Астанада қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогы өтеді

Арман Қайыпхан

  • 20.11.2024

Астанада ерлер мен әйелдер арасындағы қоян-қолтық жекпе-жектен өтетін әлем кубогының финалына 15 елден 200-ден астам спортшы қатысады, деп хабарлайды Malim.kz.

Мұндай деңгейдегі сайыс ел тарихында алғаш рет өтпек.

Жарыста сынға түсетін жауынгерлердің арасында Испания, Швейцария, Марокко, Үндістан, Өзбекстан, Ресей, Моңғолия, Беларусь, Египет, Румыния, Тунис, Германия, Таиланд, Қазақстан және тағы басқа елдердің өкілдері бар.

Жарысқа қатысушылар – әлем, Еуропа, Азия чемпиондары, әлем кубогының иегерлері және халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері.

Әлем кубогын ұйымдастырушылар – ҚР Қорғаныс министрлігінің Армия орталық спорт клубы мен еліміздегі Қоян-қолтық ұрыс қауымдастығы.

Қоян-қолтық ұрыс – әскери-қолданбалы спорт түрі. Ол елдің барлық күштік құрылымдарында бар. Қарулы күштерде ол әскери қызметшілерді жауынгерлік даярлау бағдарламасына енгізілген. Қоян-қолтық ұрыспен айналысу әскери қызметшілерді төзімділікке, рухтың беріктігіне тәрбиелейді және оларға қойылған мақсатқа жетуге көмектеседі, – деді Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының бастығы, полковник Арман Әбеуов.

Спортшылар «Сайыс», «Өзін-өзі қорғау» және «Өзін-өзі қорғау 1+1» пәндерінде 10 салмақта өнер көрсетуі тиіс.

Кубокқа армия спортшылары, қоян-қолтық ұрыстан, панкратионнан, ММА және жекпе-жектен халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, қоян-қолтық ұрыстан Азия және әлем чемпионаттарының қола және күміс жүлдегері, ХІХ Азия ойындарының қола жүлдегері, ефрейтор Аян Тұрсын, қоян-қолтық ұрыстан ТМД чемпиондары, лейтенанттар Арман Ерменбет пен Айдын Нұриддинов, қоян-қолтық ұрыстан халықаралық турнирдің чемпионы, сержант Санат Садықов, панкратионнан әлем чемпионатының жүлдегері Абылай Шәкірбеков қатысады.

Елордада қонақтарды дәстүрлі бауырсақ пен қымызбен қарсы алды.

Қоян-қолтық жекпе-жектен әлем кубогы 21 қарашада басталады.  Финалдық жекпе-жекті Халықаралық қоян-қолтық ұрыс федерациясының президенті, бүкілресейлік және халықаралық чемпионаттар мен қоян-қолтық ұрыс пен каратэ турнирлерінің чемпионы және жүлдегері Сергей Астахов бақылайды.

Фото: Қорғаныс министрлігі

Байланысты жаналықтар

Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

15.04.2025

Жәнібек Әлімханұлының алдағы жоспары белгілі болды

14.04.2025

Қазақстандық оқушылар Жазғы гимназиадада 11 медаль алды

13.04.2025

Әлем чемпионы ауылында қора тазалап жүр

13.04.2025

Футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың табысы қанша?

12.04.2025

Қазақстан футбол федерациясының басшылығына шетел азаматы тағайындалды

12.04.2025
MalimBlocks
Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

Жәнібек Әлімханұлының алдағы жоспары белгілі болды

Қазақстандық оқушылар Жазғы гимназиадада 11 медаль алды

Әлем чемпионы ауылында қора тазалап жүр

Футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың табысы қанша?

Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду жылына кем дегенде 350 миллион еуро табыс табады

Қазақстан футбол федерациясының басшылығына шетел азаматы тағайындалды