457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Дзюдошы Әбиба Әбужақынова әлемдік рейтингте 2-орынға көтерілді

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Мажарстан астанасы Будапешт қаласында мәресіне жеткен әлем чемпионатынан кейін дзюдошылардың әлемдік рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Malim.kz.

Әлемдік ұйым ұсынып отырған рейтингке сәйкес, үш отандасымыз өз салмақ дәрежелерінде ТОП-10 палуанның қатарына еніп отыр.

Мәселен, әйелдер арасындағы бәсекеде отандық дзюдо тарихында алғаш рет финалда белдесіп, күміс жүлдегер атанған Әбиба Әбужақынова (48 кг) рейтингте екі саты жоғарылап, 5662 ұпаймен 2-орынға жайғасты. 

Ерлер арасында Париж Олимпиадасының жеңімпазы, әлем чемпионы Елдос Сметов (9-орын) биылдыққа татамиге шықпаса да, әлі де әлемнің ең үздік 10 дзюдошының қатарында тұр. Сондай-ақ Париж Олимпиадасының қола, әлем біріншілігінің күміс жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев әлем чемпионатындағы нәтижесіне байланысты рейтингте 7 саты көтеріліп, ТОП-10 палуанның қатарына қосылды.

Бұдан бөлек, 60 келідегі Мағжан Шамшадин 19-орынға көтерілсе, Абылайхан Жұбаназар (81 кг) мен Нұрлыхан Шархан (100 кг) рейтингтегі орындарын сақтап қалды. Абылайхан 14-орында, Нұрлыхан 26-орында тұр. Әлем чемпионатында 90 келіде белдескен Мейірлан Максим бірден 36 саты көтеріліп, 41-орынға жоғарылады. Ол жаһандық доданың 1/8 финалында төрт дүркін әлем чемпионы (үшеуі командалық сайыста) жапониялық Гоки Тадзимадан жеңіліп қалған еді.

100 келіден жоғары салмақта белдесетін Ерасыл Қажыбаев та әлем чемпионатынан кейін жағдайын жақсартып алды. Рейтингте 7 сатыға жоғарылап, ТОП-20 дзюдошының қатарына қосылды.

Фото: olympic.kz