Асқар Жанасбаев Арнольд Шварценеггер байқауында жүлде жеңіп алды

Ол 2 мың спортшы арасынан шыққан үздіктер қатарына енді

Мәди Саматұлы

  • 27.10.2024

Семейлік Асқар Жанасбаев Arnold Classic Europe байқауында үшінші орын иеленді. Ол 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, 2 мың қатысушының ішінен қара үзіп шыққан, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

Бодибилдинг байқауы қазанның ортасында Испанияның Лас-Росас-де-Мадрид қаласында өткен еді. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен екі мыңнан астам элиталық спортшы жиналған.

Қатысушының көптігіне байланысты алдымен үздік ондық, кейін үздік алты спортшы анықталып, соңында жүлделі үштікке кіргендердің қатарында Асқар Жанасбаев та болған.

Осы медальді бодибилдингті бастағаннан армандадым. Бүгін арманыма қол жеткен күн екен! Арнольдтың суретімен медаль үйінде ілініп тұрғаны әр бодибилдердің арманы шығар. Бұл менің осындай Халқаралық дәрежедегі алғашқы жарысым. Алғашқы және қандай жарыс десеңіздерші және бірінші рет шыға салып қола медаль алудың өзі жеңіс. Бірақ тағы жұмыс істеу керкек! Тоқтамаймыз. Бұл әлі басы), деп жазды ол өз парақшасында.

Айта кету керек, Арнольд Шварценеггердің өзі Испаниядағы байқауға видеобайланыс арқылы шығып, барлық қатысушыға сәттілік тілеген. Бұл уақытта ол Mr. Olympia турнирінің Лас-Вегастағы 60 жылдық мерейтойына қатысып жатқан болатын.

Фото: instagram/askarzhanasbayev