ФИФА әлем чемпионатындағы елдер санын 64-ке жеткізуі мүмкін

ФИФА 2030 жылы өтетін әлем чемпионатына қатысушы елдер санын 64-ке дейін арттыруды қарастыруда. Бұл туралы The New York Times басылымы хабарлады.
Мундиальдің 100 жылдығына орай жасалуы мүмкін бұл өзгеріс ұйым басшысы Джанни Инфантиноның қолдауына ие болған. Бұған дейін оның бастамасымен 2026 жылғы әлем біріншілігіне қатысушы елдер саны 32-ден 48-ге көбейтілген еді.
2030 жылғы турнир Испания, Португалия және Мароккода өтеді, ал алғашқы үш матч Уругвай, Аргентина және Парагвайда ұйымдастырылады. Егер ФИФА жаңа реформаны қабылдаса, Қазақстан сияқты құрамаларға әлем чемпионатына жолдама алу мүмкіндігі артуы ықтимал.
Фото: Getty Images