457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Тарихи жеңіс: қазақстандық семсерлесушілер Әлем чемпионатында қола жүлде иеленді

Мәдениет және спорт министрі Ербол Мырзабосынов 2025 жылғы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алған семсерлесуден Ұлттық құрамамен кездесті, деп хабарлайды Malim.kz.

Министр спортшыларды тарихи жетістіктерімен құттықтап, олардың тоғыз дүркін Олимпиада чемпиондарын сенімді түрде жеңгенін атап өтті.

Қазақстан командасы сапында Элмир Алимжанов, Вадим Шарлаимов, Кирилл Проходов және Руслан Курбанов өнер көрсетті.

Ведомство басшысы Қазақстан семсерлесу федерациясының президентіне, мемлекеттік жаттықтырушы Тимур Байтасовқа және құраманың табысына үлес қосқан кеңесші бапкер Олександр Горбачукқа алғыс білдірді. Ол 2024 жылы федерацияның шақыруымен келген болатын. Бұған дейін Горбачуктың жетекшілігімен Жапония құрамасы Олимпиада және Азия ойындарының чемпиондары атанған.

Ербол Мырзабосыновтың айтуынша, семсерлесудегі жетістіктер Мемлекет басшысының тапсырмаларының нақты орындалып жатқанын көрсетеді. Халықаралық жаттықтырушылық тәжірибе енгізіліп, отандық спортшылардың біліктілігін арттыру және жаңа спорт түрлерін дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Соның нәтижесінде Қазақстан құрамасы әлемнің үздік бес командасының қатарына енді.

Фото: https://t.me/KZgovernment