457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Азия чемпионаты: Жас атлеттер тағы 3 медаль иеленді

Қазақстан құрамасы ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионатында тағы да медальдармен қуантты, деп хабарлайды Malim.kz.

Барлық үш жүлдені де 79 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен жігіттер иеленді.

17 жасқа дейінгі атлеттер арасындағы жарыста Нұржан Жұмабай тұғырдың ең биік сатысына көтерілді. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 315 келіні көтерді.

Сонымен қатар серпе көтеруде Азия рекордын жаңартты - 175 келі. Ал, жұлқа көтеруде Нұржан 140 келіні бағындырды.

U20 санатындағы Азия чемпионатында Едіге Ембердіге тең келер ешкім болмады.

Ол да жұлқа көтеруде құрлық рекордын орнатты — 194 келі. Серпе көтеруде 153 келіні еңсерді. Қоссайыс нәтижесі бойынша 347 келіні бағындырып, алтын медаль жеңіп алды.

U20 жарысында екінші орынды қазақстандық Ақжол Құрманбек иеленді. Ол қоссайыста 343 (151+192) келі нәтижесін көрсетті.

Фото: ҰОК