Қарағандылық “Шахтердің” бұрынғы футболшысы 39 жасында қаза тапты

Қарағандылық "Шахтер" клубының және Хорватия құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Никола Покривач 39 жасында жол апатынан қаза тапты

Сұлу Бөлек

  • 19.04.2025

Қарағандылық "Шахтер" клубының және Хорватия құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Никола Покривач 39 жасында жол апатынан қаза тапты, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Жол апаты 18 сәуірде Карловац қаласында болған. Төрт көлік соқтығысқан апат салдарынан екі адам, соның ішінде Покривач, көз жұмды, тағы үш адам ауруханаға жеткізілген. Футболшы сол сәтте өз клубы – "Войничтің" жаттығуынан қайтып келе жатқан.

Спортшы туралы не белгілі?

Өз мансабында Покривач Хорватияның ересектер құрамасы сапында 15 матч өткізген. Ол "Вартекс", Загребтің "Динамосы", "Монако", Зальцбургтің "Ред Буллы", "Интер" (Запрешич), "Риека", Қарағандылық "Шахтер", "Маккаби" (Петах-Тиква) және "Славен Белупо" клубтарында ойнаған. Хорватияның екі дүркін чемпионы және Австрия чемпионы атанған.

"2015 жылдан бастап Покривач ауыр дертпен күресті. Бұл оны кәсіби футболдан кетуге мәжбүр етті. Алайда көп ұзамай ол төменгі лига клубтарында ойнап, футболға деген шексіз махаббатын тағы да дәлелдеді", – делінген Хорватия футбол одағының мәлімдемесінде.

Хорватиялық жартылай қорғаушы "Шахтерде" 2014-2015 жылдары өнер көрсетті. Ол "кеншілер" сапында 31 матч өткізіп, бір гол соқты және үш нәтижелі пас берген. Оның жалғыз голы армениялық "Ширакпен" өткен еурокубоктық ойында (4:0) соғылған.

2015 жылы Қазақстаннан кеткеннен кейін футболшыға Ходжкин лимфомасы (лимфа бездерінің қатерлі ісігі) диагнозы қойылды. Ол бұл ауруды үш рет жеңіп, қалыпты өмірге қайта оралған. 2014 жылы, Покривач "Шахтерде" ойнап жүрген кезде, оның қызы Ника дүниеге келген.

Фото: 24sata.hr

Байланысты жаналықтар

Қостанай станциясында пойыз бен көлік соқтығысты

10.05.2025

Ақтөбе облысында жүк көлігімен соқтығысқан автобус жүргізушісі қаза тапты

09.05.2025

Жыл басынан бері жол апатынан 9 мыңға жуық адам зардап шекті

05.05.2025

Таразда пойыз, жолаушылар автобусы және жеңіл көлік соқтығысқан

04.05.2025

Көлік бір топ адамды қағып кетті: полиция мәлімдеме жасады

27.04.2025

Жамбыл облысында полиция қызметкері жол апатынан көз жұмды

24.04.2025
MalimBlocks
Қостанай станциясында пойыз бен көлік соқтығысты

Ақтөбе облысында жүк көлігімен соқтығысқан автобус жүргізушісі қаза тапты

Жыл басынан бері жол апатынан 9 мыңға жуық адам зардап шекті

Таразда пойыз, жолаушылар автобусы және жеңіл көлік соқтығысқан

Көлік бір топ адамды қағып кетті: полиция мәлімдеме жасады

Жамбыл облысында полиция қызметкері жол апатынан көз жұмды