«Өзбек тілін меңгеруіме тура келеді». Гуардиола Құсановтың алғашқы ойынына пікір білдірді

Өзбекстандық футболшының алғашқы ойыны сәтсіз өтті

Мәди Саматұлы

  • 26.01.2025

Ағылшындық «Манчестер Сити» футбол клубының бас бапкері Хосеп Гуардиола өзбекстандық Әбдіқадыр Құсановтың алғашқы ойынына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның сөзінше, Құсановқа оңай болмаған. Клубқа келе сала бар болғаны бір-ақ рет жаттығу өткізіп, содан кейін Джексон, Палмер, Мадуэке және Санчо сияқты ойыншыларға қарсы ойнаған.

Бұл — жас ойыншыны сатып алғанда болатын жағдай. Ол үйренеді. Иә, бастамасы жақсы емес, дегенмен мұндай жағдайлар — ең жақсы сабақ. Ол мұны түсінеді, бірақ ол әлі жас және міндетті түрде үйренеді. Мен оны сары қағаз алғандықтан ауыстырдым. Оны алмастырған Джон Стоунзға да алғашқы маусымында қиын болған еді, деді Гуардиола матчтан кейін.

Айта кетейік, өзбек ойыншысы матчтың 3-минутында өз командасының қақпашысына пас берем деп қателесіп, допты «Челси» шабуылшысы алып кеткен еді. Оның арты голға айналды. Ал 4-минутта сары қағаз алды. Сөйтіп, 57-минутта ауыстырылды.

Маған өзбек не орыс тілін меңгеруге тура келеді. Өйткені, ол ағылшынша сөйлемейді, сондықтан біз онымен сөйлеспедік. Уайымдаудың қажеті жоқ. Ол бар болғаны бір-екі жаттығу өткізді. Мен Джон Стоунзды жарақаттан кейінгі қалпына келуін тездеткім келмеді, әсіресе, алда Чемпиондар лигасы матчы бар екенін ескерсек. Футболшылардың бірлікте болғаны өте маңызды. Кез келген ойыншы қателік жіберуі мүмкін. Жанкүйерлер әрдайым жаңадан келгендерді қолдайды. Ол әлі жас. Әлі-ақ бәрін меңгеріп кетеді, деді бапкер.

Фото: sport24.ru

Байланысты жаналықтар

Ресми: Абдукодир Хусанов - "Манчестер Сити" ойыншысы

21.01.2025

Алтын алған өзбек боксшы шеттетіліп, Абылайхан Жүсіпов чемпион атанды

13.12.2024

Родри «Алтын доп» иегері атанды

29.10.2024

«Қатты доп тиген бе?». Қазақша сұрақ қоюды «хайп» деген Нұралы Әліптің басы дауға қалды

19.08.2024
MalimBlocks
Ресми: Абдукодир Хусанов - "Манчестер Сити" ойыншысы

Ол 45-нөмірмен ойнайды

Алтын алған өзбек боксшы шеттетіліп, Абылайхан Жүсіпов чемпион атанды

Өзбекс боксшысы Абылайхан Жүсіповті тістеп алғаны анықталды

Родри «Алтын доп» иегері атанды

Сарапшылар бастапқыда бұл сыйлықты бразилиялық футболшы алады деп топшылаған.

«Қатты доп тиген бе?». Қазақша сұрақ қоюды «хайп» деген Нұралы Әліптің басы дауға қалды

Қазақстандықтардың сүйікті футболшысы Нұралы Әліп қазақ тілінде сұрақ қойған журналисті айыптады.