Екі қазақ жігіті бокстан Моңғолия чемпионатында топ жарды

Арман Қайыпхан

  • 17.01.2025

Ұланбатырда бокстан Моңғолия чемпионаты мәресіне жетті. Жарыста өнер көрсеткен жергілікті қазақ боксшылары екі алтын, бір күміс және бір қола медаль еншіледі, деп хабарлайды Malim.kz 1bol.kz сайтына сілтеме жасап .

Ел чемпионаты World Boxing ұйымының форматымен өтсе, әйелдер арасында IBA ұйымының форматымен болды.

Биыл Моңғолия тарихында алғаш рет екі бірдей қазақ чемпион атанды. Олардың бірі – 70 келіде өнер көрсеткен Жандос Асқарұлы (Баян-Өлгий). Жандос бұған дейін бір рет – күміс, тағы бір рет – қола жүлдегер атанған. Биыл топ жарды.

Сондай-ақ, аса ауыр салмақта (+90 кг) жұдырықтасқан Бекнұр Қалиұлы Моңғолияның үш дүркін чемпионы атанып отыр. Ол былтыр Тайландта өткен Азия чемпионатында қола медаль алып, Моңғолия қазақтары арасынан Олимпиада бағдарламасына кірген спорт түрінен құрлық чемпионатта жүлде алған алғашқы спортшы болып тарихта қалды. Сондай-ақ, ол бокстан ауыр салмақта құрлықтық чемпионатта медаль алған тұңғыш моңғолиялық боксшы атанды.

Әйелдер арасында 48 келіде Жанаргүл Бейсенбай финалда өнер көрсетті. Ақтық сында ол әлем чемпионатының күміс жүлдегері Лутсайхан Алтанцэцэгтен жеңіліп, күміс медальға ие болды. Жанаргүл осымен Моңғолия чемпионатында үшінші жыл қатарынан финалда бокстасып, үш жыл қатарынан күміс медаль алды. Ал, 2022 жылы ол қола медаль олжалаған.

Жанаргүл Налайх қаласының тумасы. Сонда туып, өскен.

Налайх қаласынан шыққан тағы бір қазақ қызы Құлын Алтынбекқызы 51 келіде қола жүлдеге қол жеткізді. Құлын Моңғолия чемпионатында алғаш рет медаль алып отыр.

Фото: 1bol.kz

Байланысты жаналықтар

Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

15.04.2025

Жәнібек Әлімханұлының алдағы жоспары белгілі болды

14.04.2025

Қазақстандық оқушылар Жазғы гимназиадада 11 медаль алды

13.04.2025

Әлем чемпионы ауылында қора тазалап жүр

13.04.2025

Футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың табысы қанша?

12.04.2025

Қазақстан футбол федерациясының басшылығына шетел азаматы тағайындалды

12.04.2025
MalimBlocks
Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

Жәнібек Әлімханұлының алдағы жоспары белгілі болды

Қазақстандық оқушылар Жазғы гимназиадада 11 медаль алды

Әлем чемпионы ауылында қора тазалап жүр

Футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың табысы қанша?

Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду жылына кем дегенде 350 миллион еуро табыс табады

Қазақстан футбол федерациясының басшылығына шетел азаматы тағайындалды