«Барыс» хоккей клубының спорт мектебінен жоғары лигаға бірде-бір хоккейші шықпаған

Malim Админ

  • 09.01.2025

«Барыс» хоккей клубының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде бірнеше жыл бойы спортшылар тәрбиеленсе де, әлі күнге дейін бірде-бір түлегі Ұлттық хоккей лигасына шықпаған. Клубтың бас директоры Нұрлан Оразбаев мектеп командаларының жағдайын түсіндіріп, олардың алдында тұрған қиындықтар туралы мәлімдеді.

Еске сала кетейік, 7 қаңтар күні «Барыс» хоккей клубы балалар командалары қаржылық қиындықтарға байланысты уақыттан бұрын жарыстардан шығатынын хабарлаған еді. Артынша, әлеуметтік желіде ата-аналары клуб басшылығына үндеу жариялады. Осы оқиғадан кейін, 9 қаңтар күні «Барысты» бас директоры Нұрлан Оразбаев Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновпен кездесті.

- Министр Ербол Мырзабосыновпен кездесу барысында балалар және жасөспірім командаларының 2024/2025 маусымына қатысуын жалғастыру туралы шешім қабылданды. Дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын Sport qory бөлетін болды.  Ал федералдық округ біріншілігі мен аймақаралық жарыстарға қатысу мәселесі маусым соңында талқыланады», – деді клуб басшысы.

Сонымен қатар, Оразбаевтың айтуынша, жасөспірім хоккейшілер көп уақытын жолда өткізеді, бұл олардың физикалық және психоэмоционалдық тұрғыда шаршауына әкеледі. Жас командалар Қазақстан чемпионаты мен Ресей біріншілігінде ойнап, маусым ішінде 60-70 ойын өткізеді. Бұл балалар үшін үлкен жүктеме болатыны айтылды.

Фото: hcbarys.kz  

Байланысты жаналықтар

Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

15.04.2025

Жәнібек Әлімханұлының алдағы жоспары белгілі болды

14.04.2025

Қазақстандық оқушылар Жазғы гимназиадада 11 медаль алды

13.04.2025

Әлем чемпионы ауылында қора тазалап жүр

13.04.2025

Футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың табысы қанша?

12.04.2025

Қазақстан футбол федерациясының басшылығына шетел азаматы тағайындалды

12.04.2025
MalimBlocks
Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

Жәнібек Әлімханұлының алдағы жоспары белгілі болды

Қазақстандық оқушылар Жазғы гимназиадада 11 медаль алды

Әлем чемпионы ауылында қора тазалап жүр

Футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың табысы қанша?

Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду жылына кем дегенде 350 миллион еуро табыс табады

Қазақстан футбол федерациясының басшылығына шетел азаматы тағайындалды