457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Боксшы Санжар Тәшкенбай Голливуд жұлдызына айналды

Бокстан әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай Лос-Анджелестегі атақты Даңқ аллеясында өз есімі жазылған жұлдыз фонында түскен суретін әлеуметтік желілерде жариялады. Бұл туралы Malim.kz  Skifnews сайтына сілтеме жасап хабарлады.    


Желіде жарияланған суретте мәрмәр тақтада Санжардың есімі жазылғаны көрінеді.

Бұл Голливудтың Сауда палатасы ұсынған ресми жұлдыз емес, кез келген турист тапсырыс бере алатын имитация.

Мұндай "Даңқ жұлдызының" құны шамамен 35 еуроны (яғни 21 мың теңге шамасында) құрайды.

Әзіл ретінде жарияланғанына қарамастан, бұл жазба спортшының жанкүйерлері арасында үлкен қызығушылық тудырды. Көпшілік Санжар рингтегі жетістіктері үшін нағыз жұлдыз болуға әбден лайық деп есептейді.

Айта кетейік, Санжар Тәшкенбай бокста әлем чемпионы, Әлем кубогы кезеңінің алтын жүлдегері.

Фото: әлеуметтік желіден