Еуро-2024: ширек финалистер анықталды

Ширек финалдың ойындары кестесі жарияланды.

Сабина Асқарқызы

  • 03.07.2024

2 шілдеден 3-іне қараған түні футболдан Еуропа чемпионатының 1/8 финалдық матчтары аяқталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Алдымен Румыния және Нидерланд құрамалары кездесті. Бастапқыда-ақ Нидерланд фаворит болған.

Мюнхендегі «Альянц-Аренада» өткен матчтың 20-минутында шабуылшы Коди Гакпо Нидерландты алға шығарса, 63-минутта Гакпо екінші голын соқты. Бірақ төреші VAR-ды көрген соң голды есептемей қойды. Есесіне 83-минутта шабуылшы Дониэлл Мален есепті еселесе, 90+3-минутта Мален дубль авторы атанды. Нидерланд 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Екінші ойында Түркия мен Австрия кездесіп, Анадолы елінің өкілдері 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Түркиялық қорғаушы Мерих Демирал алғашқы минутта-ақ командасын алға шығарды. 59-минутта дәл осы Мерих Демиралдың баспен соққан добы қақпадан дәл табылды.

Араға жеті минут салып австриялық шабуылшы Михаэль Грегорич есеп айырмасымен қысқартқанымен, одан әріге шамасы жетпеді. Осылайша, Түркия Еуропа чемпионатының ширек финалисі атанды.

3 шілде күні Еуропа чемпионатының ширек финалдық матчтарының кестесі белгілі болды.

Ойын кестесі (Қазақстан уақытымен)

5 шілде

21:00: Испания – Германия

23:59: Португалия – Франция.

6 шілде

21:00: Нидерланд – Турция

23:59: Англия – Швейцария.

Фото: Instagram/euro2024

Байланысты жаналықтар

Еуро-2024. Бүгін Роналду мен Мбаппе арасында супер матч өтеді

05.07.2024

Қазақстан құрамасының футболшысы үйленді

05.07.2024

Режеп Тайип Ердоғанның ұшағы Астанаға қонды

03.07.2024

Еуро-2024. Нидерланд командасы жарыстың басты сенсациясын тоқтатты

02.07.2024

Еуро-2024. Бүгін 1/8 финалдың соңғы ойындары өтеді

02.07.2024

Роналду пенальтиден гол сала алмаса да, Португалия ширек финалға өтті

02.07.2024
MalimBlocks
Еуро-2024. Бүгін Роналду мен Мбаппе арасында супер матч өтеді

Қазақстан құрамасының футболшысы үйленді

Отандық қорғаушы сүйіктісіне үйлену туралы ұсынысты былтыр жасаған.

Режеп Тайип Ердоғанның ұшағы Астанаға қонды

Екі елдің Үкіметтері сауданың тұрақты көлемін кемінде $10 млрд деңгейінде жоспарлы түрде қамтамасыз ету бойынша жұмыс істеуде.

Еуро-2024. Нидерланд командасы жарыстың басты сенсациясын тоқтатты

Еуро-2024. Бүгін 1/8 финалдың соңғы ойындары өтеді

Бүгін Румыния-Нидерланд және Австрия-Түркия ойындары өтеді

Роналду пенальтиден гол сала алмаса да, Португалия ширек финалға өтті

Оның соққысын словениялық қақпашы Ян Облак қайтарды.