Енді легионерлерге бюджеттен ақша берілмейді

Арман Қайыпхан

  • 13.11.2024

Мәжіліс депутаттары дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша, сондай-ақ Туризм және спорт министрлігі бастамашылық еткен нормаларды қажетсіз (артық) заңнамалық реттеуді жою туралы заңнамалық түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Malim.kz.

Парламент Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының депутаты Нартай Сәрсенғалиев сөз басында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспарына сәйкес әзірленіп, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы №1243 қаулысымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілгенін еске салды.

«Заң жобасының негізгі новеллалары туралы әріптестерім өте өзекті мәселелерді көтеріп, нақты сұрақтарын қойды. Бәріне туризм және спорт министрі жауап берді.

Бұл Заң жобасы отандық спорттың жылдар бойы қордаланып қалған қадау-қадау мәселерін шешетін, бюджеттің бүйірін теспей сорып, спортқа бөлінген қаржыны мақсатсыз жұмсауды тоқтатады деп сенеміз. Себебі спортқа қыруар ақша бөлінгенін еткен еңбектен кеткен кемшілік көп екенін сіз бен біз үнемі айтып жүрміз. 

Заң жобасының жұмыс тобына кірген депутаттар бірнеше маңызды норманы енгізді. Мәселен, министрлік бұрын бекіткен, бюджетке қол салғаны болмаса, атының өзін ағайын білмейтін спорт түрлерін қазына қаржысынан қағу үшін нақты шешім қабылданды. Заңды түрде жоғары жетістіктер спорты деген түсінік еніп, оған кіретін спорт түрлері нақтыланды. Жоғары жетістіктер спортының ішінде жоғары жетістік көрсеткендері үшін басым спорт түрлері түсінігі енгізіліп, оның басымдықтары айқын көрсетілді», - деді «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі.

Ол өз сөзінде легионерлерге бөлініп жатқан есепсіз қаражат туралы қозғай отырып, проблемалы тұстарды айтып өтті.

«Қазақстанның ақшасын асауды білгенмен, алаңда үлкен жетістік жасауды білмеген легионерлерге мемлекеттің бюджеті есебінен де, квазимемлекеттік сектордың бюджеті есебінен де қаржы бөлуді тоқтату туралы норма қабылданды. Оған қоса бюджет қаржысының нақты қайда жұмсалуы керектігі айқын жазылды.

Ерекше жандарға көрсетілетін ерекше көмек «спортшыны алып жүретін адам» түсінігімен заңға енгізіліп оның шығындарын өтеу жолы да жазылды.

Діни экстрезим мен терроризм салаға енбеуі үшін профилактикалық жұмыстардың жүйесі де анық көрсетілді.

Бұқаралық спортқа жасалатын қолдау да Заң жобасында ашық жазылды. Ұлттық спорттың қарыштап дамуына әсер ететін бастамалар, оларды қаржатпен қамтамасыз ету қадамдары нақты көрсетілді. Бұл қысқа-нұсқа айтқандағы ақпаратым», - дейді Нартай Сәрсенғалиев.

Мәжілісмен сөзін жалғай отырып, жұмыс тобына мәжіліс депутаттарынан бөлек мүдделі мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және сарапшылар кіргенін де қозғап өтті.

Жұмыс тобының аясында:

- «спорттық медицина», «дене шынықтыру-спорт қоғамы», «спорттық даярлықтың ұлттық стандарттары» ұғымдарын енгізуге; «жоғары жетістіктер спорты», «спорттың басым түрлері», «Паралимпиада ойындары», «спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының командалары», «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың командалары», «спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командасының бас жаттықтырушысы» терминдерін нақтыланды. Сонымен бірге спорттық медицинаны дамытуға; спортшыларды даярлау стандарттарын әзірлеуге және бекітуге; дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану үшін ең төменгі жасты белгілеуге; сондай-ақ нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болғызбауға бағытталған нормалар көзделді.

«Жұмыс тобының 11 отырысы өтті, онда 130-дан астам түзету қаралды. Парламент Мәжілісінің барлық комитеттері заң жобасы бойынша қорытындыларын берді.

Құрметті әріптестер, баяндалғанның негізінде ұсынылған заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдауларыңызды сұраймын», - деп депутат сөзін аяқтады.

Депутаттар бірінші оқылымда заң жобасын қолдады.

Фото: ҰОК

Байланысты жаналықтар

Ұлттық қордан алынған қаражат қайда жұмсалады?

21.11.2024

Олжас Бектенов: Экономиканы әртараптандыру – Үкіметтің басты міндеттерінің бірі

21.11.2024

Дзюдодан Қазақстан чемпионаты сенсациямен басталды

15.11.2024

Қазақстандағы банктер үшін бірыңғай QR-код іске қосылады

15.11.2024

Еліміздегі футбол клубтарын қолдауға 200 млрд теңге бөлінген - Антикор

14.11.2024

Доллар құны күн сайын құбылып тұр

14.11.2024
MalimBlocks
Ұлттық қордан алынған қаражат қайда жұмсалады?

Оған қоса, министр қазір 17 жоба бар екенін атап өтті

Олжас Бектенов: Экономиканы әртараптандыру – Үкіметтің басты міндеттерінің бірі

Өңдеу өнеркәсібінің үлесі 47%, шикізат секторының үлесі 45%-ды құрады

Дзюдодан Қазақстан чемпионаты сенсациямен басталды

Қазақстандағы банктер үшін бірыңғай QR-код іске қосылады

Ол азаматтарға жылдам әрі ыңғайлы QR-төлем жасауға мүмкіндік береді

Еліміздегі футбол клубтарын қолдауға 200 млрд теңге бөлінген - Антикор

Доллар құны күн сайын құбылып тұр

13 қараша кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 492,22 теңге болған