында жиі кездесіп тұрады.  Биыл, мәселен жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 20,6 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғап, жалақыларын өндіріп берген. Демек, осынша адам өзі жұмыс істеген мекемеден тиісті жалақысын ала алмаған.

«Ағымдағы жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 847 кәсіпорнында 21,9 мың жұмыскердің алдында 5 млрд  теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады. Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 918 нұсқама беріліп, 118,9 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 20,6 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 4,9 млрд теңге төленді», делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі таратқан ақпаратта.

Қиын-қыстау жағдай қашан да болады, бірақ, сондай кездің бәрінде жұмысшылардың жалақысын төлемей кетуге болмайды. Егер, қысқарту болатын болса, алдын ала ескерту керек немесе жалақы жетіспеушілігі байқала бастағанда алдын ала қам жасалып, тиісті орындарға хабарлану керек. Егер кәсіпорын банкрот болатындай жағдай туса, ол кәсіпорын сақтандыру компаниясы арқылы қызметкерлеріне жалақы өндіріп беруге тиіс. Мұның бәрі, әрине, алдын ала, заңды түрде атқарылуға тиіс. Егер, олай болмаған жағдайда мемлекеттің араласуымен екі жаққа да тиімді шешім қабылдануға тиіс болады.

Байланысты жаналықтар

Бала зорлағандар қалай жазаланатыны белгілі болды

28.11.2023

Су тасқынынан қорғау жұмыстары қалай жүргізіледі?

28.11.2023

Оралда куратор студенттерге арақ ішуге рұқсат берген

28.11.2023

Абылай Мырзахметовтің қамау мерзімі 10 желтоқсанға дейін ұзартылды

27.11.2023

Оралда тұрғынның басына кірпіш құлап, көз жұмды

27.11.2023

Тағы да шахтада жұмысшылар қаза тапты

27.11.2023
MalimBlocks
Бала зорлағандар қалай жазаланатыны белгілі болды

Мұндай әрекетке барған адам келесіде ауыр қылмыс жасайды

Су тасқынынан қорғау жұмыстары қалай жүргізіледі?

Оралда куратор студенттерге арақ ішуге рұқсат берген

Орал қаласындағы жоғары көпсалалы Болашақ колледжінің оқытушысы әрі екінші курс студенттерінің кураторы Айгерім Жасталапқызы кәмелет жасына толмаған (16 жас) студенттерге арақ, вино ішуге рұқсат берген. Мұны растайтын аудиофакт Malim.kz  редакциясына келіп түсті.

Абылай Мырзахметовтің қамау мерзімі 10 желтоқсанға дейін ұзартылды

"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының экс-басшысы Абылай Мырзахметов 10 желтоқсанға дейін қамауда отырады. Бұл туралы Астана сотының баспасөз қызметіне сүйенген жергілікті ақпарат құралдары жазды.

Оралда тұрғынның басына кірпіш құлап, көз жұмды

Оқиға Назарбаев даңғылы бойында болған. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиға бойынша тергеп-тексеру жүріп жатқанын хабарлады.

Тағы да шахтада жұмысшылар қаза тапты

1981 және 2002 жылғы үңгуші қызметкерлер жарақат алған