Махмұд Сабырхан тұңғыш рет Азия чемпионы атанды

Өзге боксшыларымыз күміс медальді қанағат тұтты.

Сабина Асқарқызы

  • 11.12.2024

Махмұд Сабырхан ересектер арасында алғаш рет Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бокшымыз Махмұд Сабырхан 54 кг дейінгі салмақта Азия чемпионатының жеңімпазы атанды. Ол Таиландтың Чиангмай қаласындағы финалда өзбекстандық Шахзод Музаффаровты айқын басымдықпен жеңді. Төрешілер есебі: 4-1.

Қазақ спортшысы барлық раундта қарсыласына жойқын соққыларын дөп тигізіп, еш мүмкіндік берген жоқ.

Осыдан екі жыл бұрын Амман қаласындағы Азия чемпионатында Махмұд финалда сүрініп, 2-орыннан көрінген.

Ал Санжар Тәшкенбай күмісті қанағат тұтты. 48 кг дейінгі салмақтың аса тартысты өткен финалында жерлесіміз өзбекстандық Шодиержон Меликузиевке есе жіберді. Төрешілер есебі: 1-4.

Осылайша, 21 жастағы Санжар Азия чемпионатының екі дүркін жүлдегері атанды. Ол осыған дейін 2022 жылы Амман қаласында қарсылас шақ келтірмеген.

Сонымен қатар Оразбек Асылқұлова (57 кг), Дулат Бекбауов (67 кг), Абылайхан Жүсіпов (71 кг) өзбек боксшыларынан айласын асыра алмай, күміс жүлдені місе тұтты.

Фото: ҰОК

Байланысты жаналықтар

Боксшы Санжар Тәшкенбай Азия чемпионатының ширек финалына өтті

06.12.2024

Боксшы Махмұд Сабырхан үйленді

09.09.2024

Бауырым, бауырларым, қайтейік...

02.08.2024

«Елорда кубогы»: қазақстандық үш боксшы финалға шықты

17.05.2024

Қайрат Сәтжанов: Құрамадан бапкерлер мен біраз боксшылар кетеді

11.09.2021

Бокстан 7 жыл бұрынғы жетістікті қайталадық

24.04.2021
MalimBlocks
Боксшы Санжар Тәшкенбай Азия чемпионатының ширек финалына өтті

Боксшы Санжар Тәшкенбай Азия чемпионатының ширек финалына өтті

Боксшы Махмұд Сабырхан үйленді

Бауырым, бауырларым, қайтейік...

Сендердің еш кінәларың жоқ. Кінә бізде. Сендерге қорған бола алмаған...

«Елорда кубогы»: қазақстандық үш боксшы финалға шықты

Екі боксшының қарсыластары айқасқа шығудан бас тартты.

Қайрат Сәтжанов: Құрамадан бапкерлер мен біраз боксшылар кетеді

Бокстан 7 жыл бұрынғы жетістікті қайталадық

Польшаның Кельц қаласында бокстан жастар арасында әлем чемпионаты мәресіне жетті. Бұл сында еліміздің былғары қолғап шеберлері 2 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль алып, командалық есепте екінші орынға көтерілді.