Азия ойындары: Бүгінгі жарыс нәтижесі

Арман Қайыпхан

  • 10.02.2025

Туризм және спорт министрлігі Харбинде өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында 10 ақпанда ел құрамасының өнер көрсеткен нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Фристайл-акробатика: Қазақстан құрамасы аралас командалық сында күміс медаль жеңіп алды. Команда сапында Аяна Жолдас, Асылхан Асан және Шерзод Хаширбаев өнер көрсетті.

Шаңғы жарысы:Ерлер арасында 10 шақырымға еркін стильде жарыста Ұлттық құрама спортшысы Олжас Климин қола жүлдегер атанды.

Ал Владислав Ковалев мәре сызығын 6-шы, Наиль Башмаков 10-шы, Ернар Нұрысбеков 16-шы болып кесті.

Конькимен жүгіру: Ерлер арасындағы 500 метрге жарыста Евгений Кошкин 4-ші, Алтай Жәрдембекұлы 9-шы, Никита Важенин 15-ші және Роман Биназаров 16-орынға ие болды.

3000 метрге әйелдер бәсекесінде Надежда Морозова 4-ші, Кристина Шумекова 6-шы, Арина Ильященко 12-ші нәтиже көрсетті.

Ерлер арасында командалық спринтте Ұлттық құрамамыз 4-орыннан көрінді. Команда сапында Алтай Жәрдембекұлы, Никита Важенин, Артур Галиев өнер көрсетті.

Керлинг:Қазақстан әйелдер құрамасы бүгінгі күніннің бірінші кездесуінбе Тайбэй спортшыларын ірі есеппен жеңсе (14:0), екінші матчта Қытай құрамасынан жеңіліп қалды.

Ал керлингтен ерлер Ұлттық құрамасы Филиппинмен ойнап, жеңіліп қалды. Есеп: 1-4.

Шайбалы хоккей: Еліміздің ерлер құрамасы кезекті жеңісіне қол жеткізді. Бұл жолы Олег Болякин шәкірттері Оңтүстік Корея командасынан басым түсті. Есеп: 2-1.

Осылайша, ұлттық құрама топтан жеңіліссіз ширек финалға шықты.
Фото: gov.kz

Байланысты жаналықтар

Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

15.04.2025

Жәнібек Әлімханұлының алдағы жоспары белгілі болды

14.04.2025

Қазақстандық оқушылар Жазғы гимназиадада 11 медаль алды

13.04.2025

Әлем чемпионы ауылында қора тазалап жүр

13.04.2025

Футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың табысы қанша?

12.04.2025

Қазақстан футбол федерациясының басшылығына шетел азаматы тағайындалды

12.04.2025
MalimBlocks
Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

Жәнібек Әлімханұлының алдағы жоспары белгілі болды

Қазақстандық оқушылар Жазғы гимназиадада 11 медаль алды

Әлем чемпионы ауылында қора тазалап жүр

Футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың табысы қанша?

Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду жылына кем дегенде 350 миллион еуро табыс табады

Қазақстан футбол федерациясының басшылығына шетел азаматы тағайындалды