457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Анна Данилина WTA 250 турнирінің чемпионы атанды

Қазақстандық теннисші Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен жұптык, сында Кливлендте өткен WTA 250 сериялы турнирінің чемпионы болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Финалдық матчта бұл жұп Тайвань мен Қытайдың теннисшілері Хао Чань мен Синью Яньды екі сетте 7:6, 6:3 есебімен жеңді. Қазақстан-сербия дуэті үшін бұл титул алдағы US Open турниріне дайындықтағы маңызды кезең болды.

Кливлендтегі жеңісі үшін Данилина мен Крунич WTA рейтингінде 250 ұпай алып, 11480 АҚШ долларын бөлісті. Қазіргі уақытта Анна WTA жұптық рейтингінде 10-орынды сақтап тұр.

Биылғы маусымда Данилина мен Крунич «Ролан Гаррос» финалына да шыққан болатын. Енді спортшылар келесі аптада басталатын Нью-Йорктегі US Open турнирінде өз жетістіктерін жалғастыруға тырысады.

Фото: olympic.kz