Әлем чемпионатының үшінші күні.  Қай құрамалар кездеседі? 

Malim Админ

  • 23.11.2022

Қатарда өтіп жатқан футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының үшінші күнінде, 23 қарашада F тобында екі кездесу өтеді.   Аталған топта алғашқы кездесуде Марокко және Хорватия құрамалары шеберлік байқасады. Ойын елорда уақытымен 16:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Африка құрлығының өкілдері дүбірлі додада алтыншы рет  бақ сынайды. Олар 1986 жылы 1/8 финалға дейін жетті. Ал хорватиялықтар биыл алтыншы мәрте айтулы аламанға келді. 2018 жылы күміс жүлдегер болды.

Екі құрама бұған дейін 1996 жылы жолдастық кездесуде 2:2 есебімен тең тарқасты. Аталған топтағы Бельгия мен Канада кездесуі «Qazsport» телеарнасынан елорда уақытымен 01:00-де тікелей эфирде көрсетіледі.

Бельгиялықтар биыл әлем чемпионаты финалдық сатысына алтыншы мәрте келіп отыр. Олар 2018 жылы қола жүлдеге қол жеткізді.

Ал Канада дүбірлі додаға осымен екінші мәрте келді. 1986 жылы топтық кезеңнен аса алған жоқ.

1989 жылы жолдастық кездесуде Бельгия аталған қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсті. Бұл - әзірге екі құрама арасындағы жалғыз ойын.

Еске салсақ, бүгін, 23 қарашада Е тобында екі кездесу  өтеді.  

Сондай-ақ, 22 қарашада С тобында Аргентина Сауд Арабиясынан жеңілсе, Мексика мен Польша тең есеп тіркеді.  

Ал D тобында Франция Аустралияны ірі есеппен ұтса, Дания мен Тунис командалары  тең түсті.           

Байланысты жаналықтар

Криштиану Роналдуның ұлы да Португалия құрамасына шақырту алды

06.05.2025

«Елімай» футбол клубында алғаш рет қыздар құрамасы құрылды

01.05.2025

"Ақтөбе" футбол клубында ойыншылардың тамағына бөлінген қаражат жымқырылған

30.04.2025

Қазақ футболын сынаған Самат Смақов ойындардан шеттетілді

24.04.2025

Тоқаев​​​​​​​ Хорватияның сыртқы істер министрін қабылдады

23.04.2025

Самат Смақов: Қазақ футболы кері кетіп барады

20.04.2025
MalimBlocks
Криштиану Роналдуның ұлы да Португалия құрамасына шақырту алды

«Елімай» футбол клубында алғаш рет қыздар құрамасы құрылды

Таныстырылымға облыс әкімі Берік Уәли қатысты

"Ақтөбе" футбол клубында ойыншылардың тамағына бөлінген қаражат жымқырылған

Қазақ футболын сынаған Самат Смақов ойындардан шеттетілді

Тоқаев​​​​​​​ Хорватияның сыртқы істер министрін қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев​​​​​​​ Хорватияның сыртқы және еуропалық істер министрі Гордан Грлич-Радманды қабылдады

Самат Смақов: Қазақ футболы кері кетіп барады