Дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілді

Malim Админ

  • 28.04.2023

20 мыңнан астам спорттық-бұқаралық іс-шара өткізу, 113 жаңа спорт нысанын салу, еліміз бойынша спорт инфрақұрылымдарын жаңарту және қайта жабдықтау, спорттық медицинаны дамыту, спортшылар мен жаттықтырушыларға ынталандыру төлемдері, саланы цифрландыру және тағы да басқа маңызды жобалар. Асхат Оралов Мәдениет және спорт министрлігі әзірлеген Қазақстан Республикасының Дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасындағы маңызды міндеттерге тоқталды.

Біз әзірлеген Қазақстан Республикасының Дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілді. Онда елімізде осы салаларды дамытудың жаңа бағытын айқындадық, бұқаралық спортқа, оның ішінде балалар мен жастар арасында, азаматтардың барлық санаттары үшін дене шынықтыру және спортпен шұғылданудың жалпыға қолжетімділігіне, дене шынықтыруға, әуесқой және кәсіптік спортқа тең көзқарасқа, жоғары жетістіктер спортын және бейімделгіш спортты дамытуға баса назар аудардық.

Мысалы, 2029 жылға дейін жыл сайын еліміз бойынша 20 мыңнан астам спорттық-бұқаралық іс-шара өткізуге ниеттіміз. Ал ауылдық жерлерде осы бағытты дамыту үшін ауылдағы спорт нұсқаушыларының саны 4 мыңға дейін ұлғаяды. Мектептер мен жоғары оқу орындарының жанынан тұрақты негізде жұмыс істейтін спорт клубтары мен командалар құрылады. Олардың арасында аудандық, облыстық және республикалық жарыстар өтеді.

Халықтың белгілі бір тобы: ерекше қажеттіліктері бар адамдар, мемлекеттік қызметшілер, медицина қызметкерлері, БАҚ өкілдері, қаржы құрылымдары және т.б. арасында спартакиадалар ұйымдастырылады.

Президенттік тестілердің нормативтері жаңартылды. Атап айтқанда, спорт түрлері азайды, ал оларды тапсырған азаматтарға арнайы сертификат беріледі. Егде жастағы қазақстандықтарға ерекше көңіл бөлінеді. Әр түрлі жастағы азаматтарды қамтитын «қолжетімді спорт» жобасын іске асыру жалғасады. Еліміздің барлық өңірлерінде скандинавиялық жүріс, йога және т. б. сабақтар ұйымдастырылады.

Ұлттық спорт түрлерін насихаттауға спорттық-бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде ауылдық жерлерде өткізу арқылы қол жеткізілетін болады. Мысалы, елімізде V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Қазақстанның солтүстік өңірлерінде Ұлттық спорт түрлерін дамытуға ерекше назар аударылады.

113 жаңа спорт нысанын салу, 20-сын жаңарту және жұмыс істеп тұрған 6 спорт нысанын қайта жарақтандыру жұмысы жалғасады. Ауылдық жерлерде шағын бюджетті жазықтық спорт құрылыстарына және модульдік үлгідегі аз шығынды, тез салынатын спорт кешендеріне басымдық беріледі. Сондай-ақ, министрлік жұмыс істеп тұрған дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарына түгендеу жүргізеді. Бизнесті спорттық инфрақұрылым салуға ынталандыру жөніндегі шаралар әзірленетін болады. Мысалы, нысанды салу шығындарының бір бөлігін өтеу.

Олимпиадалық резервті дайындау мақсатында бүкіл ел бойынша жаттығу орталықтары құрылады, онда жыл бойы жетекші спортшылар да, басым спорт түрлері бойынша барлық дарынды спортшылар да дайындалады. Бұл орталықтарда жұмыс істеуге ғылыми қызметкерлер де тартылады. Ал облыстардың және Республикалық маңызы бар қалалардың құрама командаларын дайындау үшін Қазақстанның барлық өңірлерінде Астананың үлгісімен олимпиадалық және олимпиадалық емес түрлер бойынша спортты дамыту дирекциясын құру жоспарланып отыр.

Жаттықтырушы-оқытушыларға спортшылардың жоғары нәтижелері және оларды спорттық дайындықтың келесі кезеңіне бергені үшін ынталандыру төлемдері енгізіледі, бұл жас таланттардың алға жылжуына көмектеседі, ал мамандарға қосымша мотивация береді. Алдағы жазғы және қысқы Олимпиадаға дайындық мақсатында «Париж-2024» және «Милан-2026» бағдарламалары іске асырылады, олардың шеңберінде біз спортшыларға жан-жақты қолдау көрсететін боламыз.

Байланысты жаналықтар

Жәнібек Әлімханұлының кезекті қарсыласы белгілі болды

08.10.2024

Чемпиондар жаңарды: Шымкентте бокстан халықаралық турнир аяқталды

04.10.2024

Жәнібек Әлімханұлы Андрей Михайловичті нокаутқа түсірді

04.10.2024

WBO Жәнібек Әлімханұлына чемпиондық титулын қорғауға ордер берді

04.10.2024

Қарсылас - азулы Аргентина. Қазақ футзалшылары Мессидің жерлестерін жеңе ала ма?

30.09.2024

Қазақстан үстел теннисінен Грузияда өткен турнирде алтын алды

30.09.2024
MalimBlocks
Жәнібек Әлімханұлының кезекті қарсыласы белгілі болды

Чемпиондар жаңарды: Шымкентте бокстан халықаралық турнир аяқталды

Жәнібек Әлімханұлы Андрей Михайловичті нокаутқа түсірді

Осылайша жаңа зеландиялық боксшыны сабасына түсірді

WBO Жәнібек Әлімханұлына чемпиондық титулын қорғауға ордер берді

Қарсылас - азулы Аргентина. Қазақ футзалшылары Мессидің жерлестерін жеңе ала ма?

Екі құрама бұған дейін екі мәрте кездесті.

Қазақстан үстел теннисінен Грузияда өткен турнирде алтын алды

Финалда қазақстандықтар Беларусь командасын 3:1 есебімен жеңді