Магомед Адиев жантебірентерлік қоштасу хатын жариялады

Бапкер баршаға алғысын жаудырды

Мәди Саматұлы

  • 01.06.2024

Футболдан ұлттық құраманың экс-бас бапкері Магомед Адиев желідегі парақшасында жантебірентерлік қоштасу хатын жазды, деп хабарлайды Malim.kz.

Құрметті достар, құрметті қазақстандықтар! Қазақстан мен үшін жәй жұмыс орны ғана емес, Қазақстан мен үшін екінші үйіме айналды. Елдің бас командасының жаттықтырушысы болу – әр бапкердің арманы! Орнымнан кету туралы шешім маған оңай болған жоқ. Қазақстанға алғысым шексіз!, деп жазды бапкер.

Ол, сондай-ақ, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа шын жүректен алғыс айтқан. Мемлекет басшысының футболға жеке көңіл бөлгені және оны дамытуға қолдау көрсеткенін атап өтіп, ойыншыларды ынталандырып, жанкүйерлерді шабыттандыратынын айтқан.

Сонымен бірге, Қазақстан Футбол федерациясының басшысы Әділет Барменқұловқа да ерекше алғыс білдірген.

Маған және менің кәсібилігіме деген сеніміңіз мені шабыттандырады. Сіз маған тәлімгер болдыңыз және болып қала бересіз!, деп жазды Адиев.

Ұлттық құрама жігіттеріне, жаттықтырушылар штабына және федерацияның әкімшілік блогына да бірлескен жемісті жұмыс үшін шексіз алғысын жаудырған.

Әбетте, жанкүйерлерге де ерекше алғыс айтқан.

Сіздер бізді әрқашан қолдап, стадиондарда патриоттық атмосфераны қалыптастырып, қазақстандықтардың бірлігін көрсете отырып, сырт алаңдағы матчтарда да бірге жүрдіңіздер. Бұл құнды да ұмытылмас эмоциялар. Осындай ғажап жолды жүріп өткенім үшін, сеніміңіз бен қолдауыңыз үшін баршаңызға рахмет. Қазақстан жүрегімде мәңгі қалады, деді бапкер.

Фото: ҚФФ

Байланысты жаналықтар

Криштиану Роналдуның ұлы да Португалия құрамасына шақырту алды

06.05.2025

«Елімай» футбол клубында алғаш рет қыздар құрамасы құрылды

01.05.2025

"Ақтөбе" футбол клубында ойыншылардың тамағына бөлінген қаражат жымқырылған

30.04.2025

Қазақ футболын сынаған Самат Смақов ойындардан шеттетілді

24.04.2025

Самат Смақов: Қазақ футболы кері кетіп барады

20.04.2025

Футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың табысы қанша?

12.04.2025
MalimBlocks
Криштиану Роналдуның ұлы да Португалия құрамасына шақырту алды

«Елімай» футбол клубында алғаш рет қыздар құрамасы құрылды

Таныстырылымға облыс әкімі Берік Уәли қатысты

"Ақтөбе" футбол клубында ойыншылардың тамағына бөлінген қаражат жымқырылған

Қазақ футболын сынаған Самат Смақов ойындардан шеттетілді

Самат Смақов: Қазақ футболы кері кетіп барады

Футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың табысы қанша?

Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду жылына кем дегенде 350 миллион еуро табыс табады