457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

9 маусымда Медеуден Шымбұлаққа дейінгі жол жабылады

Бұл қала тұрғындарының тіршілігіне кедергі келтірмейді.

Жексенбіде Медеу мемлекеттік өңірлік табиғи саябағының аумағында жыл сайынғы Alatau Run-2024 тау жарысы өтеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Alatau Run-2024 – 3 негізгі тәртіптегі: жүгіру, велоспорт және скандинавиялық жаяу жүру бойынша: Медеу – Горельник, Медеу – Шымбұлақ жолы бойынша екі қашықтықтағы жаппай жарыстарды (сонымен қатар жаяу жүруді) біріктіретін біркүндік біркезеңдік тау жарысы.

Соған байланысты қала әкімдігінің мәлімдеуінше, сағат 07:30-дан 10:30-ға дейін Керей-Жәнібек Хандар көшесінің бойымен «Медеу» ЖТК іргелес бөлігіндегі автотұрақтан «Шымбұлақ» МКК-ға дейін көлік қозғалысы жартылай жабылады.

Әкімдіктің баспасөз қызметі бұл шара мен аталған көлік қозғалысының жабылуы қала тұрғындары мен қонақтарының жаяу жүруіне және серуендеуге кедергі келтірмейтінін айтты.

Фото: athletex.kz